Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 6



бет1/86
Дата14.11.2019
өлшемі61,44 Mb.
#51811
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
6-сынып Қазақстан тарихы қмж

Қысқа мерзімді жоспар

7-сынып

Жылына 68 с, аптасына 2 c.




Сабақ : № 1

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан тарихы туралы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

Сабақтың мақсаты

Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету; 

Сабақ нәтижесі

Барлық оқушылар

тарих  пәнінің  ұғымымен  таныса  отырып   Қазақстан  тарихының жазбаша  және  заттай  деректер  негізінде және  тарихи  жәдігерлермен   таныса  Топтасып  жұмыс істеуге  бір – бірімен  ой  бөлісіп  қорытынды  жасауды, ойларын ашық  және  толық  жеткізуге  үйренеді.

Көптеген оқушылар

Оқушылар  тарих ұғымының  қалай  қалыптасып  дамуы  туралы заттай және  жазбаша  деректермен  таныса  келе тарих  пәні  ұғымының  негізін  түсінед

Кейбір оқушылар

Оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады



Бағалау критерийлері

Тарих пәні туралы білу.

Тарихтың негізін салушы тарихшылардың ғылыми зерттеулерінің маңызын анықтау.

Көне замандардан бастап орта ғасырлық тарихшылардың еңбектеріне тоқталып, Қазақ тарихындағы алатын орнын бағалау.


Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Драматургия

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Тарихтың дамуын тексереді.



Пән лексикасы және терминология:

Қоғам, тарих негіздері, адамның пайда болуы .



Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Келесі көріністе сіздер ………………………….. тамашалайсыздар.

Назарларыңызға ұсынылған қойылымда ………………… куәгері боласыздар.


Осыған дейін меңгерілген білім

«Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбында сөздік қорын дамытып, тыңдалым дағдыларын дамытты. Одағайларды мағыналарына сай қолданды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 мин



Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Тақырыпқа ену үшін уақыт өлшемдері туралы сұрақтарға жауап береді.



«Миға шабуыл»

Өткенді қайталау /Үй тапсырмасын сұрау/

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінді? 


  • Ерте орта ғасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады? 

  • Түріктер туралы мәлімет беретін қандай ескерткіштерді білесің? 

  • Ұлы Жібек жолының ерте ортағасырлық мемлекеттер тарихындағы рөлі қандай? 

  • Неліктен ерте ортағасырлық мемлекеттер ұзақ өмір сүре алмады? 

  • Бүгінгі күнге дейін өмір сүрген қандай түрік тілдес халықтарды білесің? 

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.


Үлестірме қағаз;

Слайд 1-4



Сабақ ортасы

10 мин


15 мин

5 мин


Сұрақ – жауап  (5 минут

  • «Тарих»  сөзі  қандай мағына  білдіреді?

  • «Тарихтың атасы»  деп  кімдерді  айтамыз?

  • Шежірешілер мен жылнамашылар деп  кімдерді айтамыз?

  • Қазақстан тарихы қандай  бөлімдерден  тұрады?

«Тарих» сөзін алғаш қолданған арабтар. «Тарих» сөзі- «зерттеу», «оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағынаны білдіреді. Тарих- астрономия, арифметика ғылымдары сияқты ең көне ғылымдардың бірі. Тарих-ең алдымен, жекелеген ұлы тұлғалардың, халықтар мен мемлекеттердің басынан өткен оқиғалар мен ерлік істері.Ал, бізге ата-бабаларымыздан қалған мол тарихи мұраларды зерттеп, дәуір-дәуірге бөліп, бір жүйеге келтіріп жеткізетін адамдарды-тарихшылар дейміз.

Сонау ежелгі дүниеде де тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған. Қазақ халқы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. Ал, «шежіре» сөзі- есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді. Жазба тарихтың негізін салған б.з.б 484-425ж. өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы Геродот болып есептеледі.Ол алғаш «Тарих» атты еңбек жазып, батыста «тарихтың атасы» деген атпен белгілі болды. Ал шығыста тарихтың атасы Сыма Цяньді атайды. Ол б.з.б 145-86ж. өмір сүріп, 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды»қалтырды. Сыма Цянь б.з.б 3 мың жылдықтан бастап өз заманына дейінгі тарихты жазып шықты. Көне замандардан бастап ортағасырлық моңғол хандықтарына дейінгі тарихты жазып қалдырған тарихшылардың бірі Рашид ад-Дин болды. Ол 1247-1318ж. аралығында өмір сүріп, «Жами-ат тауарих» кітабын жазды.

Тарих-бізге өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену үшін, бұрынғы ата-бабаларымыздың қандай болғанын, қазіргі күнгімен салыстыра отырып, саралау үшін қажет. Өткен қателіктерді қайталамауға тырысамыз. Тарих пен шежіре- ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді.Сонымен бірге адамзат баласының бүкіл тарихына ой жүгіртетін жол.

Қазақстан тарихы- жалпы тарихтың құрамдас бөлігі, бұл біздің туған Отанымыздың тарихы. Қазақстан тарихы төрт кезеңге бөлінеді:



  1. Ежелгі Қазақстан тарихы. 

  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V-XV ғ.) 

  3. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (XV-XIXғ.) 

  4. Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы (XX ғ. Басынан бүгінгі күнге дейінгі) 

Тарихи кезеңдеу

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Ерте ортағасырлық кезеңі Дамыған ортағасырлық кезеңі Кейінгі ортағасырлық кезең

(VІ-ІХ ғғ.) (Х-ХІV ғғ.) (ХV-ХVІІ ғғ.)

Түрік қағанаты Қарахан мемлекеті біртұтас Қазақ хандығының

Батыс түрік қағанаты Наймандар құрылуы

Түргеш қағанаты Керейіттер

Қарлұқ қағанаты Жалайырлар

Оғыз мемлекеті Қарақытайлар

Қимақ қағанаты Қыпшақ хандығы

Монғол империясы



Алтын орда

Ақ орда

Моғолстан

Әмір Темір мемлекеті

Ноғай Ордасы

Әбілқайыр хандығы

Сібір хандығы

Тақырып мазмұнының ашылуы

Безендірілуі

Шығармашылығы
Бағалау критерийі

Дескриптор

Ұпай (1-5)

Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазады

Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады




Тариқ туралы деректерді дұрыс анықтайды

Суреттерге қарап тарихи деректерді қолданады




Тапсырмаларды дұрыс орындайды




Кері байланыс.

Тыңдаған топтардың кері байланысы.






Мәтін жазылған үлестірме қағаз;

Таймер



Сабақ соңы

5 мин



Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?



Үлестірме қағаз

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.


Оқушылар бір-бірін дискрипторлар арқылы бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.



Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Өзін –өзі бағалауда басшылыққа алатын табыс критерийлері

Табыс критерийлері

Ұпайлары (егер сұрақты ашпасаңыз-

0-ді, егер сұрақ толығымен ашылса 5-ті айналдыра сызыңыз)

Жалпы ұпай

А.Тарих пәні туралы білдім.


0 1 2 3 4 5




В. Тарихтың негізін салушы тарихшылардың ғылыми зерттеулерінің маңызын анықтадым.


0 1 2 3 4 5




С.Көне замандардан бастап орта ғасырлық тарихшылардың еңбектеріне тоқталып, Қазақ тарихындағы алатын орнын бағаладым..

0 1 2 3 4 5









Мектеп:

Күні: 04-05-08. 11. 2019 ж

Мұғалімнің есімі:


СЫНЫП: 6


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сакбақтың тақырыбы

Жаңақорған ауданынының жер су атаулары

Сабақтың мақсаты

Жаңақорған ауданынының жер су атаулары түсінігін қалыптастыру

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Алдыңғы тақырып

Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы: Топонимика атаулары

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.



Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут


«Өткенді қайталау /Үй тапсырмасын сұрау/

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»


Ортасы 20 минут

Жаңақорған ауданы — Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөліктік, 1928 ж. құрылған.

Жерінің аумағы — 15,4 мың км². Тұрғыны — 81,3 мың адам (2015). Аудандағы 38 елді мекен 26 ауылдық әкімшілік округтерге біріктірілген.

Орталығы — Жаңақорған кенті. Аудан жерінің солтүстік-шығыс бөлігін Қаратау жотасының солтүстік-батыс сілемдері алып жатыр. Ең биік жері — 1419 м (Бесарық өзенінің бастауында). Орталық бөлігін Сыр бойы жазығы, оңтүстігін, оңтүстік-батысын Қызылқұм шөлі алып жатыр. Ауданның жер қойнауы кен байлықтарына бай. Қаратаудың Өгізмүйіз тауы етегінде Шалқия кеніші орналасқан.

Қазба байлықтары

Кен орнынан мырыш, қорғасын, күміс, кадмий, т.б. сирек кездесетін металл кентастары кездеседі. Сондай-ақ, ауданда құрылысқа жарамды тас, қиыршықтас, құм, саз (бентонит), т.б. кен қорлары бар.

Климаты


Климаты — континенттік. Қысы біршама жұмсақ, жылы күндер жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ. Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы — 6–7°С, шілдеде — 27–28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 150–200 мм. Өзен жүйесін Сырдария өзені және оның оң салалары (Бесарық, Ақұйық, Жиделі, т.б.) құрайды. Борықтыкөл, Нарсоққан, Бозкөл, Қандыарал, Шұқырой, т.б. көлдері бар. Топырағы аллювийлі-шалғынды, шалғынды-батпақты, сор, сортаң, оңт-ке қарай құмды келеді.

Өсімдіктер дүниесі

Қаратау етегінде жусан, селеу, шеңгел, тобылғы, жиде, итмұрын, шөлде баялыш, көкпек, сораңшөп, сексеуіл, жыңғыл, су бойында қамыс-құрақ өседі.

Жануарлар дүниесі

Қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, қырғауыл, шіл, т.б. мекендейді.

Халқы мен өнеркәсібі

Халықтың орташа тығызд. 1 км²-ге шамамен 5,3 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Жаңақорған, Шалқия, Бірлік, Бесарық, Келінтөбе, Төменарық. Өнеркәсіп орындарынан Шалқия кен өндіру кешені, тас ұнтақтау зауыты, т.б. шағын кәсіпорындар (май, нан зауыттары) бар. Жаңақорған ауданындағы бұрынғы күріш, қаракөл қойын, етті-сүтті ірі қара, бау-бақша, жеміс жидек өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі 1997 жылдан бері акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер және шаруа қожалықтары болып қайта құрылған. Одан басқа құрылыс, көлік, телекоммуникация, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары бар.
Бағалау кезеңі



«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.



Аяқталуы 20 минут

Сабақты бекіту

Оқушылар кестемен жұмыс жасайды

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?



«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет