Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 6



бет4/86
Дата14.11.2019
өлшемі61,44 Mb.
#51811
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
6-сынып Қазақстан тарихы қмж





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1 А VІ-ІХ ғасырлардағы Қазақстан.

Мектеп: і.

Мұғалімнің аты-жөні: .

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Күні: Сынып : 6

Сабақ 4


Сабақтың тақырыбы

Түргеш қағанаты (704-756 жылдар)

Сілтеме

6.3.2.3 – Түргеш қағанатының тарихи маңызын талдау;

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау



Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Барлық оқушылар: Түргеш қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамымен жан-жақты мағлұматтарды біледі, түсінеді. Оқушылардың басым бөлігі: Түргеш қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығы туралы сипаттайды, ерекшеліктерін біледі.

Кейбір оқушылар: Түргеш қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамымен жан-жақты мағлұматтарды біледі, сипаттайды, ерекшеліктерін біледі, салыстырады, дәлелдейді, талдайды.

Бағалау критерийі

Түркі қағанатының әскери өнер жетістіктерін cипаттайды білу және түсіну)

ҮІІІ ғасырда Қазақ жерін мекендеген Түргеш қағанатының тарихымен, қағанаттағы экономикалық және мәдени дамудың бағытымен танысады;

Түргеш қағаны сұлудың жүргізген саясатымен таныса отырып, ішкі және сыртқы саяси бағыттарына талдау жасап, өз ойларын жүйелі жеткізе біледі;

Түргештерден қалған мәдени мұралар тарихынан мәлімет алады




Тілдік мақсаттар

Талқылау бойынша:

«Көршіңе айтып бер» әдісі. Оқушылардың өз ойларын ауызша айтқызу үшін қолданылатын әдіс. Оқушыларға сұрақ қойылады, оқушылар көршісімен өз ойларын бөліседі. (тыңдалым, оқылым, айтылым.)

«Күлтегін» жазуында түргештер туралы мәтінді оқып, жұппен, топпен постерге түсіреді. (жазылым)

Құндылықтарға баулу


-Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.

-Қарым-қатынас жасау қабілеті

- туған жер тарихын мақтан тұту

- патриотизм

- өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну



Пәнаралық байланыс

География, дүниежүзі тарихы.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

6.3.1.2. Білге қағанмен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі?

«Ақпарат жинау» әдісі арқылы оқушыларға үй тапсырмасын пысықталады. Оқушылар карточкадағы түйінді сөздерге сараптама жасайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы 7-мин

- Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, үй тапсырмасын сұрау

«Ақпарат жинау» әдісі: Оқушылардан нені білгендері туралы ақпарат жинау. Ол ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі. Тапсырма оқушылар қандай ақпарат алғаны туралы айтып береді.

Оқушыларда смайликттік әдістер арқылы үш топқа бөлеміз.

1-топ. Зерттеушілер

2-топ. Саяхатшылар

3-топ. Тарихшылар

«Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі бойынша топтарға тапсырмалар беріледі.

Зерттеушілер- Атлах шайқасының басталуы

Саяхатшылар-Атлах шайқасы маңыздылығының себептерін талқылайды.

Тарихшылар-тарихи маңызын анықтайды



Презентация, стиккер сөздер жазылған қима қағаздар

Сабақтың ортасы

20- мин

Зерттеу мен талдау

Зейінді шоғырландыру: суреттер

А) Түргеш қағанатының жер аумағы, халқы. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы Суяб қаласы болды.

Халқының құрамы түрік тілдес тайпалардан тұрды. Түргештер туралы алғашқы деректер «Күлтегін» ескерткішінде және қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары ҮІ ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Бұл кезде түргештер Батыс Түрік қағанытының сол қанатына енген, адам саны жағынан басым тайпа болған. Түргеш қағанатының өз алдына жеке билік құрған кезеңі туралы «Күлтегін» жазбаларында біршама жақсы жзылған.

В) Қағанаттың ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Түргеш қағанаты Батыс Түрік қағандығының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырды. Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат 20 әкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси-әкімшілік басқару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды. Сұлу қаған /715-738/ билікке келгеннен кейін түргештер қайта күшейді. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас /Тараз/ қаласына көшірді.

С) Жетісудағы соғдылар.

Соғдылардың жетісуға қоныстануы туралы әр түрлі пікірілер бар. Олардың бірінде соғдылар негізінен саудамен айналысатын халық болғандықтан, осы сауда арқылы келіп қоныстанған дейді. Ал екінші бір пікірде соғды диқандары мен саудагерлері Бұқараның әмірі Абруйдың алым-салықты көп алып, қысым көрсетуіне шыдамай, қоныс аударуға мәжбүр болған.

Бейнематериалдағы мәтінді қалпына келтіру үшін топта бірігіп жұмыс жасайды.

Атлах шайқасы туралы мәтін ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген сұрақтар негізінде оқушылар ізденіс жұмысын жүргізеді, тапсырманың мақсатын, тақырып мазмұнын ашу.

Тақырыпқа қатысты мазмұнды меңгергеннен кейін маңыздылық жайлы түсінік қалыптастыра отырып бүкіл сыныппен келесі сұрақтар төңірегінде талқылау жүргізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет