Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.3 А Х-ХІІІ ғасырдын I жартысындағы Қазақстан
Мектеп:
Күні:
Сынып: 6
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сабақ 32-33
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақстан аумағын монғолдардың жаулап алуы
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
|
6.2.2.3.- көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;
6.3.1.6.- картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында мағлұмат алады.
Басым бөлігі: моңғол мемлекетінің әскери басқару жүйесін сипаттайды
Кейбір оқушылар: моңғол мемлекетінің құрылуының алғышарттарын анықтайды, дәлелдейді.
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы:
Картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы өмір сүрген мемлекеттерді белгілейді. (білу, түсіну, қолдану)
Моңғол мемлекетінің құрылуының алғышарттарын анықтайды. (білу, түсіну, қолдану)
Моңғол мемлекетінің әскери басқару жүйесін анықтайды (білу, түсіну, қолдану)
|
Тілдік мақсаттар
|
Жаңа ұғымдар: Шыңғыс хан, «Яса», құрылтай, төре, ноян
Талқылау:
Жазылым:
«Миыңның суретін сал» мидың суретін салып, ішіне жаңа тақырып бойынша меңгергенбілімдерін білдіретін сөздерді толтырады.(жазылым)
|
Құндылықтарға баулу
|
Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну;
Патриотизм:
Өз елі үшін мақтаныш;
Өмір бойы білім алу
|
Пəнаралық байланыс
|
География
Дүние жүзі тарихы
Әдебиет
|
Тақырып бойынша
алдыңғы білім
|
6.2.3.2 – Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау;
6.2.2.4 – түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру;
«Сәйкестендіру» әдісі Ортағасырлық ғұламалар мен ғалымдарды еңбектерімен сәйкестендіру.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қызығушылығын арттыру, топқа бөлу. Оқушыларды ақ, көк, сары түстер арқылы топқа бөлу.
1-топ. Алтын Орда (сары түс)
2-топ Көк Орда (көк түс)
3-топ Ақ Орда (ақ түс)
Білім алушылаға «Сәйкестендіру» әдісі пайдалана отырып өткен тақырыпты пысықтап аламыз.
1
|
Махмұд Қашқари
|
а
|
Диуани хикмет
|
2
|
Қожа Ахмет Яссауи
|
ә
|
Ақиқат сыйы
|
3
|
Ахмет Иүгнеки
|
б
|
Ғылымдардың шығуы
|
4
|
әл- Фараби
|
в
|
Түркі тілдерінің сөздігі
|
|
Түрлі түсті стикерлер (ақ, көк, сары
Семантика
лық кесте
|
Сабақтың ортасы
25 мин
|
Оқушыларға электронды оқулықты пайдалана отырып, Моңғол империясының құрылуы туралы мәлімет беру.
Монғол империясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді.1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады.
Қоғамдық құрылысы
(Шыңғысхан фильмнен үзінді )
Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы.
(Кесте арқылы түсіндіру).Отырардың күйреуі атты бейне фильмнен үзінді тыңдатып, М.Шахановтың «Отырар опаты» өлеңінен үзінді оқылады.
1207-1208 ж
|
Жошы Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын басып алуы
|
1207-1209 ж
|
Таңғұт, Турфан кінәздіктерін, ұйғырларды басып алуы
|
1211-1215 ж
|
Қытай жерін бағындырылуы
|
1217 ж
|
Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы
|
1218 ж
|
Монғолдардың Жетісу жеріне енуі
|
1219 ж
|
150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып, Отырарды қоршап алуы
|
1219-1220 ж
|
Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы
|
Оқушыларға кесте арқылы түсіндіргеннен кейін,проблемалық сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалады.- Монғол әскерлерінің көп жерлерді жаулап алуының мәні неде деп ойлайсындар?
Жаулап алудың зардаптары
Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;
Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;
Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;
Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;
Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;
Мәдениеттің дамуына кедергі болды.
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталады.
Қазақ жерінде ұлыстардың құрылуы
Монғол жаулаушылары Қазақ жеріне енуі 2 бағытта жүрді:
Шапқыншылық, басқыншылық бағытта;
Шыңғыс хан ұрпақтары Қазақ хандығындағы хандар тарихының бастауы болды.
Монғолдардар Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін, түркіленіп, Қазақ хандығының түп негізі болғаны сөзсіз. Бұл сабақтың жалғасы келесі сабақтарда жалғасын табады.
Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы
1217 ж. Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандырады.
1218 ж. Жетісу жеріне еніп, Отырарға сауда керуенін аттандырады.
1219 ж. 150 мың әскер Ертіс, Сырдарияға аттанады. Отырарды қоршау.
1220 ж. Отырардың жау қолына көшуі
1219-1220 жж. Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы
1219-1224 жж. Қазақстан мен Орта Азияны монғолдар толық жаулап алды.
1227 ж. Шыңғысхан мен оның ұлы Жошының қаза табуы
Интерактивті тақтадан видео көрсетілімі. ( Отырар қорғанысы)
4. Қазақстан жері кімдердің ұлысына енді?
Тапсырмалар:
1-топқа. Тарихи сынақхат.
Шарты: Сөйлемнің ішінде бос тұрған орындарды қажетті сөздермен толықтыру.
1. ХІІІ ғасырдың басында .............. хандықтарының шекарасына іргелес жатқан монғол тайпалары бірде тату, бірде араз өмір сүрген.
2. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы ................ болды.
3. 1217 жылы Шыңғыс хан Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға ............. аттандырады.
4. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласқан. .............. қаласы үш ай бойы, ............. қаласы он бес күндей берілмеген.
5. Шапқыншылық әсерінен ........... қаласы жойылып кетті.
6. Жетісу аймағындағы халықтың монғол шапқыншылығына онша қарсылық көлсетпегенінің өзінде ........... қаңырап бос қалды.
7. Шыңғыс ханның кіші баласы ............... Бұхара қаласына бет алады.
2-топқа. РАФТ әдісі
Роль – 7- сынып оқушылары
Аудитория – Отырар халқына
Форма – Хат
Тақырыбы – «Отырар қорғанысы»
3-топқа. «Жылдар сөйлейді»
1. 1206 жылы –
2. 1207-1208 жылдары –
3. 1211-1215 жылдары –
4. 1218 жылы –
5. 1219 жылы –
6. 1219-20 жылдары –
7. 1219-1224 жылдары –
4-топқа. Шыңғысханнан қалған өсиет сөзді құрастыр.
А Л Ұ Қ А С
С Ғ А Д М А
Ы Ы М А Ы Л
Н Б А Л Л Ұ
Қ А С Ұ О Қ
Ұ Й Ы Қ Қ М
Р Р Н М М Е
А А Ғ Ы І Н
Ғ А Н Е Л Е
Қ Ұ Л А Ш Д
|
Достарыңызбен бөлісу: |