Кубизмәдісінегізіндетапсырмалар: 1-топ:зерттеу«Зерттеу –зерделеукілті» Тапсырма:Ақынөміріменшығармашылықжолытуралыізденіп,мәліметбереді Қожа Ахмет Йасауи - - ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі (ұстазы).
Йасауи Сайрам қаласында туып, Йасыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Йасауи деген атпен танымал. Йасауидің әкесі - - Шайхы Ибраһим сопылық жолды ұстаған діндар адам болыпты. Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибраһимнің мазары - - Сайрамда. Ұстазы -Арыстанбаб (Арыстан баба) пен Йасауи жөнінде ел арасында көптеген аңыздар тараған. Онда: Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа бір түйір кұрма беріп, оны Қожа Ахметке табыс етуін сұраған. Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті.
Йасауи Арыстанбаб ұстазына деген зор құрметін өзінің "Хикметтер" ("Диуани хикмет") кітабында баяндайды.
Диуан" - жинақ, "хикмет" - Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді. Йасауидің жүзгежуық хикметтері бар. Кітапта бес жасынан дін жолына түскенін, жеті жасында Арыстанбабты іздеп тапқанын айтады. Өз өмірінің әрбір жылын санамалап, Алланы тану жолдарын баяндап береді. Аузымен "Аллалаған", бірақ көңілі таза емес пенделерден жоғары болғанын медет етеді. Иманды болуға үндейді, адалдық жолын үлгі етеді, ізгілікке шақырады.
Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті болған. Олар ұстазының сопылық ілімін Орта Азия, Анадолы -- Түркияға дейін таратып алып кеткен.
Йасауи 63 жасқа келгеннен кейін, Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүруді қажетсінбей, жер астына - - қылуетке түсіп отырады. Бар уақытын діни кітаптар оқуга, шығарма жазуға арнайды. Ол дүние, байлық жинамаған, адамдарды азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен, жаны таза адам болған.
Қылуетте өмір кешіп, бабамыздың мәңгі өшпес асыл мұрасы - «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Яғни, Ахмет Йасауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің «Даналық кітабы» еңбегінде баян етеді. Түп нұсқасы сақталмаған.
Бізге жеткені ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы көшірмесі ғана.
Диуан-жинақ, хикмет-алланың құдірет күші, яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап» деген мағынаны білдіреді.
А.Иассауидің біздің заманға жеткен көлемді шығармасы 149 хикметтен тұратын « Диуани хикмет »/ Даналық кітабы / кітабы .Бұл кітап түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған . Еңбек кішіпейілдікке , адалдыққа , имандылыққа шақырады . 1878 жылы алғаш жеке кітап болып басылып шықты . Содан кейін Ыстамбұл , Қазан , Ташкент қалаларында бірнеше рет басылды . Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Иассуидің бұдан басқа «Көңіл айнасы»,
«Пақырнама»деген еңбектері бар .