Геоморфологиялық кешен – жердің ішкі жəне сыртқы күштері əрекетінен түзілетін бедер пішінінің бірлігі.
Құрамдас бөлік немесе компонент - газ, сұйық және қатты заттардан тұратын территориялық табиғат кешендерінін жеке бөліктері.
Зоомасса – аумақтық табиғат кешендеріндегі жануарлар дүниесінен түзілген масса.
Ландшафт - геологиялық негізі, бедері, климат жағдайы, гидрологиялық режимі, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен тұратын биоценоздары бірдей болып келетін біртекті территориялық табиғат кешені.
Ландшафт дигрессиясы – ландшафт күйінің нашарлап құнарсыздануы.
Мəдени ландшафт – адам өз қажетіне ыңғайлы қалыпқа келтіріп, құрылымы мен функционалдық қасиеттерін қоғамның мүддесіне сай етіп ұйымдастырған ландшафт түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |