Жердің ішкі энергиясы– аумақтық табиғат кешендерінің литогенді құрылымын қалыптастырушы құрамдас бөлік.Оның әрекеті нәтижесінде геологиялық негіз мыңдаған жылдардан кейін жаңа түзілістік сапаға ие болған. Өсімдіктер əлемі– геогенді заттардан органикалық заттарды синтездеуші құрамдас бөлік.Жерде өсімдіктердің 500 мыңнан астам түрі бар: Олар, сөз жоқ,жеке дара тіршілік ете алмайды, бір-бірімен жəне басқа табиғаттыңқұрамдас бөліктерімен өзара əрекеттесу арқылы үйлесім тауып, əртүрлідəрежедегі өсімдік қауымдастықтарын құрайды. Жануарлар дүниесі жаратылысы жағынан өсімдіктер синтездегендаяр органикалық заттармен қоректеніп, тіршілік ететін гетеротрофтықұрамдас бөлік. Ол табиғаттың басқа құрамдас бөліктерінен жерсінужəне табиғаттың қолайсыз құбылыстарынан пəрменді қорғануғабейімділігі арқылы ерекшеленеді.