ІІ.Қызығушылықты ояту 1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.Әлемнің әйгілі музейлері туралы қандай ақпарат білесіңдер?
Үй тапсырмасын пысықтау.Тестпен жұмыс
Дидактикалық материал 1,
Сабақ ортасы 10 мин
10 мин
5 мин
Білу және түсіну Әлемдегі және Қазақстандағы опера театрлары мен опера әншілері туралы білетін мәліметтеріңмен бөлісіңдер.
Мәтінді оқып, маңызды тұстарын «Хикаят картасы» әдісімен жазыңдар.
Ойтолғаныс
«Ла Скала» театры
«Ла Скала» (итальян тілінде Teatro alla Scala немесе LaScala) – Милан қаласындағы опера театры. Театр ғимараты 1776–1778 жылдары сәулетші Джузеппе Пьермаринидің жобасымен салынған. 1778 жылы театр Антонио Сальеридің операсымен ашылды.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында театрда итальян композиторлары П.Анфосси, П.Гульельми, Д.Чи- марозы, Л.Керубини, Дж.Паизиелло опералары қойылды. 1830 жылдан бастап театр репертуарына Г.Доницетти, В.Бел- лини, Дж.Верди, Дж.Пуччини шығармалары енгізілді.
«Ла Скала» опера театрының сырты неоклассикалық стильде салынған, ал ішкі жағы XVIII ғасырдың сәулет өне- рінің озық үлгісі болып табылады. Музыка, опера және балет өнеріне құмар жандар бұл театрды әлемнің жеті кереметінің бірі деп есептейді.
Тілдік бағдар:
Сөз сапасы: дұрыстығы, тазалығы, байлығы,дәлдігі,қысқалығыменнұсқалығы Сөз сапасы деген ұғымды тіл мәдениетінде жанжақты ашып қолданған – профессор Нұргелді Yәли. «Сөз сапасы бірнеше фак торларға: сөздің дұрыстығына, тазалығына, қысқалығы мен нұсқалы ғына, сондайақ сөздің бедеріне және әдебіне байланысты. Мысалы, біреулер сөйлеп жатса, «ұйып тыңдадым, маған сондай ұнады» деп айтамыз. Бұл – кісінің сөз сапасына эмоциялық деңгейде берілген баға. Ал енді біреудің сөзінен соң «түу, әбден жалығып кеттім, қа шан сөзін тоқтатады екен деп күтіп отырдым», «ұйқым кеп кетті» деп жатамыз. Демек, ол кісінің сөзі сапасыз болды. Сөз сапасы – сөздің әсерлілігі, сөздің өз діттеген жеріне, мақсатына жетуі».
Сөз сапасы а) сөз дұрыстығы (сөз мағынасын түсініп, дұрыс қол дану); ә) сөз тазалығы (бөгде тілдік элементтерді қоспай сөйлеу); б) сөз дәлдігі (сөзді талғап, таңдап қолдану); в) сөз қысқалығы мен нұсқалығы деген факторлармен анықталады. Біз оларға алдағы та рауларда тоқталамыз.
Дәптермен жұмыс.
«Артық болмас білгенің» және оқылым мәтіндеріндегі сөз сапа- сына нұқсан келтіретін қолданыстарды тауып, «Қосжазба күнде- лігі» әдісімен тұжырымдаңдар.