Мұғалім кестедегі сандарды бөліп оқушыларға үлестіреді, олар таңдап алып, түбірлерін тауып, «Жай» сандар, «Жұп» сандар және «Тақ» сандар болып топқа бөлінді. Топқа бөлініп болған соң топ ішінен өздері топ басшысын сайлады. Топ басшысына бағалау парағы берілді.
VI.Сергіту сәті:
Топ басшысы төмендегі сандардың біреуін таңдайды да, топ мүшелерімен бірге түбірден шыққан санға байланысты мақал- мәтел, нақыл сөздер, тыйым сөздер айту керек.
= 3
Үш би: Төле би, Қазыбек би, Айтеке би
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайн жұрты
Үш арсыз: ұйқы, тамақ, күлкі
Жеті жоқ: жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, Аллада бауыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ
Жеті күн: дүйсенбі.....
Жеті қазына: жүйрік ат, құмай тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қара қазан, алмас кездік, шаңырақ
Жеті мүше: бас, екі қол, екі аяқ, кейде, іш
Жеті жұт: құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала
Мақал: 1.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
2.Жеті атасын білмеген,
Жетімдіктің белгісі.
Төрт мезгіл: күз, қыс,көктем, жаз
Бір айда төрт апта бар.
Мақал: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Төрт қойдың неше аяғы бар: 16
Жұмбақ: Төрт түліктің рэкеті,
Түзде жүрер көк сері (қасқыр)
Төртбұрыштардың төрт төбесі, төрт бұрышы, төрт қабырғасы болады.
Оқушылар біраз сергіп қалады.
|