ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Уақыт пен ұзындықтың негізгі өлшем бірліктерін еске түсіру.
ХБЖ-ң тарихы туралы видеоролик.
Оқулықпенпен жұмыс. Әр топ жаңа тақырыпты талқылап, талдап тақтаға менталды карта құрады.
Дескриптор:
әр топ тақырыпты мұқият оқып, өзара талқылайды.
Әр топтан бір оқушыдан шығады.
Тақтаға тақырыптың негізгі мәліметтері түсіріледі.
ҚБ: оқушылар бір-бірін бағалайды.
«Смайлик»әдісі
V. Жаңа тақырып бойынша сараланған тапсырмалар.
Жұптық жұмыс.
а)Мақсаты: физикалық шамаларды өлшем бірліктерімен сәйкестендіру.
Тапсырма 1. Физикалық шамалардың ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігін табыңдар :
км\сағ кг жылдамдық м\с Масса г уақыт м3 Көлем сағ с см3
Дескриптор:
- физикалық шамалардың ХБ жүйесіндегі өлшем бірліктерін тапты;
- физикалық шамалардың басқа да өлшем бірліктерін анықтады.
ә)Мақсаты: Физикалық шамаларды тіркеме еселіктері мен бөлгіштік бірліктерін пайдаланып ХБЖ-не айналдыру: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) мега (M)
БК: Физикалық шамаларды тіркеме еселіктері мен бөлгіштік бірліктерін пайдаланып ХБЖ-не айналдырады.
Ағаштың ұзындығы 75 см.Оны ХБЖ-не айналдырыңыз және дм,мм бірліктерінде жазыңыз
Дескриптор:
- Есептеу кезінде тіркеме еселіктері мен бөлгіштік бірліктерін пайдаланды.
б)Мақсаты: Көлемнің өлшем бірлігі «литр» мен «метр куб» арасындағы байланысын орната білу.
Дененің көлемі 2800см3-ке тең.Осы көлемді литрмен көрсетіңіз
БК: Көлемнің өлшем бірлігі «литр» мен «метр куб» арасындағы байланысын орната біледі.
Дескриптор:
-Есептің мазмұның түсініп оқыды
-есепті орындады
-«литр» мен «метр куб» арасындағы байланысты білді
ҚБ: Дәптерлерін алмастырып,тексереді
Жұлдызшалар жапсыру
V |