Сабақтың құрылымына түсініктеме: - Ұйымдастыру кезеңі уақытысында нақты сұрақтарға ғана қысқа түрде жауап береміз.
- Жұмысты бұрынырақ орындаған оқушылармен не істеуге болады? Біріншіден бұл оқушы компьютерде отырған оқушы болса жақсы, сондай-ақ оған екінші бөлімнің тапсырмасын беруге болады. Ол үшін бірінші топқа компьютерде жылдам жұмыс істеген оқушылар таңдалып алынады. Бұл жағдайда оқушылар іс-әрекеттерінің ауысуы тапсырмаларды орындауларына қарай болады. Сабақтың соңына дейін орындаған оқушыларға мүмкіндігінше қосымша тапсырмалар даярлау керек (тест, кроссворд және т.б.), жұмысты табысты аяқтағандарды көтермелеуге болады.
3. Жұмысты қалай тексеруге болады? Практикалық бөлім бір-бірлерімен байланысты бөлек тапсырмалардан тұруы мүмкін. Бірінші жағдайда оқушы бір тапсырманы орыдайды да бірден мұғалімге көрсетеді. Екінші жағдайда оқушы барлық практикалық тапсырмаларды орындап алып, онан соң нәтижені мұғалімге көрсетеді. Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексеріп, нәтижені жазып қояды. Егер уақыт болып жатса оқушы жіберілген қатені түзетіп, өзінің жұмысын тағы да мұғалімге көрсетуіне болады. Теориялық бөлімді сабақта тексермейміз.
Сабақты қорытындылау - 45 минут
Бақылау сұрақтары 1. Оқу сабағының түрлеріне талдау жаса.
2. Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлерін айт.
3. Информатика сабағын талдау туралы не білесің?