Білімділік. Демография, этнография ұғымдарына түсінік беру, халық саны жөнінде білім беру.
Дамытушылық.Қазақстан халқының табиғи өсімінің аумақтық бойынша айырмашылығын, қозғалыстарын, табғиғ қозғалыс типтерін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин)
Жамбыл облысының географиялық жағдайы қандай?
Жамбыл облысының ЭГЖ-ы қандай деңгейде?
3.Жаңа материалға көшу кезеңі
Жамбыл облысының экономикалық-әлеуметтік экономикасының құрылымын еске түсіріп, оның әлеуметтік география құрамдас бөлігіне зер салу. Бұл бөлігінде республиканың халық жағдайы қарастырылатынына назар аудару.
Халық санының қазіргі жағдайы, халық санағы, халықтың табиғ өсімі, халықтың механикалық қозғалысын сипаттау.
3. Халықтың табиғи қозғалысы:
халықтың табиғи қозғалысы үш демографиялық революциядан өткені туралы айту, демографиялық көрсеткіштерге тоқталу, промильмен есептеуді үйрету, демографиялық жарылыс, демографиялық революция, демографиялық саясатқа тоқталу.
4. Халықтың көші-қоны (миграция):
халық көші-қонының маңызын түсіндіру, оның себептері, ұзақтығы, бағыты, түрі бойынша бөлінуін айтып кету