Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
6.1.1.9 санның модулі анықтамасын білу және оның мәнін табу
Сабақтың мақсаттары
Санның модулінің анықтамасы білу және таңба белгісімен танысу;
Сан модулінің қасиеттерін өрнектің мәнін табуда өз ойын кеңейту;
Сан модулінің қасиетін пайдаланып теңдеудің түбірін табуды тұжырымдау.
Бағалау критерийлері
санның модулі анықтамасын біледі;
өрнектің мәнін табуда модуль қасиеттерін қолданады және салыстырады;
модуль таңбасымен берілген теңдеулерді шешуде түбірді табады.
Тілдік мақсаттар
Оқытудың тілдік мақсаты: оң,теріс және нөл сандарының модулінің анықтамасын тұжырымдайды, қарама-қарсы сандардың модульдері тең деген қасиетті біледі, санның модулі бойынша өрнектің мәнін табу алгоритмін біледі.
Пәнге тән лексика мен терминдер: «модуль», «мөлшер», «абсалюттік шама», «координаталық түзу» ,«тең модульдер» .
Диалог үшін пайдаланатын сөздер мен тіркестер: «Санның модулі...», «Теріс санның модулі...», «Рационал сандардың модулі... », «Нөл санның модулі ...», «Қарама-қарсы сандардың модулі ...», «Координаталық түзу бойындағы санды кесіндейтін нүктенің санақ басынан қашықтығы...деп аталады»
Құндылықтарды дарыту
Зайырлы қоғам және жоғарғы руханият құндылығы бойынша топтық жұмыста бір-біріне құрмет, ынтымақтастық, достық қарым-қатынас бойларына сіңіріледі. Өзара бағалау бойынша өзгенің көзқарасын құрметпен қарау құндылығы қалыптасады.
Пәнаралық байланыстар
Рационал сандарға амалдар қолдану жаратылыстану бағытындағы пәндер мен гуманитарлық бағыттағы пәндер.
Алдыңғы меңгерілген білім
6.1.1.7 қарама- қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу
6.1.1.8 рационал сандар ұғымын меңгеру
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылардың көңіл күйін «гүлмен тілек» әдісімен белсенді ахуалын қалыптастыра отырып, гүлдің түсіне қарай топқа бөлу (мөлшер, модуль, абсалюттік шама)
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында жаңылтпаш арқылы оқушылардың көтеріңкі көңіл-күй өзгерісін аңғарып «Ширату» әдісі арқылы жаңа сабақтың оқу мақсатын ашамын.
-3 -2 -1 0 1 2 3
-қазықта түрған байланып
-оңға шапқан боз жорға
-солға шапқан боз жорға
-қайтып келіп орынына
- түрар ма екен ол жорға
Осы ширату әдісінен кейін модулдің анықтамасын түсінуге жол ашылады.
Математика 6-сынып оқулығы, слайд (коорд
түзу)
Сабақтың ортасы
«Түртіп алу» әдісі арқылы оқушылар оқулықтан ақпаратты өздігінен алады да, санның модулі туралы ұғымды өз ойларымен бөліседі.
Мұғалімнің қолдауын қажет ететін проблемалы сұрақтар туындаса оқушылар кері байланыс арқылы сұрақтарына жауап алады.
(Ж) 1- тапсырма «Иә-жоқ» әдісімен оқушылар жаңа білімді бекітуде дұрыс жауапты белгілеп, өзін-өзі бағалайды.
№
Тапсырмалар, сұрақтар
Жауаптары
ИӘ «+»
Жоқ «-»
1
2
3
4
,жауабы4және -4
5
-2-нің модулі 2-ге тең бе?
6
7
8
9
?
Дескриптор:
модульдің анықтамасын қолдану;
рационал сандарды салыстыру;
қарама-қарсы сандар модулінің ережесі;
теңдеудің түбірін табуды білу.
ҚБ: « Сұрақты қағып ал» әдісімен кубикті бір-біріне лақтыру арқылы сұрау үрдісінде өз еркімен жауап береді, кезектесіп басқа оқушылармен алмасадыда нақты жауабын слайд арқылы тексереді.
(Т) 2-тапсырма «Ромбтық жіктелім» әдісімен сан модулінің қасиеттерін пайдаланып өрнектің мәнін табу арқылы маңызды элементтерін қиықтарға сәйкестендіреді
Бөлікке дәл келетіндей қиықтарды сәйкес жауаптармен орналастырады.
қарама-қарсы сандар модулдерінің теңдігін пайдалану;
берілген сандық мән бойынша өрнектің мәнін табу;
вертикаль бұрыштар қасиетін пайдалану.
ҚБ: «Бұрыштар тәсілі» арқылы тақтада ілінген ромбы сұлбасына дұрыс жауапты жабыстырып, нәтижесін өз көзқарастарымен тұжырымдап дәлелдейді.
( ТЖ ) 3-тапсырма «ДЖИГСО» әдісі бойынша теңдеуді шешуді топ ішінде талқылап, өз өкілдерін басқа топқа жіберіп, идеяларымен бөліседі, постерлерін қорғайды ынтымақтастықты дамытады.
Теңдеулерді шешіңіз:
1)
2)
3)
Дескриптор:
теңдеуді шешу әдісін қолданады;
көбейткіштің қасиетін және ұқсас қосылғыштарды біріктіруді пайдаланады;
мәндес теңдеуге келтіреді;
теңдеудің түбірін табады.
ҚБ: «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілімен өз пікірін ортаға салады, бір-біріне түсіндіріп тұжырымдайды.
слайд,
сұрақ-жауап (кестемен)
кубик
Ромб сұлбасы
қиық қағаздар
Үлестір
кеспелер
постер
Сабақтың соңы
«Синквейн» «Бес жолды өлең» әдісін қолдануға болады
1-жолда:
Тақырыбы (негізінен зат есім)
2-жолда:
Тақырыпқа сипаттама (екі сан есім)
3-жолда:
Әрекет (тақырыпқа қатысы бар үш етістік)
4-жолда:
Синоним(мәндес сөз)
Рефлексия
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазып, «Білім ағашына» іледі
Слайд «синквейн»
(бес жол өлең)
Стикер
лер, «Білім ағашы» моделі
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулықжәне қауіпсіздік техникасының сақталуы
1-тапсырма:«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы мұғалім ойланту үшін алдын-ала дайындалған сұрақтар қояды. Сөзбен қолдау және ынталандыру маңызды рөл атқарады.
2-тапсырма: «Нәтижеге жету»
тәсілі арқылы оқушылар өздерінің мықты, әлсіз тұстарына қарай жауап береді. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.
3-тапсырма: «Жіктеу»
тәсілі арқылы практикалық жұмыста қиындық келтірген оқушыларға қолдау көрсете отырып, жетістіктері мен кемшіліктеріне аса назар аударылады.
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін топтағы бағалауды,
« Сұрақты қағып ал», «Бұрыштар тәсілі», «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы бағалаймын.
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту үшін
ширату жаттығулары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1А Қатынастар және пропорциялар
Мектеп
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: .
Сынып: 6
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Екі санның қатынасы, екі санның пайыздық қатынасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
6.1.2.1 – Сандардың қатынасы ұғымын меңгеру
6.1.2.2 – Берілген қатынасқа кері қатынасты табу
Сабақтың мақсаты
Сандардың қатынасы ұғымын түсіндіру, берілген қатынасқа кері қатынасты анықтау.
Қатынастың негізгі қасиетін қолданып, қатынасты қысқарту және қатынасты процентпен өрнектеуді тұжырымдау.
Бөлшек сандардың қатынасын натурал сандардың қатынасы түрінде қарастыру және санды берілген қатынаста бөлуді айқындау.
Бағалау критерийі
сандар қатынасының мағынасын түсіндіреді, қатынасқа кері қатынасты анықтайды;
қатынастың негізгі қасиетін қолданып, оны қысқартады және қатынасты процентпен өрнектейді;
бөлшек сандардың қатынасын натурал сандардың қатынасы түрінде қарастырады және санды берілген қатынаста бөлуді айқындайды.
Тілдік мақсаттар
Тілдік мақсат: Берілген қатынасқа кері қатынастың анықтамасын тұжырымдайды, қатынастың негізгі қасиетін оны қысқартуда қолданады, екі санның қатынасын процентпен өрнектейді, бөлшек сандар қатынасын натурал сандар қатынасы түрінде жазу алгоритмін біледі, санды берілген қатынаста бөледі
Пәнге тән лексика мен терминология: қатынас, шамалардың бөліндісі, алдыңғы мүше, соңғы мүше, кері қатынас, қатынастың негізгі қасиеті, бөлшек сандар қатынасы
Диалог үшін пайдаланылатын сөздер мен тіркестер: қатынастың мағынасы, қатынастың мүшелері, берілген қатынасқа кері қатынас, қатынастың негізгі қасиеті, екі санның қатынасын процентпен өрнектеу, қатынасты қысқарту, бөлшек сандардың қатынасын натурал сандардың қатынасы түрінде жазу, берілген қатынаста бөлу
Құндылықтарға баулу
Зайырлы қоғам және жоғары руханият:
Бірлесу, ынтымақтастық, өрлеу, зайырлылық және табысқа жету
Пәнаралық байланыс
Жаратылыстану пәндерімен: 1-тапсырманы орындауда өлшем бірліктерді (масса, ұзындық,уақыт) бір жүйеде жазу, 2-тапсырмада жүйелі орындалу алгоритмін білу, 3-тапсырмада ерітіндідегі массаны анықтау
Алдыңғы білім
6.1.1.1 – Екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
«Санамақ» әдісімен оқушыларды топқа бөлу. Сыныпта психологиялық жағымды ахуал тудыру.
(Ұ) Ширату жаттығуларын «Артығын алып таста» әдісімен ұйымдастыру. Дұрыс емес тұжырым алынып тасталады.
1)
Дорбада 4 сары, 5 көк шар бар
Барлық шардың 5-уі көк шар -
Көк шардың сары шарға қатынасы -
Сары шардың көк шарға қатынасы -
2)
Қатынас
Қатынасты оқы
8-дің 15-ке қатынасы
41-дің 23-ке қатынасы
2
3-тің 5-ке қатынасы
Мұғалім оқушыларға ОМ таныстырады
Кестедегі тапсырма
Сабақтың ортасы
(Ұ) «Ой қозғау» әдісімен жаңа материалды меңгереді. Оқушылар өз топтарында оқу мақсатына бағытталған ақпарат алуды бастайды. Оқушылар өз ойындағыларын еш күмәнданбай айта береді, идеялар сынға ұшырамау керек. Жинақталған ақпараттарды талқылайды, соңында сынып болып, пікірлерімен бөлісіп, оқу мақсатын айқындайтын сұрақтарға жауап береді және толықтырады.
ҚБ:
(Ө) Тапсырма-1«Шеңберге жиналу уақыты» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Оқушылар жеке орындап, 1мин соң шеңберге, яғни топқа жиналып, өз жауап нұсқасын ұсынады.
Шамаларды бірдей өлшем бірлікке келтіріп, қатынасты қысқартуды орындаңыз және қатынасты процентпен өрнектеңіз?
Дескриптор:
тоннаны килограмға айналдырады;
қатынасты қысқартады және процентпен өрнектейді;
дециметрді сантиметрге айналдырады;
қатынасты қысқартады және процентпен өрнектейді;
сағатты минутқа айналдырады;
қатынасты қысқартады және процентпен өрнектейді
Тапсырманы саралау үшін «Дереккөздер» тәсіліне сүйенемін. «Бағдаршам» әдісімен бағаланады. Дұрыс жауапты тақтадан көрсеткенде, әр топ өз жауабына қарай бағдаршам түстерін көтереді.
(Ж) Тапсырма-2: «Балалар философиясы» әдісімен орындалады. Оқушылар жұпта отырып, тапсырманы қалай орындайды, нені білу керек, не істеу керек екендігін талдап, талқылап алады.
Бөлшек сандардың қатынасын натурал сандардың қатынасы түрінде жазыңыз?
Дескриптор:
бөлшектердің бөлімдерінің ЕКОЕ табады
қатынастың әрбір мүшесін ЕКОЕ-ке көбейтеді
көбейтінділердің қатынасын жазады
аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады
бөлшектердің бөлімдерінің ЕКОЕ табады
қатынастың әрбір мүшесін ЕКОЕ-ке көбейтеді
көбейтінділердің қатынасын жазады
Тапсырманы саралау үшін «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін таңдамақшымын. Себебі, кейбір оқушыларға тапсырма орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады
«Жұлдызшалар» әдісімен бағаланады. Дұрыс жауап – үлкен жұлдызша, маңызды емес қатесі бар – орташа жұлдызша, қатесі бар – кішкене жұлдызша.
(Т) Тапсырма-3: «БФЕ» әдісімен орындайды. Тапсырманы шешу үшін оқушылар нәтижеге әкелетін барлық факторларды ескеріп, ойлап, тізімін жасайды және талқылап ең маңызды, тиімді жолын табады.
Қантты су ерітіндісіндегі судың массасының қанттың массасына қатынасы 17 қатынасындай. Ондағы судың массасы қанттың массасынан 280г артық. Қантты су ерітіндісінің массасы неше грамм?
Дескриптор:
қатынастағы сандардың айырмасын табады;
санды айырмаға бөледі;
шыққан бөліндіні қатынастың әрбір мүшесіне көбейтеді;
шыққан көбейтінділерді қосады;
Саралаудың «Қарқын» тәсілімен талдауды жүзеге асыруды жоспарлап отырмын. Себебі, кейбір оқушылар тапсырманы жылдам орындайды, ал кейбіреулері уақытты қажет етеді.
Әр топ өз жауабын талдауымен оқиды, «Бас бармақ» әдісімен бас бармақтың 3 түрлі позициясын көрсету арқылы бағаланады.
Оқулық, 6 сынып
Постер
Шамалардың өлшем бірліктері туралы кесте (масса, ұзындық, уақыт).
ЕКОЕ, аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру ережелері жазылған қосымша ақпараттар
Оқулықтағы осы тапсырманы шешуге қажетті ақпараттар
Сабақтың соңы
«Бұл жауабы болса, сұрақ қандай болады?» немесе «Әріптестер» әдісімен сабақты қорытындылаймын. Әр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар карточка беріледі. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сәйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді.
«Екі санның қатынасын 100-ге көбейтіп, процент белгісін тіркеп жазады»
«Екі санның бөліндісі қатынас деп аталады»
Қатынастың мүшелерінің орнын ауыстырғанда кері қатынас алынады»
«Бөлшектердің бөлімдерінің ЕКОЕ-н тауып, оны қатынастың мүшелеріне көбейтеді»
«Берілген қатынастың мүшелерінің қосындысын табады.Санды қосындыға бөледі. Шыққан бөліндіні қатынас мүшелерінің әрқайсысына жеке-жеке көбейтеді»
Жоғарыда келтірілген жауаптардың сұрақтары да болады.
Оқушылар «БББ» тәсілімен кесте толтырады. Келесі сабақтың басында оқушылардың оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қарастырып келемін.
Таратпа сұрақтар
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
(Ұ) Ширату жаттығуында «Артығын алып таста», (Ұ) жаңа сабақты оқып үйренуде «Ой қозғау», (Ө) 1-тапсырмада «Шеңберге жиналу уақыты», (Ж) 2-тапсырмала «Балалар философиясы», (Т) 3-тапсырмада «БФЕ» және сабақты қорытындылауда «Бұл жауабы болса, сұрақ қандай болады?» белсенді әдістері қолданылады.