Сабақ : Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 6 Қатысқандар саны


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



бет2/24
Дата13.10.2019
өлшемі7,02 Mb.
#49787
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
6 сынып Обнов КМЖ


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Ширату жаттығуларында (Ұ) «Шеңбер», жаңа сабақты оқып үйренуде «Ойлан, жұптас, бөліс», 1-тапсырмада (Ж) «Сұрақ-жауап», 3-тапсырмада (Т) «Галереяны шарлау» және сабақты қорытындылауда «Ыстық орындық» белсенді әдістері қолданылады.

«Өзін-өзі бағалау», «Бағдаршам», стикерлер және «Иә» және «жоқ»,

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. Сабақта белсенді оқыту әдіс-тәсілдері қолданылатындықтан, оқушылар сыныпта еркін қозғалады.


Қысқа мерзімді жоспарлау


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1А Қатынастар және пропорциялар




Күні

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:6-сынып

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік.

Оқу мақсаты

6.1.1.2 қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;

Сабақтың мақсаты

  1. Тура пропорционал шамалар анықтамасын білу, тура пропорционалдыққа мысалдар келтіру, есептер шығару;

  2. Тура пропорционалдықты дәлелдеу, қасиетін талдау;

  3. Математикалық тілде тұжырымдау.

Бағалау критерийі

  • тура пропорционал шамалардың анықтамасын біледі;

  • қозғалыс тұрақты болғанда, жол жылдамдыққа пропорционал болатындығын анықтайды;

  • есептер шығаруда тура пропорционалдықты қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты: екі санның қатынасын, қатынасқа кері қатынасты, тең қатынастар қасиеттерін академиялық тілде айтады, бір – бірімен ақпарат алмасады (оқылым және айтылым)

Пән лексикасы мен терминологиясы: «тура пропорционал шамалар» деген терминді сауатты айта және жаза алады.

Диалог/жазу үшін қарапайым тіл: математикалық тұжырымдарды жазады.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылықтарды дарыту.Топта өз пікірін дәлелдеу негізінде азаматтық көзқарас қалыптасады;

Ақпаратты табу, талдау, жинақтау біліктілігі артады.



Пәнаралық байланыс

Химия (ерітіндінің концентрациясы)

Алдыңғы білім

Екі санның қатынасы. Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


«Өзіңізге тілегенді – басқаларға да тіле» ойсергек арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру.

Ширату жаттығуларын беру: «Кубизм» әдісі



  1. Екі санның бөліндісі қалай аталады?

  2. Екі санның қатынасы қалай аталады?

  3. Екі қатынастың теңдігі қалай аталады?

  4. Пропорцияның негізгі қасиеті қандай?

  5. 2*3 қатынас бола ма?

  6. 12/4=9/х х – ті тап.

1-мысал: 1 дәптер 90г қағаздан дайындалса, 2,3,4... 8 дәптер неше грамм қағаздан дайындалады?

2-мысал: 5 жұмысшы жұмысты 15 сағатта аяқтайды. 10,15 жұмысшы жұмысты неше сағатта аяқтайды?

Осы мысалдар арқылы оқушылар сандар арасындағы заңдылықты байқап, сабақтың мақсатын анықтайды.


Кубик, интербел

сенді тақта,

слайд 1


Сабақтың ортасы


«Детектив» әдісі арқылы оқушылар екі топқа бөлініп, тура пропорционалдық тақырыбы бойынша мәлімет жинақтайды. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы оқушылар осы мәтінді толық меңгеріп, негізгі түйінін табады. Талқыланған ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.

Анықтама: Егер екі шаманың біреуін бірнеше есе арттырғанда (кеміткенде), екіншісі сонша есе артса (кемісе), онда мұндай шамалар тура пропорционал шамалар деп аталады.

Тура пропорционалдықты әріптермен жазсақ:

немесе

Тура пропорционал екі шаманың біреуінің мәндерінің қатынасы екіншісінің сәйкес мәндерінің қатынасына тең. Мысалы, тура пропорционал шамалар:



  • Заттың бағасы тұрақты болғандағы оның құны мен мөлшері (массасы, ұзындығы, саны);

  • Тұрақты жылдамдықпен жүргендегі жол мен уақыт;

  • Квадраттың қабырғасының ұзындығы мен оның периметрі;

  • Затың көлемі мен массасы.

Мысалы, x-дәптер саны, у-құны. Кестедегі бос орындарды толықтыр.

x

3

4

6

8

9

12

15

y

12

16

24

32

36

48

60

  1. Дәптер саны мен құны арасындағы тәуелділік тура пропорционал бола ма? (ия,жоқ)

  2. Жылдамдық тұрақты болғанда жол мен уақыт тура пропорционал шамалар бола ма? (ия,жоқ)

(Ж) Тапсырма 1 «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы әрбір оқушы жеке жұмыс жасай отырып өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөлісу.

Тура пропорционал шама болатынын дәлелде. Массасы 300 г, концентрациясы 15% қантты су ерітіндісіне 60 г таза су құйылды.Соңғы ерітіндінің концентрациясы неше процент?



Дескриптор:

ҚБ «Бас бармақ» тәсілі арқылы өз-өзін бағалайды.

(Т) Тапсырма 2 «Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы сыныпта оқушылар бір – біріне сұрақтар «лақтыру»арқылы тақырыптың түсіну деңгейін арттыру.

Жүк пойызы 80 км/сағ жылдамдықпен 720 км жол жүрді. Осы уақытта жылдамдығы 60 км/сағ жүрдек пойызы қанша жол жүреді?



Дескриптор:

  • қағаз қиындыларынан мәтінді құрасту;

  • есептің қысқаша шартын жазу;

  • пропорционал қасиетін қолданып, есепті шығару.

ҚБ «Серпілген сауал» белсенді тәсілі арқылы парақтарға сұрақтар жазып, бір топ басқа топтарға лақтырады. Сол топ сұрақтың жауабын жазып кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған оқушы сол жауаптан сұрақ тудырып, ары лақтыру арқылы бірін-бірі бағалайды.

(Т) Тапсырма 3 «Паб куиз» әдісі арқылы әр топ тапсырмаға байланысты сұрақтар дайындау. Оқушылар шеңбер құра отырып, бір - бірімен кезекпен сұрақтарын қойып, жауап беру.

Астана қаласына қыдырып келген Әмір төмендегі кестені пайдаланып, екі күнге автомобильді жалға алу үшін, ең тиімдісін (арзанын) есептеп алды. Егер Әмір күніне 100 км жүрген болса, онда қанша ақша төлегенін анықтаңыз.



Жанармай түрі

1л жанармайдың бағасы (теңге)

100 км.ге жұмсалатын жанармай (литр)

1 тәулікке жалға алу бағасы (теңге)

Дизель

108

5

19500

Бензин

125

11

18500

Газ

55

16

19000

Шешуі:

Жанармай түрі

200 км.ге жұмсалатын жанармай бағасы,тг

2 тәулікке жалға алу бағасы,тг

Барлық төлем, тг

Дизель

1080

39000

40080

Бензин

2750

37000

39750

Газ

1760

38000

39760

Дескриптор:

  • 2 күнге жүретін жолды анықтайды;

  • жанармай түріне байланысты барлық төлемді есептейді;

  • жанармайдың ең арзан түрін анықтайды;

  • қанша ақша төлегенін табады.

ҚБ «ТӨДК» тәсілі арқылы сыныптастардың пікірін тыңдай отырып, оқушылар берілген пікірді «ТОЛЫҚТЫРЫП, ӨЗГЕРТІП, ДАМЫТЫП немесе КҮРДЕЛЕНДІРІП» отырады.

Постер, слайд 2,

6-сынып математика оқулығы,

карточка, bilimland сайты.


Сабақтың соңы


«Өрмекші торы» әдісі арқылы тақырыптың түйінді идеяларын ой елегінен өткізеді. Сыни ойлауы дамиды.

Рефлексия: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы сабақты қорытындылайды.







Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

1-тапсырма саралаудың «қорытынды» тәсілі арқылы дұрыс жауабын тақтада көрсетіп, қате жауаптарды өздері түзетеді.

2-тапсырма саралаудың «қарқын» тәсілімен жауаптарын тексереді, «диалог және қолдау» тәсілі арқылы олқылықтарды толықтырады.



3-тапсырмада саралаудың «диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы оқушыларға тапсырманы орындау барысында мұғалім бір қатар жауаптар алу үшін, алдын-ала дайындалған сұрақтар қоя отырып, оқушыларды қолдау көрсету арқылы ынталандырады.

ҚБ «Бас бармақ», «Серпілген сауал», «ТӨДК» тәсілі.






Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 – сынып

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.1.3 қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;

Сабақ мақсаты

  1. Кері пропорционалдық шамалар анықтамасын білу, есептер шығару, оларға мысалдар келтіру;

  2. Кері пропорционалдықты дәлелдеу, қасиетін талдау;

  3. Математикалық тілде кері пропорционалдықты тұжырымдау.

Бағалау критерийлері

  • шамалардың кері пропорционалдығының анықтамасын біледі;

  • қашықтық тұрақты болғанда жылдамдық пен уақыт кері пропорционал шамалар болатындығын анықтайды;

  • кері пропорционалды шамаларды есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: екі қатынастың теңдігін тұжырымдайды, қандай шамалар кері пропорционал болатынын түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминдер: «кері пропорция», «қатынас»

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер: «Егер бір шама бірнеше есе артқанда (кемігенде), екінші шама сонша есе артатын (кемитін) болса, онда мұндай шамалар ... деп аталады», «Қандай шамалар кері пропорционал шамалар?»

Құндылықтарға баулу

  • «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын түсінеді;

  • Ынтымақтастық ортада жұмыс жасайды;

  • Топта өз пікірін дәлелдеу негізінде азаматтық көзқарасы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Физика (бір қалыпсыз үдемелі қозғалыс)

Алдыңғы білім

6.1.1.1 екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну;

6.1.1.2 қандай шамалар тура пропорционал шамалар болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру,есептер шығару.




Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

«Айна» ойсергек арқылы оқушылар арасында ынтымақтастық орнату.

Оқушылардың ынтасын шоғырландыру мақсатында «Допты лақтыру» тәсілі арқылы оқушыларға өткен сабаққа қатысты сұрақтар қойылады.



  1. Екі санның бөліндісі қалай аталады?

  2. Екі қатынастың теңдігі қалай аталады?

  3. Қандай шамалар тура пропорционал шамалар деп аталады?

  4. Тура пропорционал шаманың қасиеті қандай?

Мысал келтір:

  • Заттың бағасы тұрақты болғанда оның құны мен мөлшері;

  • Тұрақты жылдамдықпен жүргендегі жол мен уақыт;

  • Квадраттың қабырғасының ұзындығы мен оның периметрі.

Ширату жаттығуы «Суретті әңгіме» кестедегі мәліметтер бойынша сандар арасындағы заңдылықты тауып, бүгінгі сабақтың мақсаты анықталады.

Жұмысшылар саны

4

8

12

16

Жұмыс орындау уақыты(сағ)

120

60

40

30




Интербелсенді тақта, 6-сынып математика оқулығы, интернет желісі Bilimland сайты

Сабақтың ортасы

(Ө.Т) «Түртіп алу» әдісі (білемін, білгім келеді,үйрендім) арқылы жана тақырыпты меңгеру.

Анықтама: Егер екі шаманың біреуін бірнеше есе артқанда (кемігенде), екіншісі сонша есе кемитін (артатын) болса, онда мұндай шамалар кері пропорционал шамалар деп аталады.

Кері пропорционалдықты әріптермен жазсақ:

Егер екі шама кері пропорционал болса, онда бірінші шаманың мәндерінің қатынасы екінші шаманың мәндерінің кері мәндеріне тең.

Бұл – кері пропорционалдықтың қасиеті.

Кері пропорционал шамалардың сәйкес мәндерінің көбейтіндісі – тұрақты сан. Мысалы, кері пропорционал шамалар:



  • Тік төртбұрыштың ауданы тұрақты болғанда, оның ұзындығы мен ені;

  • Құны бірдей заттардың мөлшері мен бағасы;

  • Арақашықтық бірдей болғандағы жылдамдық пен уақыт.

Мысалы, тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 6 см. Осы тік төртбұрыштың ауданы өзгермегенде:

  1. Ұзындығы 16 см болса, ені неше сантиметр болады?

  2. Ені 4 см болса, ұзындығы неше сантиметр болады?

(Ө.Ж)Тапсырма 1. «Ереуіл» миға шабуыл әдісі арқылы

жаңа материал бойынша бар білімдерін жинақтау, идеяларымен бір-бірімен бөлісу.

Бір жүкті тасуға үш тонналық 10 машина керек. Сол жүкті тасу үшін екі тонналық неше машина керек?

Дескрипторлар:


  • Есепті кері пропорция арқылы шығару;

  • кері пропорцияның әріптермен белгіленуін көрсету.

ҚБ «Ойлан, тап, бөліс» тәсілі арқылы оқушылар жұптарын бағалайды.

(Т) Тапсырма 2 . «Әлемді шарлау» тәсілі арқылы берілген тапсырманың негізгі тұжырымдары бойынша формуланы анықтау, топтық талқылау арқылы топта жұмыс істеу дағдаларын дамыту.

Автобус Қарағанды және Астана қалаларының арасындағы қашықтықты 60 км/сағ жылдамдықпен 3,5 сағ жүрді. Егер автобус жылдамдықты 10 км/сағ арттырса, осы қашықтықты неше сағат жүреді?



Дескрипторлар:

  • есеп шартының дұрыс құрылуы;

  • жылдамдық формуласының қолданылуы;

  • пропорцияның тиімді есептелуі.

ҚБ «Бағдаршам» тәсілі арқылы оқушылар бірін – бірі бағалайды.

(Т) Тапсырма 3 «Балық қаңқасы» тәсілі арқылы тапсырманы шешу жолында оқушылардың ойлау мен шығармашылығын ынталандыру.

Пойыз Астана және Жезқазған қалаларының арасын 10 сағатта жүріп өтеді. Егер пойыздың жылдамдығын 10 км/сағ арттырса, онда бұл аралықты 8 сағатта жүріп өтеді. Пойыздың жылдамдығы мен Астана және Жезқазған қалаларының ара қашықтығын табыңдар.



Дескрипторлар:

  • есептің шартының дұрыс құрылуы;

  • есеп шартына сәйкес теңдеу құру;

  • теңдеудің шешімін анықтау.

ҚБ «Пікір алмасу» (Showdown) тәсілі арқылы әр топ балық қаңқаларының бір жағына тапсырмаға байланысты сұрақтар, екінші жағына жауаптарын жазып, топтармен алмасады.

Әр топ басшысы сұрақтарды оқиды, топ мүшелері дұрыс жауаппен салыстырады, өзін-өзі бағалайды.



«Түртіп алу» слайд №2

Топтық жұмыс материалдары,



Постер

«Бағдаршам» карточкалары



«Балық қаңқасы салынған постер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет