Нәтижесі:
Сынып: 6 «Б»
Күні: .09.10.2019
Тақырыбы: Жасушаның химиялық құрамы. Органикалық заттар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жасушаның химиялық құрамы туралы жалпы түсінік беру. Жасуша құрамындағы органикалық заттармен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыра түсу. Үй тапсырмасын тиянақты орындауға қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды топтық ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: жаусшаның органикалық және бейорганикалық заттарының үлгілері және кестелері, жануар және өсімдік жасушаларының суреттері
Сабақ типі: аралас
І Ұйымдастыру кезеңі : амандасу, түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
І деңгей . Сұрақ-жауап
1. Өсімдік жасушасында қандай процестер өтеді.
2.Жасушаның қоректенуі дегеніміз не?
3.Цитоплазманың қозғалуы туралы айтыңыз?
4.Цитоплазма дегеніміз не?
II деңгей. Биологиялық диктант.
1. Қабықшаның өте жұқарған жерін-......... деп атайды.
2............ (грекше «цитос»-жасуша, «плазма»-сұйықтық)- жұмытқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді соқылмалы қоймалжың тірі зат.
3. Хлорпласта жасыл пигмент-......... бар. Органикалық зат түзуге қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |