Сабақ / практическое занятие Тақырып: «Жеке бас тазалығы»


Қол жеткен нәтиженің бағасы



бет12/13
Дата16.06.2022
өлшемі194 Kb.
#146689
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
жеке гиг-1
7дәріс
Қол жеткен нәтиженің бағасы:
Дәрет ыдысы мен зәршығарғыш науқасқа берілді.
Науқас пен оның туыстарын үйрету: Жоғарыда баяндалған мейірбике әрекетінің дәйектемесіне сәйкес араласудың кеңес беру түрі.

Зәр қабылдағыш пен дәрет ыдысын зарарсыздандыру

1. Дәрет ыдысын ағынды сумен шайыңыз.


2. Жөкемен жуыңыз.
3. 1% хлорамин ерітіндісіне 1 сағатқа салыңыз.
4. Ағынды сумен шайып, қурғатыңыз.
5. Немесе тәулігіне 1 рет калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен шайып -тұру қажет.
6. Арнайы бөлмелерде сөрелерде немесе науқастың төсегінің астындағы орындықшаға қойып сақтайды.

СЫРТҚЫ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ МЕН БҰТАРАЛЫҚ КҮТІМ СТАНДАРТЫ
Сыртқы жыныс мүшелері мен шап аралығының терісі жиырылған жер күнделікті жууды қажет етеді. Өздігінен қозғалатын науқастар бұл үшін бидені пайдаланады. Ауыр халдегі науқастарды әр дәретке отырған сайын, ал нәжісі мен зәрі тоқтамайтындарды - шап қыртысы терісінің сызылуын және қабынуын болдырмау үшін күніне бірнеше рет шайып жуу керек. Әйелдерді жиірек жуып шаяды.


Мақсаты: Науқастың сыртық жыныс мүшелерін тазалау
Көрсетілімі: Өзін-өзі күтудің жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілімі: Жоқ
Жабдықталуы:

  • Клеенкалар

  • Дәрет ыдысы.

  • Суы бар құмыра (температурасы 35 - 38 градус Цельси).

  • Мақталы тампондар немесе сүрткілер.

  • Корнцанг немесе пинцет.

  • Жеке қорғаныс құралдары (қолғаптар, бетперде, алжапқыш).

  • Шымылдық

Науқаста туындайтын проблемалар:

  • Психоэмоционалды.

  • Өзін-өзі күте алмау.

Іс-әрекет алгоритмі:
Ерлердің сыртқы жыныс мүшелерін тазалау барысында:

  1. Науқасты шақырып, алда тұрған ем-шара боларын хабарлаңыз.

  2. Қолыңызды жуып, жеке қорғаныстың құралдарын киіңіз (қолғаптар, бетперде, алжапқыш).

  3. Науқасты шымылдықпен жабыңыз.

  4. Науқасты арқасына жатқызыңыз, тізе тұсы бүгіңкі және бос болуы тиіс.

  5. Науқастың астына клеенканы төсеп, дәрет ыдысын қойыңыз.

  6. Науқасқа оң жағынан тұрыңыз.

  7. Шапты жоғарыдан төмен жуыңыз

  8. Жыныс мүшесінің басын шеңбер қозғалысымен зәр шығаратын каналдан маңдайшасына дейінгі бағытта жуыңыз, кептіріңіз (сүрткілерді ауыстыру арқылы).

  9. Бір қолыңызбен жыныс мүшесін алыңыз, шеткі тәнін тартыңыз. Шеткі тәнді бастапқы қалпына келтіріңіз.

  10. Ұма қалтасын жуыңыз, тері қалташаларын жоғарыдан төмен, содан кейін анал тесігін (сүрткілерді ауыстыру арқылы).

  11. Тампондарды ауыстыру арқылы сол жерді кептіріңіз.

  12. Дәрет ыдыс мен клеенканы алыңыз.

  13. Науқасқа ыңғайлы жағдайды қабылдауға көмектесіңіз.

  14. Науқастың төсегін қалпына келтіріңіз.

  15. ҚР ДСМ заңды күші бар нормативті құжаттарына сәйкес жабдықтауды тазалауды жүргізіңіз.

Қолғаптарды шешіп, қолыңызды жуыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет