Сабақ №, сабақ тақырыбы Сабақ 5-7: Кешенді географиялық аудандастыру Оқу мақсаты (қысқаша)



Дата14.06.2020
өлшемі24,3 Kb.
#73395
түріСабақ
Байланысты:
10 сынып Сабақ 5-7 Кешенді географиялық аудандастыру


Пәні

География

Мұғалімнің аты-жөні

Бердиярова Камшат Бейсеновна

Оқулық

География, Каймулдинова К., Әбілмәжінова С. ЖМБ, 10 сынып, Алматы: Мектеп, 2019

Сабақ №, сабақ тақырыбы

Сабақ 5-7: Кешенді географиялық аудандастыру

Оқу мақсаты

(қысқаша)



10.6.1.2 кешенді географиялық және тарихи-географиялық аудандастырудың өз үлгісін ұсыну

10.6.1.3 дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсыну



Оқушының аты-жөні

(оқушы толтырады)






Іс-әрекет реті

Ресурстар

(мұғалім толтырады)

Орындалуы

(оқушы толтырады)

Мағынаны таны

  • Оқулық, 201-203 беттегі мәліметтермен таныс




  • Қосымша сілтеме

https://ppt-online.org/134034

https://www.opiq.kz/kit/51/chapter/4172



+ белгісімен танысқан ресурстарыңды белгіле

Жауап бер

  1. Тарихи –географиялық аймақ деген не?




Орында

  1. «Макроаймақ», «Музоаймақ», «Аймақшалар» дегеніміз не? Венн диаграммасын құрастыр (таңдау бойынша екі ұғымды ал)

  2. Контуркартаға барлық 16 тарихигеографиялық аймақты түсір.

  3. Сарамандық жұмыс: https://www.opiq.kz/kit/51/chapter/4172сілтемені пайдаланып сарамандық жұмысты орында




Рефлексия

Мен білдім- тақырыптық ұғымдарды

Мен білемін -тарихи-географиялық аймақтардың түсінігін, таралуын



+ немесе – белгілерін қой






Мұғалімнен кері байланыс

(ауызша кері байланыс немесе жазбаша ұсыныс)




Қосымша материал

Тарихи –географиялық аймақ деген не?

Егер біз төменгі сыныптарда физико –географиялық аймақтармен таныссақ. Ол кезде сол аймақтың географиялық ерекшелігін айтканда орналасу жайы, өсімдігі, жануары туралы айтамыз, ал енді тарихи –географиялық аймақ дегенде сол аймақтағы тарихи жағдайлар, өркениет, елдердің даму тарихы, халқы, экономикасы туралы қарастырамыз. Тарихи –географиялық аймақтардың ірілері дүние бөліктері, материктер, субаймақтар, мемлекттер болып бөлінеді. Әр аймақтың даму картинасы әртүрлі: Мысалы: Европа ежелгі өркениет ауданы болса, Азияның әр бөлігі әртүрлі, Ал Африка мен Латын Америкасының тарихи даму кезеңі өте аз уақытты қамтиды. Тарихи –географиялық аудандастыруда


Континент – субаймақ – мемлекет

Тарихи –географиялық аймақтың континенттік деңгейі 4 өмір сүру аймағынан тұрады : Евразия, Африка, Америка, Австралия және Мұхиттық аралдар

Субконтинентальді деңгейі макроаймақтардан тұрады: Шетелдік Европа, Оңтүстік Азия, Оңтүстік –Шығыс Азия, Орталық Африка, Солтүстік Америка және т.б.

Субаймақтар– бұл макроаймақтардың ірі бөліктері. Мысалы Латын Америкасын мынадай субаймақтарға бөлеміз: Мезоамерика немесе Орталық Америка (құрамында Мексика, Орталық Америка мен Вест-Индия аралдарының елдері), Анд елдері (Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили), Ла-плато елдері немесе Атлант жағалауы елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия). Соңғы кезде жаңа атау да пайда болған: Оңтүстік конус елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Чили).

Ал Латын Америка атауы осы аймақта тарихи орын тепкен роман тіл әулетінің (латын тілді) халқы – испандар мен португалдардың орналасуымен таралған. Қазіргі терминологияда Кариб елдері деген атауды да кездестіруге болады, себебі ол мемлекеттер латын тілді емес .


Казiргi әлем 16 тарихи-географиялық аймаққа бөлiнедi 

1.Батыс Еуропа
2.Шығыс Еуропа
3.Теуелсiз Мемлекеттер достастығы (ТМД)

4.Оңтүстiк-Батыс Азия
5.Оңтүстiк Азия
6.Орталық және Шығыс Азия
7.Оңтүстiк-Шығыс Азия

8.Солтүстiк Америка 

9.Латын Америкасы 

10.Солтүстiк Африка 

11.Батыс Африка 

12.Орталык Африка 

13. Шығыс Африка
14.Оңтүстiк Африка 
15.Аустралия 

16.Мұхит аралдары 

Енді тарихи –географиялық аймақтарды қарастырайық:

Европа - негізінен тарихи екі субаймаққа бөлеміз: Батыс және Шығыс Европа .Батыс Европаға 24 мемлекет кіреді. Оған микромемлекеттер де қосылады. Ауданы 3,7 млн.км2 және халқы 390 млн.адам. бұл мемлекеттердің барлығы капиталистік елдер. Ал енді Орталық Шығыс Европаға 16 ел (ауданы 1,7 млн. км2 халқы 130 млн. адам) кіреді. Бқлмемлекттердің 80 ші жылдардан кейін нарықтық экономикаға көшкен постсоциализм елдері.

Сәйкесінше:

Батыс Европаны 4 аймаққа бөледі;

  • Солтүстік Европа : Скандинавия елдері, Дания, Финляндия, Балтық елдері

  • Оңтүстік Европа – Жерорта жағалауы елдері,

  • Батыс Европа: ФРГ, Франция, Ұлыбритания,Австрия, Бельгия, Швейцария

  • Шығыс Европа: Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния и Болгария


Азияны 4 аймаққа бөледі; ауданы-44 млн км2 . 40-қа жуық мемлекет орналасқан. Саяси картасының қалыптасу кезеңдері Азия-екі жарты шарда бірдей орналасқан ең үлкен дүние бөлігі. Азия-"көшпенді өркениет" бесігі.

1.Оңтүстік-Батыс Азия : құрамына 17 ел енетін тарихи қалыптасқан аймақ, түгелімен Таяу ж/е Орта Шығыс деп аталатын тарихи-мәдени облысқа енеді. Аймақтың үш дүние бөлігі тоғысқан жерде орналасуы, аса маңызды халықаралық су жолдарының тоғысында жатуы және көпшілік аумағының мұнай қорына бай болуы бұл топтағы елдердің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтаушы басты факторға айналды. Суэц каналының іске қосылуы және Берлин-Бағдад теміржолының салынуы аймақтың геосаяси жағдайын нығайта түсті. Аймақ құрамындағы елдердің 
мемлекеттік құрылысы мен басқару формасы әртүрлі. Республикалар: Грузия, Израиль, Ирак, иран, Йемен, Ливан, Кипр, Сирия, Түркия, Ауғанстан. Конституциялық монархиялар: Иордания. Абсолютті монархия: Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы
2. Оңтүстік Азия-Гималай тауынан оңтүстікке қарай орналасқан 9 елді қамтиды. Аумағы жөнінен Жер шарының бар болғаны 4%-ын ғана алып жатқан бұл аймақта адамзаттың 1/5 бөлігі, яғни 1,5 млрд.-тан астам халық тұрады. Аймақтың Үнді мұхиты жағалауында орналасуы мұндағы елдердің мемлекетаралық сауда қатынастарына еркін енуіне жағдай жасаған.Қазіргі кезде бұл жағалау Еуропа мен Африканы Азия елдерімен және Аустралиямен байланыстыратын халықаралық қатынас жолдары өтеді. Мемлекеттік құрылысы мен басқару формасы бойынша: Республикалар: Үндістан, Пәкстан, Бангладеш, Шри-Ланка, Мальдив, Непал. Конституциялық монархия: Бутан,
Камбоджа,Лаос,
3.Оңтүстік-Шығыс Азия: Үндіқытай мен Малай топаралында (архипелаг) орналасқан 10 ел енеді. Республикалар: Вьетнам, Индонезия, Лаос, Мьянма,Сингапур, Филиппин
Абсолюттік монархия: Бруней, Конституциялық монархия: Малайзия, Таиланд, Камбоджа

4.Орталық және Шығыс Азия : Жапония, КХДР, Қытай, Тайвань, Корея Республикасы, Моңғолия енеді. Сонымен қатар Қытайдың арнайы әкімшілік аудандары болып есептелетін Сянган (Гонконг) пен Аомынь (Макао) да осы аймақта орналасқан.
Солтүстік Америкаға – АҚШ пен Канада кіреді
Латын Америкасын мынадай субаймақтарға бөлеміз:

  • Мезоамерика немесе Орталық Америка (құрамында Мексика, Орталық Америка мен Вест-Индия аралдарының елдері),

  • Анд елдері (Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили),

  • Ла-плато елдері немесе Атлант жағалауы елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия). Соңғы кезде жаңа атау да пайда болған: Оңтүстік конус елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Чили).


Африка 2 субаймаққа бөлінеді:

  • Солтүстік немесе араб Африкасы

  • Оңтүстік Африка


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет