Үйге тапсырма беру: Центрі В(4; 5; 5) нүктесінде жататын, радиусы 3-ке тең және хОz жазықтығына параллель орналасқан шеңбердің қиғашбұрышты фронталь диметриясын сал.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Геометриялық денелердің аксонометриялық проекцияларын салу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Сызу және техника жөнінде оқушыларға қысқаша
мәлімет беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың жалпы сызу жөнінде сана-сезімін
дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ең алдымен геометриялық денелер жайлы оқушыларға түсіндіріп, тақтаға сызып көрсетемін. Геометриялық денелер жайлы алдағы сабақтарда өтетінімізді және де олар жайлы атап айтқанда пирамида, призма, цилиндр, конус, шар жайлы қысқаша ғана айтып өтемін. Және де олардың аксонометриялық проекциясын салуға бірнеше жаттығулар орындаймыз.
Оқушыларға бірнеше жаттығу жұмыстарын көрсете отырып, оларға аксонометрилық проекцияларға арналған жаттығу жұмыстарын беремін.
Тікбұрышты аксонометрияның абциссалар және ординаталар осьтері бағытындағы бұрмалану көрсеткіштері и=0,6 және v=0,8 болсын. Аппликата осі бағытындағы бұрмалану көрсеткішін анықта.
Аксонометриялық перспективалық сурет бір және екі нүктеден
Аксонометриялық проекция изометриялы
диметрия
Достарыңызбен бөлісу: |