Үйге тапсырма беру: Кез келген детальдың қимасын орындап сызбасын түсір.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Қабаттастырылған (беттестірілген) және оңашаланған (шығарылған) қималар және оларды салудағы келісімдер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Нәрсенің қималарын орындап, сызбаға орналастыруға
үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру,
өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап,
сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін
тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау,
белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,
оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін
дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
127-суретте қималар көріністен тыс оңаша орналастырылған. Сызбадағы орналасуына қарай қима қабаттасқан және оңашалашан қималар болып бөлінеді. Қабаттасқан қима нәрсенің көрінісін шектейтін сызықтардың ішінде орындалады. Қабаттасқан қима фигурасын шектейтін сызық жіңішке тұтас болады. Оңашаланған қима сызбада бос орынға салынады, оны негізгі тұтас жуан сызықпен шектейді. Негізгі тұтас жуан сызық нәрсенің көрінетін контурының кескіні үшін де қолданылатынын айта кетеміз. Көбіне оңашаланған қима қолданылады. Қабаттасқан қима нәрсе көрінісін оқуды қиындатады, ал кейде қиманың өзін де түсіну қолайсыз болады. Оңашаланған қиманы қима сызығының созындысына орналастыруға болады (127 -суреттегі белгіленбеген қима). Егер қима фигурасы осы сызыққа қарағанда симметриялы болса, онда қима жазықтығының орны көрсетілмейді және қиманың жоғарғы жағына ешқандай белгі қойылмайды. Бұл жағдайда осьтік сызық қима сызығы болып табылады. 126, б және 128, а суреттердегі қабаттасқан қималарды қара, оларда да қиюшы жазықтықтың орны (қима сызығы) көрсетілмеген. Қима фигурасы симметриялы (берілген нәрсе симметриялы) болса, қабаттасқан қимада нұсқамалары бар үзік сызық жүргізілмейді. Егер нәрсе симметриялы болмаса, онда нұсқамалары бар үзік сызық жүргізіледі, бірақ әріптермен белгіленбейді (128, ә- сурет). Сызба ықшам болу үшін оңашаланған қиманы көрініс бөліктерінің аралығындағы үзікке орналастыруға болады (128, б және в-суреттер). Нәрсенің шартты түрдегі үзілісі жіңішке ирек сызықпен көрсетілетіні белгілі. Жоғарыдағы ережелердің бұл жағдайға да қатынасы бар. Егер нәрсе симметриялы болса, қима сызығы көрсетілмейді (128, б-сурет), ал қима фигурасы симметриялы болмаса, жуан үзік сызық жүргізіліп, қимаға қарау бағыты нұсқамамен көрсетіледі, бірақ әріптермен белгіленбейді (128, в-сурет). Нәрсенің бірнеше қималары бірдей болуы мүмкін. Осындай бірдей қималар үшін қима сызықтарын да бірдей әріптермен белгілейді және бір қима сызылады. 129, а- суретте үш қимасы бірдей, ал төртінші қимасы (Б—Б) олардан өзге болатын тетікбөлшек сызбасы сызылған. Өзара тең үш қиманың орнына бір қима сызылған. Кейде оңашаланған қиманы сызбада бұрып та орналастырады (129, ә-сурет). Бұл жағдайда А—А немесе Б—Б жазуынан төмен бұрылу белгісі салынады. Бұрылу белгісін қима белгісі деңгейінде орналастыруға да болады. Егер мұндағы қиюшы жазықтықтар әртүрлі бұрыш жасап бағытталса, онда бұрылу белгісін салмайды. Егер қиюшы жазықтық тесікті немесе ойықты шектейтін айналу бетінің осі арқылы өтсе, онда тесіктің немесе ойықтың контуры толық көрсетіледі. 130-суреттегі тетікбөлшектің сызбасына қара. Тетікбөлшектің тесігі және ойығы бар. Суретте қима фигурасының анықтамаға сай кескіні келтірілген (130, ә-сурет), онда тесіктің контуры толық көрсетілмеген. Ол дұрыс емес, дұрыс қима 130, б-суретте көрсетілген. Қиюшы жазықтық нәрседегі цилиндр тәрізді тесіктің осі арқылы өткен жағдайлары 127-және 129-суреттерде де келтірілген. Оларда да цилиндр тәрізді тесіктердің контурлары толық көрсетілген. Әдетте, қима өзіне сәйкес көрініс қандай масштабта сызылса, ол да сондай масштабта сызылады. Бірақ керек болған жағдайда қиманы басқа масштабта сызуға болады. Бұл жағдайда қима белгілерінің (А—А немесе Б—Б әріптерінің) төменгі жағына оның масштабы жазылады
(127-суреттегі қима Б—Б).
131-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |