Үйге тапсырма беру: 131, а-суреттегі сол жақ көріністі қабаттасқан қимамен, ал 131, ә-суреттегі сол жақ көріністі оңашаланған қимамен алмастырып сыз.
132-суретте көрсетілген тетікбөлшектердің бас көріністерін және көрсетілген қималарын сал. Аксонометриядағы өлшемдерді қималарға түсір.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Тіліктер туралы жалпы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға орналастыруға
үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру,
өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап,
сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін
тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау,
белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,
оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін
дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзілме сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзілме сызықтар сызбаны оқуды қиындатып жібереді. Көрінбейтін сызықтардың проекциялары көрінетін сызықтардың проекцияларымен бірігіп түсуі мүмкін. Ішкі құрылысы күрделі тетікбөлшек көріністеріне қарап, оның пішінін түсінуге болмайды. Оның үстіне көрінбейтін сызықтарға өлшемдерді және басқа да түрліше шартты белгілерді түсіруге болмайды. Сондықтан қимамен қатар тілік деп аталатын тағы да бір шартты кескін қолданылады. Тілік нәрсенің ішкі құрылысын сызбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді. 133, а-суретте ішкі пішінін көрсету үшін тілікті керек ететін тетікбөлшектің көріністері берілген. Берілген тетікбөлшекті фронталь орналасқан жазықтығы бойынша ойша қиып, тең екіге бөлейік. Екіге бөлінген тетікбөлшектің аксонометриясы 133, ә-суретте сызып көрсетілген. Тетікбөлшектің оң жақтағы бөлігін (яғни, қиюшы жазықтықпен қараушының арасындағы бөлігін) ойша алып тастайық. Оның қалған бөлігін фронталь жазықтыққа тік бұрыштап проекциялайық. Осылайша алынған кескін тілік болады. Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған тетікбөлшектің кескінін тілік деп атайды. Тілікте нәрсенің қиюшы жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) және оның ар жағында жатқан бөліктері кескінделіп көрсетіледі. Біздер қарастырып отырған тетікбөлшектің сызбасы, әдетте, 133, б-суреттегідей болып сызылады. Мұнда да біз үш кескін көріп тұрмыз. Олардың екеуі - үстінен және сол жақтан қарағандағы көріністер де, ал үшіншісі - тілік. Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қимадағыдай жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Осы үзік сызыққа перпендикуляр екі нұсқама салынады. Нұсқамалар қима сызығының сыртқы шетінен 2-3 мм қашықтықта орналасулары тиіс. Нұсқамалардың сырт жағына орыс алфавитінің бас әрпі екі рет жазылады. Тіліктің жоғарғы жағына бұл әріптер сызықша арқылы жазылады. Егер қиюшы жазықтық тетікбөлшек симметрия жазықтығымен дәл келсе, тілікті сәйкес көріністің орнына орналастырады. Мұндайда қиюшы жазықтықтың орны сызбада көрсетілмейді, ал тілік белгіленбейді. Тілік пен қиманы шатастырмау керек. Олардың арасындағы айырмашылықты жақсы түсініп алған дұрыс. Қиманы салғанда тек қиюшы жазықтықтың тікелей өзінде жатқан фигура ғана көрсетілетіндігін білесіңдер. Ал тілікті салғанда қима фигурасына қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқандарды да қосу керек. 134-суреттен екі кескіннің (қима мен тіліктің) арасындағы айырмашылық анық көрініп тұр.
Үйге тапсырма беру: Фронталь және горизонталь проекциялары 135- суретте көрсетілген тетікбөлшектің профиль проекциясын салып, оның фронталь проекциясын тілікпен алмастыр.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Қарапайым тіліктер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға орналастыруға
үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру,
өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап,
сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін
тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау,
белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,
оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін
дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Қиюшы жазықтықтың санына қарай, тілік қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Күрделі тілікті келесі параграфта қарастырамыз. Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды.
Тетікбөлшектің құрылысына, оның пішініне байланысты әртүрлі тілікті таңдап ала білу керек. Мәселен, 139-суреттегі тетікбөлшек үшін горизонталь тілік мақсатқа сай емес, өйткені ол тетікбөлшектің негізгі контурын қайталайды да, ішкі құрылысын анықтай алмайды. Фронталь тілік беруге болар еді, бірақ тетікбөлшектің орталық бөлігінде тесік, шығыңқы не ойыс жатқан ештеңе жоқ. Бірақ 139-суретте көрсетілген тетікбөлшектің екі басындағы тесіктердің пішінін анықтау керек. Бұл жағдайда жергілікті тілікті пайдаланған дұрыс. Тетікбөлшекті түгел қиып жатпай, оның бізге керекті бөлігінің ішкі құрылысын көрсетуге мүмкіндік беретін тілікті жергілікті тілік дейді. 139, ә-суретте жергілікті тіліктерді пайдаланып, берілген тетікбөлшектің сызбасы дұрыс сызылған. Жергілікті тілік көріністе ирек сызықпен оқшауланады.
Проекциялары симметриялы фигуралар болатын тетікбөлшектің сызбасын қарастырайық. 140, а-суретте тетікбөлшектің екі көрін ісі (алдыңғы және үстіңгі) келтірілген. Осылар бойынша тетікбөлшектің сыртқы пішіні туралы түсінік алу оңай да, ал ішкі жағын түсіну қиынырақ. Тетікбөлшекті фронталь жазықтықпен ойша қияйық. Осыдан шыққан фронталь тілік пен үстіңгі көрініс бойынша ішкі жағы туралы мағлұмат алуға болады (140, ә-сурет). Тетікбөлшектің сыртқы және ішкі пішіндері туралы толық түсінік беретін тек бір кескінді қалай алуға болады? Ол үшін көріністің жартысын тіліктің жартысымен біріктіріп салу керек. Ондай сызба 140, б-суретте көрсетілген. Егер тетікбөлшек симметриялы фигураларға проекцияланатын болса, сызбада көріністің жартысын тіліктің жартысымен қосып, біріктіріп сызуға болады. Көріністің жартысында көрінбейтін сызықтар (үзілме сызықтар) жоқ, соған назар аудар. Оларды жүргізудің қажеті жоқ, әйткенде тілікте көрінетін ішкі контурдың тұрпатын қайта сызып шығар едік. Көрініс пен тіліктің арасы жіңішке үзілмелі нүктелі сызықпен (ось сызығымен) бөлінген. Үстіңгі көрініс үш жағдайда да бірдей, ол өзгермейді. Егер сызбада тетікбөлшектің симметрия осі мен контур сызығының проекциясы дәл келсе, яғни симметрия осі басқа бір сызықтың проекциясымен беттесетін болса, онда көріністің жартысы мен оған сәйкес келетін тіліктің жартысын қосып біріктіруге болмайды. Бұл жағдайда көрініс пен тілік ирек сызықпен бөлінеді. Егер симметрия осімен дәл келетін сызық тесікте орналасқан болса, онда сызбада тіліктің жартысынан үлкен бөлігі көрсетіледі (141, а-сурет). Егер симметрия осімен бірігіп түсетін сызық тетікбөлшектің сыртқы бетінде орналасқан болса, онда көріністің үлкен бөлігі көрсетіледі (141, ә-сурет). 142-суретте беріктік үшін жасалған екі қанатшасы бар тетікбөлшек кескінделген. Қиюшы жазықтық осындай жұқа қабырғаны қуалай (көлденең емес) тілгенде қанатша кесілгенмен шартты түрде сызықталмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |