Сабақ №________ Сыныбы: 9 Күні___________
Сабақтың тақырыбы: Аспаздық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік ережесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырып бойынша білімді жүйелеу; технология кабинетінде өзін өзі ұстау ережесін және ішкі тәртіпті қайталау;
Дамытушылық: коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: жауапкершілік сезімдерін ұштау; жұмыс кезіндегі ұқыптылыққа үйрету.
Сабақ түрі: қайталау сабағы.
Сабақ өткізу әдістері: сұрақ-жауап
Жабдықтар мен көрнекіліктер: оқулық, жұмыс дәптері, тапсырмалар.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4 Сабақ өткізу жоспарымен таныстыру.
II. Мақсат қою кезеңі. Оқушылардың тамақ дайындау технологиясы кезіндегі СГТ, ТҚЕ жөніндегі білімдерін мына тақырыпшалар арқылы кеңейту.
III. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Сұрақтар:
1. Кабинетте өзін өзі ұстау ережелерін атаңдар.
2. 8-сыныпта қандай техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыңдар?
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
1-тапсырма
Мен еңбек қауіпсіздік ережелерін орындаймын, себебі_______________________________________________
2-тапсырма
Ыстық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезінде ТҚЕ-ні білмесе, қандай салдар орындалуы мүмкін?________________________________________________
3-тапсырма
Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтамау__________________________
__________________________________________________________________
әкеліп соқтырады.
IV. Бекіту кезеңі
Сұрақтар:
1. Газ плитасымен жұмыс істеу кезіндегі ТҚЕ-ні атаңдар.
2. Кесу құралдарымен жұмыс кезіндегі ТҚЕ-ні санамалаңдар.
V. Бағалау: белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
Үй тапсырмасы: Оқулықтан §1 мазмұнын қайталау
Достарыңызбен бөлісу: |