Сыныбы
|
10 «А»
|
Пәні
|
Қазақстан тарихы
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
Торекулова Нургуль
|
Сабақ № , тақырыбы
|
Қазақстардың дәстүрлі дүниетанымы.
|
Оқу мақсаты
|
10.4.1.3 қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын анықтау үшін «әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», «діл (менталитет)» ұғымдарын пайдалану;
10.4.1.4 қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын салт-дәстүрлерді зерттеу негізінде түсіндіру.
|
Оқушының аты-жөні
|
|
Іс –әрекет түрі
|
Ресурс
|
Оқы
|
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы
https://www.youtube.com/watch?v=yHtwRBbaZp8
|
Сұрақтар
|
|
Орында
|
Міндетті деңгей
|
Рефлексия
|
Білмеймін .......
Білемін .....
Түсінемін .....
Түсінемін және қолдана аламын ....
Басқа біреуді үйрете аламын .....
|
Үй тапсырмасы
|
Міндетті деңгей:
Дарын. Онлайн порталындағы тест тапсырмаларын орындау.
(скриншоттап немесе суретке түсіріп жіберу)
|
Оқушымен кері байланыс
( ауызша бағалау немесе комментарий)
|
|
Қосымша 1
(Д/Ж) (а) Дереккөздерін және біліміңізді қолданып, қазақ халқының дүниетанымы, ұлттық ділінің сақталуыныңқазіргі кезеңдегі маңызынтүсіндіріңіз.
А дереккөзі
Қазақтар үшін ең қымбат құндылық адамның бойындағы адамгершілік қасиеті болды. Ар-ұят, уәдеге беріктік, тек қана шындықты айту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, тек жақсы сөз сөйлеу, біреудің көңіліне тимеу адамның бойына ана сүті арқылы дариды. Міне халқымыздың осы асыл қасиеттерін артынан ерген ұрпақтары барлық байлықтан жоғары қойып, оларды өздерінің туы етіп ұстады....
...Қазақ халқының ерлігі, төзімділігі, батырлығы, адамгершілігі, даналығы, көрегендігі — біртұтас бейнесін құрады. Қорытындылай келе, қазақтың философиялық дүниетанымы дегеніміз көп факторлардан құралған рухани жетістік екендігін көреміз. Ол өзінің даму тарихында көптеген кезеңдерден өтті, кемелденіп, дамыды. Қазақ халқының философиясы тек тарих және мәдениетпен шектелмей, халқымыздың болашаққа жету бағдарына қызмет етуі шарт. Бірақ дәл қазіргі кезде қазақ философиясы болашаққа қызмет атқаратын күйде емес, себебі, төл философиямызды мойындамаушылар саны аз емес.
Қазақ философиясының деңгейін көтеру үшін ең алдымен мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз керек. Ендігі мақсатымыз бай мұраларға толы қазақ философиясын жоғары деңгейге көтеру және ұлттық концепциясын жасау болып табылады. Қазақ ойшылдарының өшпес мұрасын, ұрпаққа қалдырған философиялық дүниетанымын қазіргі кезеңдегі философтар өз шығармаларына арқау етіп ұстанса, төл философиямыз өміршең болмағы анық.
Дерек көзі: Муканова А. К., Альжанова Г. Б. Қазақтың философиялық
дүниетанымының қалыптасуы // Молодой ученый. — 2017. — №16.1. — С. 31-32. — URL https://moluch.ru/archive/150/42696/ (дата обращения: 20.05.2019).
В дереккөзі
...Тәуелсіздік жылдары қазақ халқының рухани-құндылықтық әлемі, оның ұлттық санасы мен дүниетанымы жаңарып, өзін-өзі тану, өзін басқаға таныту, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін ардақтау, қазақ халқының генофонындағы ұлы ойшылдары мен тұлғаларын бүкіл әлемге таныту, бай рухани және мәдени қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды. Сондықтан 1500 жылдық түркі және қазақ тарихының негізін ұмытпауымыз керек.
Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы, 1999. – 190 б.
С дереккөзі
....Прагматизм. Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес. Мысалы, халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орындыжұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келгендігі…
Ұлттық бірегейлікті сақтау.Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
Н.Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.
https://www.zakon.kz/4884299-bolasha-a-ba-dar-ruhani-zha-yru.html
Д дереккөзі
ҰЛТТЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚ
Соңғы жылдары алыс, жақын шет елдермен қарым-қатынас жасаудың жиілеуі қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен әдебіне жат мінез-құлықтардың ауа жайылуына да жағдай тудыруда. Ішімдік, темекі, есірткі, рұқсатсыз қару-жарақ қолданудың көбеюі, рэкет пен жезөкшеліктің пайда болуы, жалғыз басты ана, тастанды бала, тірі жетімдер санының артуы, ақшаға, пайдаға құнығу т.б. осы секілді көптеген теріс қылықтарды көбейте түсті. Осылардың басты бір себебі – өнімді еңбектің құны түсіп, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы бұрынғы ұжымдардың күйзеліске ұшырауы.
Социализм тұсында жоғарыдан нұсқау мен көмек күтіп отыруға әдеттенген халық жаңа жағдайға икемделе алмай келеді. Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, теледидар, радио, кино, жарнамалар т.б.) “озық батыс мәдениеті” деп қатыгездікті, нәпсіні, жауыздықты, өзімшілдікті дәріптейтін “өнер үлгілерін” тек табыс әкелетін болса жеткілікті деп көптеп таратып жатыр.
Бұған керісінше, мемлекеттік-ұлттық идентификацияның негізінде әлеуметтік жауапкершілікті жоғары қоятын, көпшіліктің мүддесі үшін жеке бастың құмарлықтарын екінші қатарға ысыратын рухани құндылықтар ғана жатуы керек. Сондықтан, бұқаралық мәдениет пен ұлттық идентификацияны құрайтын құндылықтар логикасы бір-біріне мүлде қарама-қайшы дүниелер.
Дариябек Д.С.Сулеймен Демирель Университеті, 2015 жыл, №4. 71-бет
Достарыңызбен бөлісу: |