Сабақ №060 Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы Сыныбы: 8 Пән мұғалімі


VІІІ кезең. Географиялы - экологиялық есептер



бет16/17
Дата08.02.2022
өлшемі119,24 Kb.
#117224
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
VІІІ кезең. Географиялы - экологиялық есептер.
Мақсаты: Айналадағы бізді қоршаған табиғатты сүйіп, аялап адамдардың тіршілігі, өмірі табиғатпен тікелей байланысты екенін жас өскелең ұрпақ балабақшадан, отбасынан, мектеп қабырғасынан жақсы түсініп шығу керек. 
1-есеп: Тәулігіне 1 ағаш 1 адамға жететін оттегі бөледі. Қалада қажетсіз газдардың бөлінуіне байланысты бұл оттегінің 10 есе кемісе, бір жарым миллион халқы бар Алматы қаласының тұрғындары үшін қанша ағаш қажет? 
Шешуі: 1500000*10=15 млн (ағаш) 
2-есеп: Бір автомобиль тәулігіне 20 кг газ бөліп шығарса, 6 автомобиль 1 айда қанша кг газ бөліп шығарады? 
Шешуі: 6*20=120; 120*30=3600 (кг) 
3-есеп: 1 тонна мата қалдығынан өңдеп 600 метр мата алуға болады. Осындай 35 тонна мата қалдығынан қанша метр мата алуға болады? 
Шешуі: 35*600=21000 (м) 
4-есеп: Құмырсқа 1 минутта ұясына 2 ондық жәндік тасып әкелсе, 2 сағатта қанша жәндік тасып әкеледі? 
Шешуі: 20*120=2400 (жәндік) 
5-есеп: Жер мен Айдың арасы 384000 км, ал Жер мен Күннің арасы 149500000 км болса, Ай күнге қарағанда Жерге жуық шамамен неше есе жақын? 
Шешуі: 149500000/384000 389,3 (есе) 
6-есеп: Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1 стакан су ағады. Осындай краннан 1 сағатта /1 тәулікте/ неше литр су ағады? 
Шешуі: 16*60=10 (стакан 1 сағ); 24*10=240 (стакан 1 тәулік) 
7-есеп: 1 үйеңке ағашы бір жылда 2 кг 100 г оттегі бөліп шығарады. Ал шегіршін ағашы одан 7 есе көп оттегі бөліп шығарса, онда жылына бір үйеңке және шегіршін ағаштары қанша кг оттегі бөліп шығарады? 
Шешуі: 2100*7=14700; 14700+2100=16800(г)=16кг 800г 
8-есеп: Көк шегіртке 1 айда 42 өсімдік битін, одан 3 есе аз кішкене шіркей, ал шіркейлерге қарағанда шыбындарды 6 есе көп жесе, ол 1 айда /3 айда/ қанша жәндіктерді жейді? 
Шешуі: 42/3=14;14*6=84: 42+14+84=140(1ай); 140*3=420(3ай) 
9-есеп: Атмосферадағы ауаның ластану нәтижесінде 1 жылда 16 миллиард сомға залал келеді, ал 10,20,50,100 жылда қанша зиян шегеміз? 
Шешуі: 16 млрд*10=160 млрд; 16*20=320млрд; 16*50=800млрд 
10-есеп: Шошқа өсіретні кешендерден тәулігіне 350 метр куб лас заттар өзенге құйылады. Жылына қанша мөлшерде өзендерге лас зат құйылады? 
Шешуі: 365*350=127750м(куб) 
11-есеп: Үйрек 70 күнде 4 кг-ға дейін салмақ қосса, 35 күнде ол қанша салмақ қосады? 
Шешуі: 70/35=2; 4/2=2 (кг) 
12-есеп: Бамбук ағашы тәулігіне 30 см өседі, ал терек ағашы тәулігіне 2 см өссе, бамбук ағашы тәулігіне неше есе артық өседі? 
Шешуі: 30/2=15(есе) 
13-есеп: Әр адам 1 жылда 3 ағаштан жасалған қағазды пайдаланады. Сенің жанұяңа қанша қағаз керек 1 жылда? 
Шешуі: 4 адам болса- 4*12=48 (ағаш) 
14-есеп: 60 кг Макулатура 1 ағаштың өмірін қорғаса, оқушылар жинаған 420 кг маклатура неше ағаштың өмірін қорғайды? 
Шешуі: 420/60=70 (ағаштың) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет