Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар


Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет33/60
Дата07.02.2022
өлшемі290,67 Kb.
#94279
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60
Байланысты:
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Сыни ойлау дегеніміз не?

  2. Материалдарды оқу барысында сыни ойлау не үшін қажет?

  3. Сипаттамалық жазылым дегеніміз?

  4. Сыни жазылым мен сипаттамалық жазылымның қандай айырмашылықтары бар?

  5. Оқылатын еңбектің авторына не себепті мән беру қажет?

  6. Сыни тұрғыда ойлаудың қандай ерекшеліктері бар?

  7. Терең түсініп оқу мен үстірт оқудың қандай айырмашылықтары бар?



Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:
1) Төмендегі тұжырымның қайсысы дәлелге негізделген немесе қарапайым мәлімдеме екенін анықтаңыздар. Олардың нақты екенін қалай тексеруге болады?

  1. Менің туған жерім-әлемдегі ең сұлу жер

  2. Менің телефон номерім есте сақтауға өте қиын

  3. Хан Тәңірді тауының биіктігі теңіз деңгейінен 7010 метр

  4. Мысық тышқанға қарағанда жақсы үй жануары болып есептеледі

  5. Өкпе рагының 85% темекі шегу салдарынан болады

  6. Көкпар тартуға арналған серкенің салмағы 25 кг

  7. Балалардың 25% көзілдірік тағады

  8. Қазақстандағы әрбір екінші мигрант Өзбекстан азаматы

2) Өзіңіздің шетел қонақтарына қазақ халқының ұлттық ойынын таныстырушы ретінде елестетіңіз. Сіз ешқашан көкпар ойынын көрмеген және естімеген шетел азаматтарымен көкпар ойыны болып жатқан стадионда тұрып, олардың қойған мына сұрақтарына жауап беріп көріңіз:



  • Бұл қандай ойын?

  • Иеліктен ойынды атқа мініп ойнайды?

  • Неліктен ойынды ерлер ғана ойнап жатыр?

  • Неліктен мініп алған аттарын қамшылап, аттарды еріксіз қозғалуына мәжбүр етуде?

  • Иеліктен атқа мінген барлық адамдар бұл ойынға қосыла алмайды?

  • Ойынға қатысушылар не үшін топқа бөлінген?

  • Бұл ойынның қандай пайдасы бар?

3) Зерттеу тақырыбыңызға байланысты кез келген ғылыми мақаланы алып, төменде берілген сұрақтарды қоя отырып, сыни тұрғыда талдау жасаңыз:



  • Мәлімет нақты ма? Оны қалай білдіңіз?

  • Мәтінді кім жазған? Автор осы саланың маманы ма?

  • Автор қандайда бір тұжырымға сізді сендіргісі келеді ме?

  • Ондағы аргумент кең немесе шағын мәселеге бағытталған?

  • Аргументті дәлелдеу үшін қандай дәйектер келтірілген?

  • Аргументте не берілмеген?

  • Бұған қарсы қандай пікірлер болуы мүмкін?

  • Автордың ұстанымымен келісесіз бе немесе келіспейсіз бе?

  • Бұл туралы пікіріңіз қандай?

  • Бұл тақырып бойынша басқа авторлар не айтқан?

  • Бұл мәтін осы тақырып бойынша қандай да бір жаңалық айтқан ба?

  • Бұл материал сіздің жұмысыңызға қажет пе?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет