Кесте арқылы сипаттамалық жазылым мен сыни жазылымның ерекшеліктері бар екенін аңғаруға болады. Олардың негізгі ерекшеліктері мына жайттарды көрсетуге болады:
Симаттамалық жазылым:
Қандай жұмыс жасалғанын баяндайды
Тура сілтемені көп қолдануға тырысады
Әдебиеттерден қысқаша қортындылар береді
Әдебиеттер мен теорияларға шолу жасап, тізіп шығады
Мәліметтер беріледі
Идеяларға, тарихи оқиғаларға шолу жасайды
Маңызды тұлғалардың өмірін баяндайды
Тақырып бойынша белгі жайттарға қортынды жасайды.
Сыни жазылым:
Айтылған пікірлерді анық және нақты тұжырымдар арқылы жоққа шығарады
Қолдайтын және қарсы пікірлерді тең дәрежеде береді
Дәлелденбеген пікірлерді қолданбайды
Идеяны дамыту мен түсіндіру үшін параграфтар қолданады
Үнемі нақты дәлелдер мен тұжырымдар береді
Тұжырымға үнемі дәлелдер келтіреді
Үнемі қортындының себебін айтады
Үнемі жұмыстың шегін көрсетеді
Қарапайым қортынды жасамайды.
Сыни ойлау барысында оқып отырған мәтінмен қатар онда авторына да аса мән беру қажет. Ол үшін мәтінді оқи отырып мына сұрақтарға жауап беру қажет:
Мәлімет нақты ма? Оны қалай білдіңіз?
Мәтінді кім жазған? Автор осы саланың маманы ма?
Автор қандайда бір тұжырымға сізді сендіргісі келеді ме?
Ондағы аргумент кең немесе шағын мәселеге бағытталған ба?
Аргументті дәлелдеу үшін қандай дәйектер келтірілген?
Аргументте не берілмеген?
Бұған қарсы қандай пікірлер болуы мүмкін?
Автордың ұстанымымен келісесіз бе немесе келіспейсіз бе?
Бұл туралы пікіріңіз қандай?
Бұл тақырып бойынша басқа авторлар не айтқан?
Бұл материал сіздің жұмысыңызға қажет пе?
Достарыңызбен бөлісу: |