Сабақ №1-2 Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы. Мақсаты



бет19/25
Дата22.11.2022
өлшемі235,5 Kb.
#159419
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
Саба №1-2 Балалар мен жас спірімдерді физикалы дамуы. Ма саты
Kazak salty 2, кмж (1), БӨЖ 3 Каликенова Сания ПМНО-21К
Жұмыстың барысы:
1.Табиғи жарық коэффициентін анықтау. Бұл терезелердің шыны ауданының қатынасы. Сынып бөлмесінің ұзындығын, енін өлшеп, ауданын шаршы метрмен (м2) табыңыздар. Терезенің әйнектелеген бетінің ауданын анықтаңыз.
ЖК= S1 ,
S
ЖК- жарық коэффициенті
S1- терезе шынысының ауданы
S – еденнің ауданы
Мектеп үйінің әр бөлмесі үшін бұл коэффициенттің мөлшері әр түрлі: кабинеттер мен сыныптарда – 1:4, 1:5; қосымша бөлмелерде – 1:10, 1:12: коридор, вестибульдерде – 1:9, 1:12, тұратын бөлмелерде 1:8.
Мектептің сынып бөлмелері мен басқа да негізгі үй жайларына табиғи жарықтың түсуі терезлердің пішініне, шамасына, қоршаған үй-жайларға, көк желектерге байланысты. Сондықтан бөлме жарығы басқа да көрсеткіштерге байланысты.
2. Тереңдік коэффициенті анықтау
Бұл жарық бір жақтан түскенде терезенің жоғары жиегінің биіктігінің бөлменің еніне қатынасы. Сонда бөлменің ені еденнен терезінің жоғары жиегіне дейінгі биіктіктің екі еселенген шамасынан артық болуы тиіс. демек терезе жиегі неғұрлым биік болса, соғұрлым күн сәулесі мол түседі.
ТК= Һ
Һ1
ТК - тереңдік коэффициенті
һ – бөлменің ені (терезе мен қарсы қабырғаның арасындағы қашықтық)
һ1- терезенің жоғары жиегінің еденнен биіктігі
Тереңдік коэффициенті 2,5 еседен аспауы керек
Сыныптар, аудиториялар, кабинеттер, лабораториялар үшін ал -2,0; оқытушылар бөлмесі, директордың кабинеті және т.б. үшін-2,3 немесе 3,0-ден көп болмауы керек.
Мектепте табиғи жарықтың шамасы азайғанда (таңертеңгілікте, кешке қарай, бұлтты күндері) жасанды жарық қолданылады: жасанды жарық беру көзі ретінде қыздыру шамдары мен люминесценттік шамдар қолданылады. Жарықтың өлшемі бірлігі - люкс. Люкс – бір шаршы метр жерге дейін жарық беретін қуаты. Қыздырма шамдар үшін оның нормасы–150 люкс, ал люминесценттік шамдар үшін–300 люкс. Бұндай жарық мөлшерін қамтамасыз ету үшін, класс бөлмесінің ауданының І шаршы метріне (І м2) Вт. өлшемімен жарық түсіру нормасы: люминесцентік шамдарды пайдаланғанда 21-22 Вт, ал қыздыру шамдарын пайдаланғанда 42-48 Вт болады. Люминесцентік шамдардан ШОД-2- 40
(2-80) қыздыру шамдарынан СК-300 шырақтарын қолданған дұрыс.
Шамның жарығы жұмысістеп отырған адамның көзіне тікелей түспеуі үшін жарығын шашырататын арнаулы қалпақты болады.
Шамдарды араластырып қолданған дұрыс емес. Ол көзге жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бөлме қараңғылана бастағанда бірден шам жаққан дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет