Құралдар: термометр, метрлік таспа.
Жұмыстың барысы: Зерттеу объектісі-класс бөлмелерінің немесе студент аудиториялардың микроклиматы.
I. Термометрия Ауа температурасын оқу бөлмесінің ортасында еденнен 1 м биіктікте өлшеу.
ІІ. Ауаның қажетті немесе желдету көлемі. Бұл газ алмасу дұрыс жүру үшін адамға 1 сағат ішінде қажет ауаның мөлшері..Мұндай ауа мөлшері организмнің жұмыс қабілетін төмендетпей қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет.
Желдету көлемін анықтайтын формула:
А=_К___ * 3/4 Р-q
Мұнда: А- желдету көлемі (м3)
К-отырып ақырын жұмыс істейтін адамның дем алу процесіндегі 1 сағат ішінде шығаратын СО2 литр мөлшері (ересек адам орта есеппен- 22,6 л., ал балалар өзінің жасына сәйкес СО2 бөледі).
Р- оқу бөлмесіндегі СО2-ң төзуге болатын ең жоғары концентрациясы (ол жалпы ауа көлемінің І %-не тең).
q- атмосферадағы СО2 -ң мөлшері (жалпы ауа көлемінің 0,3 %- не тең)
3/4 - сабақтың ұзақтығы
9 жасар балаға сәйкес келетін желдету көлемі