Сабақ №1-2 Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы. Мақсаты



бет6/41
Дата01.04.2022
өлшемі235,5 Kb.
#137632
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
тәжірибелік сабақ
Тест по теме Линейная функция и ее график для 7 класса
5. Эрисман көрсеткіші: Т – 1_ х L
2
Т- кеуде қуысының шеңбері (қалыпты жағдайда), L- бойдың ұзындығы (см), 0 мен +5 аралығындағы индекс мықты физикалық дамуды, ал 0 мен -5 аралығындағы индекс нашар физикалық дамуды көрсетеді.
6. Пинье немесе жалпы физикалық дамудың көрсеткіші:
L – (Т+ Р)
Т- кеуде қуысының шеңбері (қалыпты жағдайда), L – бойдың ұзындығы (см), Р- дене салмағы (кг).
Егер қалдық 10-15 болса, физикалық даму орташа, ал 30- дан көп болса, физикалық даму нашар деңгейде болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Физикалық даму туралы түсінік.
2. Физикалық дамудың көрсеткіштері.
3. Физикалық дамуға әсер ететін факторлар.
4. Антропометрия түсінігіне жалпы сипаттама.
5. Адам ағзасындағы антропометриялық көрсеткіштер.
Практикалық сабақ № 3-4
Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар және сымбаттың бұзылуын болдырмау шаралары
Мақсаты:
Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптармен танысу.
Құралдар: Кинофильм, слайдтар, кестелер, сызғыштар, таспалар.
Мектеп құрал-жабдықтары педагогикалық, өндірістік және техникалық талаптарға сәйкес келуі керек. Негізгі талап құрал-жабдықтар балалармен жасөспірімдер ағзасының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі, сонымен бірге балалардың жарақаттануын болдырмау үшін құрал-жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың да маңызы зор (жиһаздардың үшкір және өткір бұрыштарының қырларының болмауы, олардың қауіпсіз бояумен, лакпен боялуы және т.б).
Құрал-жабдықтар эстетикалық талаптарға да сәйкес келуі қажет: балалардың жүйке жүйесінің қызметін нығайту үшін олардың бояуының түсі ашық, әдемі болуы керек. Бұл оқушылардың көңілінің көтеріп сабаққа ынтасын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет