2. Оқушылар жаңа тақырыпты практика жүзінде көрсетеді. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топқа футболшылар мен олимпиада чемпиондарының суреттерін топтастыру арқылы бөлінеді. 1-топ ұзындыққа секіру тәсілдерін үйреніп жатқанда, 2-топ секіртпе жіппен секіреді.
3. Эстафета. «Кім алысқа секіреді?» Шарты: 2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып, ұзындыққа секіреді. Әр оқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді.