Сабақтың басы
12мин.
|
1.Ұйымдастыру кезеңі:
- сапқа тұру,сәлемдесу;
- сабақтың оқу мақсатын, сабақтың мақсатын және бағалау критерийін түсіндіріп мәлімдеу;
2. Ынталандыру, сергіту ойыны: «Нөмір шақыру».
Ойыншылар шеңберде тұрады. Жүргізуші шеңбер ортасында таяқшаны тігінен ұстап тұрады, әр ойыншыға нөмір беріледі.Жүргізуші бір нөмірді атап орнынан шеңберге жүгіріп кетеді, осы сәтте аталған нөмір жүгіріп келіп таяқшаны ұстап үлгеруі керек. Таяқшаны ұстап үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Ойын осылайша жалғасын табады.
3.Арнайы жүгіру, секіру дайындық жаттығуларын орындау:
а) оң ж/е сол қапталмен аяқты алшақ қойып секіре-жүгіру;
ә) қолды белге қойып, тізені бүкпей аяқты алға сермей жүгіру;
б) қолды желкеге қойып, тізені бүгіп өкшені артқа сермей жүгіру;
в) тізені алға бүгіп жоғары көтере жүгіру;
г) оң ж/е сол қапталмен аяқты қиғаш айқастыра сала жүгіру;
ғ) оң ж/е сол аяқты ауыстыра отырып алға секіре жүгіру.
Әрбір дайындық жаттығуы спортзалдың жарты айналымына дейін ғана орындалады.
4. «Өзіңді сына» әдісімен видеоролик көрсетілімі арқылы жалпы дамыту жаттығуларын фитбол добымен орындаңыз.
Сұрақ арқылы талқылау:
- Жаттығу түрлерін көмексіз орындай алдыңыз ба?
- Қандай жаттығу сіздерге қиынырақ болды?
Жаттығу соңында «Басбармақ» әдісімен өзін-өзі басқару, бағалау.
Ашық алақан- барлық жаттығуды жасай алдым;
үш саусақ көтеру- жартылай жасай алдым;
жұдырығын көрсету- ештеңе жасай алмадым.
|
Әрбір әрекет үшін кең, таза кеңістік
Гимнастикалық таяқша
АКТ-ні пайдалану
Видеоролик көруге арналған планшет, жеңіл гимнастикалық төсеніштер,фитбол доптары
https://www.youtube.com/watch?v=FkvHN6YHHw8
https://www.youtube.com/watch?v=IknYT0Xye3g
|