Этностильдегі бұйымды әртүрлі материалдармен қалай сәндеуге болады?
Жобалық бұйымды сәндеудің қандай әдіс-тәсілдерімен түрлендіруге болады?
Сәндеу кез келген бұйымның функционалдық сапасын жақсарта ала ма? Неліктен?
Ұсынылған безендіру нұсқаларын қарастырыңдар, оны өзіңнің киізден жасалған бұйымыңды сәндеуге қолдануды ұсыныңдар.
Әр топ оқушылары бұл жайлы өз ойларын айтады және оны сыныптастарына ұсынады.
Мұғалімнің түсіндіруі
Сәндеу (әрлеу) кезінде бұйымда әртүрлі әрлеу элементтерінің шамадан тыс көбейіп кетпеуі үшін, белгілі бір шаманы сезіну қажет.
- Суреттерде бұйымды сәндеудің (әрлеу) қандай түрлері көрсетілген (4 слайд). Бұйымды сәндеу (әрлеу) түрлері:
Ызбамен әрлеу – сәндеудің кең таралған түрі, ол алуан түрлі, түрлі түсті, бір түсті, көп түсті, мысалы, жаккардты ызба және т.б. болуы мүмкін.
Жапсырма - онымен кез келген бұйымды, мысалы, фетрден жасалған жеке ою-өрнек элементтерінің әртүрлі нұсқаларымен сәндеуге және оны бұйымның таңдалған тұсына жапсыруға болады.
Ылғалды-жылумен өңдеу – бұйымға белгілі бір пішін және эстетикалық түр беру үшін орындалады. ЫЖӨ үтікпен немесе арнайы үтіктеу тақталарында преспен орындалады.