Кестемен жұмыс. ҚБ арналған тапсырма
Оқушылар топта сол құрамда жұмыс жасауды жалғастырады. Сұрақ бойынша жұмыс барысында алдыңғы тапсырманың ақпаратын пайдалана отырып, оқушыларға келесі тапсырманы орындау ұсынылады: кестеде (3 қосымша) берілген критериялар бойынша әртүрлі ұлттың ұлттық киімдерінің ерекшелігі мен ұқсастықтарын анықтау және білу.
Сипаттамасы
|
Ерекшелігі
|
Ұқсастығы
|
Пішіні
|
|
|
Түс гаммасы
|
|
|
Ою-өрнек
|
|
|
Оқушылар өздерінің жауаптарын басқа топтарға айтады.
Әңгімеге шолу
Мұғалімберілген тапсырманы -карточка бойынша бағалау түрін топ оқушыларына алдын ала таныстырады. (4 қосымша)
? сұрақ қойыңдар;
+ақпаратты толықтырыңдар.
Оқушылар топта этникалық стиль, оның түрлері туралы презентациядағыақпаратпен танысып, сұрақтарға жауап береді:
Этностиль деген не?
Оның бірнеше түрін атаңдар?
Этностильде заманауи киім дайындауға бола ма? Мысал келтіріңдер.
Сән өнеріндегі қандай отандық киім дизайнерлерін білесіңдер?
Этникалық стиль – киім жиынтығында белгілі бір халықтың (этнос) ұлттық костюмінің ерекшелігін жаңғыртатын стиль. Жиынтық дайындау барысында ең бастысы осы немесе өзге ұлттың киіміне тән пішім, материал, реңк, ою-өрнек, сән, аксессуарларды қолдану болып табылады.
(Сабақтың шектеулі уақытын ескере отырып, мұғалім оқушыларға этностильдегі заманауи киімдердің фотосуреттерін көрсете отырып,этностиль түсінігі туралы шағын ақпарат береді, сонымен қатар қазіргі қазақстандық дизайнерлер, мысалы: «Құрақ көрпе» - сән студиясы, Аида Кауменова, Ая Бапани, Балнур Асанова, «Сымбат» сән студиясыжәне т.б. туралы әңгімелеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |