Сабақ №1 Қауіпсіздік техникасының ережелері


§9 бойынша тест тапсырмалары



бет2/4
Дата29.06.2017
өлшемі1,1 Mb.
#20562
түріСабақ
1   2   3   4
§9 бойынша тест тапсырмалары.
Жаңа сабақ

Windows операциялық жүйесінің негізгі нысаны болып табылатын – терезе. Терезелерде қосымшалар, хабарламалар және т.б. ашылады.
Терезенің құрылымы

Қандай да бір батырманың қызметін білу үшін, оған тышқанды жақындатсаңдар жеткілікті. Мұндайда батырманың аты немесе оның қызметінің сипаттамасы шығады.


Артқа (1) және Алға (2) батырмалары бұрынырақ ашылған бумаға, веб-бетке немесе басқа нысанға тез ауысуға мүмкіндік береді. Егер меңзерді Алға немесе Артқа батырмасына жақынжатсаңдар, онда осы батырманы басқанда ашылатын буманың аты көрсетілген қалқып шығатын сілтемені көруге болады. Тақырып жолының оң жағында терезені басқару батырмалары (3, 4, 5) орналасқан. Олардың көмегімен терезені жиыруға, бүкіл экранға жаюға, жабуға, оның бастапқы өлшемдерін қайта қалпына келтіруге болады.
Жиыру (Свернуть) батырмасы (3) – терезені экраннан алып тастағанмен, программамен орындалып жатқан жұмысты аяқтамайды. Ашылған терезенің белгішесі Есептер тақтасында көрсетіліп қалады. Терезені қайта ашып көру үшін тышқанның сілтемесін осы белгішеге жақындатсаңдар жеткілікті. Әдетте терезені, егер ол басқа терезенің мазмұнын көруге кедергі жасағанда жиырып қояды.
Жаю (Развернуть) батырмасы (4) – терезенің өлшемін өзгертеді. Терезені экранның бетіне толық жаюға немесе керісінше, оның мөлшерін кішірейтуге болады.
Жабу (Закрыть) батырмасы (5) – программаның жұмысын аяқтайды. Программаның терезесін (мысалы, мәтін немесе сурет бейнеленген) жабар алдында өз жұмыстарыңды міндетті түрде сақтап қою керек. Әдетте, программаның өзі терезенің мазмұнын сақтау керек екенін ескертеді.
Терезені Alt+F4 пернелерінің тіркесімдері көмегімен (оларды бірге басу арқылы) де жабуға болады.

Терезенің ең төменгі жолы жай – күй жолы деп аталады. Онда осы сәтте терезеде не таңдалғаны жөнінде қосымша ақпарат жазылады.


Айналдыру жолақтары вертикаль және горизонталь болуы мүмкін. Егер ақпарат терезеге толық сиып тұрса, онда айналдыру жолақтары болмайды. Терезелердің өлшемін өзгерте отырып айналдыру жолақтарының бар болуына немесе жойылуына қол жеткізуге болады.

Бума терезесінің Жұмыс аймағы 2 бөлікке бөлінген. Оң жағы буманың мазмұнын көрсетеді. Сол жақ бөлігінде компьютер мазмұнының құрылымы көрсетілген.


Суретте қызыл түспен қоршалған кішкене үшбұрыштарға көңіл аударыңдар.
Боялған үшбұрыш буманың (локалды С дискі) ашық екенін білдіреді. Боялмаған үшбұрыш SRecycle.Bin бумасының жабық екенін меңзеп тұр. Егер осы үшбұрыштарды шертіп көрсек, онда бумалардың оңай ашылып, оңай жабылатынына көз жеткізуге болады.

Терезелермен жұмыс істеу

Терезенің өлшемін тек терезелерді басқару батырмаларымен ғана өзгертіп қоймайды. Терезенің мөлшерін еркін өзгерту үшін тышқанның сілтемесін терезенің шекарасына немесе бұрышына апарып, сілтеме екі бағытты жебеге () айналғанда, терезенің бір немесе екі бүйірін жылжытыңдар.
Ашық терезелердің біріншісінен екіншісіне олардың есептер тақтасындағы батырмаларын немесе Alt+Tab пернелерін басып ауысуға болады.

Түйін
Терезе – экранның қоршаулармен шектелген тікбұрышты аймағы.


Тақырып жолының оң жағында терезені жиыруға, бүкіл экранға жаюға, жабуға, оның бастапқы өлшемдерін қайта қалпына келтіруге болатын терезені басқару батырмалары орналасқан.

Терезенің түрлері: бумалар терезесі, қосымшалар терезесі, сұхбаттық терезелер, анықтама терезелер.

Ашық терезелердің біріншісінен екіншісіне олардың есептер тақтасындағы батырмаларын немесе Alt+Tab пернелерін басып ауысуға болады.

Компьютермен жұмыс


А деңгейі
1. Компьютер нысанының терезесін ашыңдар.
2. Терезенің мөлшерін айналдыру жолақтары көрінетіндей етіп өзгертіңдер. Айналдыру жолақтарымен жұмыс істеп машықтаныңдар. Терезенің оңтайлы (өз қалауларыңмен) мөлшерін таңдаңдар.
3. Терезенің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар.
4. Әртүрлі белгішелерді таңдаңдар.
5. Терезедегі белгілердің орнын жылжыту арқылы өзгертіңдер.
6. Анықтама терезесін шақырыңдар.
7. Есептер тақтасын пайдаланып, ашық терезелердің бірінен екіншісіне ауысыңдар.
8. Пернетақтаны пайдаланып, терезелерді жабыңдар.

В деңгейі


1. Компьютер терезесін ашыңдар.
2. Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар.
3. Дөңгелектің суретін салыңдар.
4. Екі терезенің екуі де толық көрінетіндей етіп орналастырыңдар.
5. Екі терезені де жиырыңдар.
6. Терезелердің біріншісінен екіншісіне пернетақтаның көмегімен ауысыңдар.
7. Компьютер терезесінде белгішелердің түрлерін әртүрлі тәсілмен өзгертіңдер.
8. Графикалық редакторды жабыңдар.
9. Жұмыстарыңды сақтаңдар.

С деңгейі


1. Компьютер терезесін ашыңдар. Терезені кейін оның негізгі элементтерінің атын жаза алатындай етіп орналастырыңдар.
2. Print Screen пернесімен компьютер эканының фотографиясын жасаңдар.
3. Графикалық редакторды ашыңдар.
4. Кірістіру бұйрығын таңдаңдар. Графикалық редакторда экранның бейнесін алыңдар.
5. Алынған суреттегі негізгі нысандардың аттарын жазып шығыңдар.
6. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіп, оны Құжаттар бумасында өз тектеріңді көрсетіп сақтаңдар.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар


1. Терезе деген не?
2. Терезелердің түрлерін атаңдар. Әртүрлі терезелердің мысалын келтіріңдер.
3. Ашық терезелердің бірінен екіншісіне қалай ауысуға болады?
4. Терезенің мөлшерін қалай өзгертуге болады? Терезенің мөлшерін не үшін өзгертеміз?
5. Терезені басқару батырмаларының қызметін сипаттаңдар.
6. Терезе айналдыру жолақтапрынсыз болуы мүмкін бе?
7. Айналдыру жолақтары неге екеу?
8. Айналдыру жолақтарын қалай қолданамыз?
9. Пернелердің Alt+F4 тіркесімдерінің қызметі қандай?
10. Жұмыс үстелінің қандай тақырыптары мен бетперделерін білесіңдер?
11. Диск пен файлдың қасиеттерін қалай зерттеуге болады?

Өзіңді тексер!


1. Windows-те қандай терезелер жоқ?
А) бума терезелері                        В) қосымшалар терезесі
С) сұхбаттық терезесі                   Д) Бас терезелер
2. Alt+F4 пернелері тіркесімдерінің қызметі?
А) терезені ашады                                              В) терезені жабады
С) барлық ашық терезелерді жабады               Д) келесі ашық терезеге ауыстырады
3. Қандай терезелердің мәзір жолдары, жиыру және жаю батырмалары жоқ?
А) бума терезелері                          В) қосымшалар терезесі
С) сұхбат терезесі                          Д) анықтама терезелер
4. Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетіледі?
А) тақырып жолында                       В) жүйелік мәзірде
С) жай-күй жолында                        Д) терезенің жұмыс аймағында
5. Мына батырма   қандай қызмет атқарады?
А) программамен жұмысты аяқтайды                       В) терезенің мөлшерін азайтады
С) терезені толық экранға жаяды                              Д) терезені жиырады
6. Мына батырма  қандай қызмет атқарады?
А) программамен жұмысты аяқтайды                       В) терезенің мөлшерін азайтады
С) терезені толық экранға жаяды                              Д) терезені жиырады
7. Мына батырма  қандай қызмет атқарады?
А) программамен жұмысты аяқтайды                        В) терезенің мөлшерін азайтады
С) терезені толық экранға жаяды                                Д) терезені жиырады
Үйге тапсырма

§10 оқып түсіну. Сұрақтарға жауап беру және тапсырмаы орындау

Тест жауаптары

 


1

2

3

4

5

6

7

В

С

С

Д

Д

С

А


Сабақтың тақырыбы: §11 Файлдар, бумалар және жарлықтар
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрете отырып, жұппен жұмыс жасауға үйрету, сонымен бірге өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрете отырып, пәнге қызығушылығын арттыру, көре және ести отырып көру және есте сақтау қабілеттерін дамыту, компьютермен сауатты жұмыс жасауын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ (тірек - сызбалар, «Шыңға шығу» ойыны, практикалық тапсырмалар, «Өзіңді тексер!» тесттік жұмыс, «Ой толғаныс»)
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта және тірек - сызбалар көмегімен түсіндіру, практикум элементтері бар көрсете баяндау, жұптық және жеке жұмыс
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, бағалау қағаздары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. «Ей, болашақ ұланым!
Болашағы қазағымның,
Сендерсің деп білемін
Балғынды жас болашақ
Мен сендерге сенемін!» өлеңін оқи отырып, оқушылардың
рухын көтеру, сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Шыңға шығу» ойыны көмегімен үй тапсырмасын сұрау. Ойын шарты бойынша жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап бере отырып, тау шыңына көтерілу. Ойынның сұрақтары:
1. Терезе деген не?
2. Терезелердің түрлерін атаңдар.
3. Пернетақтаның көмегімен терезелердің бірінен екіншісіне қалай ауысуға болады?
4. Айналдыру жолақтары не үшін керек?
5. Пернелердің Alt+F4 тіркесімдерінің қызметі қандай?
6. Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетіледі?
7. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
8. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
9. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
10. Терезе неше бөліктен тұрады?
2. «Миға шабуыл» сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Файлдық жүйенің негізгі нысандары: файлдар, бумалар және жарлықтар.
Файлдар
Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.
Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың аты екі бөлімнен: сол жақ (аты) және оң жақ (кеңейтілуі) бөлімдерінен тұрады. Файлдың кеңейтілуі оның тұрпатын (мазмұнын) меңзейді.
Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ /: * > < |.
Бумалар
Бума – объектілер қоймасы.
Бумалардың түрлері:
Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады.
Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows - де рұқсат етілген амалдардың барлығын қолдануға болады. Олар арнайы белгімен жабдықталады. Мұндай бумаларды олардың белгішелерін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы ашады.
Жарлықтар
Жарлық – нысанға қол жетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.
Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы ашуға арналған.
Жарлықты басқа файлдардан немесе бумалардан ажырату оңай. Себебі жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынған.
Қарапайым файлда немесе бумада мұндай сілтеменің суреті жоқ.
Егер негізгі орындалатын файлды жойсақ, онда программа жұмыс істеуін тоқтатады.
Жарлық жойылса программаға ештеңе болмайды. Сендерге тек жаңа жарлық құру немесе программаны орындалатын файл арқылы ашу керек болады. Жарлықты кез келген нысан үшін құруға болады.
ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН! Егер сендер ақпарат тасығыш құралға, мысалы, флешкаға жарлық көшірсеңдер, онда басқа компьютерде файлдарың ашылмай қалады. Ақпаратты тасымалдау үшін жарлықты емес файлдың өзін көшіру керек.
Бумалардың бұтақталуы (иерархиясы)
Терезенің сол жақ бөлігінде көргендеріңдей, бумалар бірінің ішіне бірі кіруі мүмкін. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы бұтақталуы (иерархия) деп аталады.
Бұтақталған файлдық құрылымнан файлды табу үшін осы файлға дейінгі жолды көрсету керек.
Файлдың атымен бірге жазылған файлға дейінгі жол файлдың толық аты деп аталады.
ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: Жұптық жұмыс. Практикалық тапсырма.
1. Практикалық тапсырманы компьютерде орындаңдар.
1. Жұмыс үстеліндегі Құжаттар (Документы) бумасын ашыңдар.
2. Ашылған бумада Жаңа бума (Новая папка) бұйрығын таңдау арқылы жаңа бума құрып, оған ат беріңдер.
3. Құжаттар (Документы) бумасындағы бірнеше файлдарды көшіріп алып, өздерің құрған бума ішіне орналастырыңдар.
4. Олардың бір - екеуінің атын өзгертіңдер.
5. Бумадан кері шығып, өздерің құрған бумаға жұмыс үстеліне жарлық құрыңдар.
2. Жұмыс үстеліндегі Windows нысандарын аттарымен файлдарды, бімаларды және жарлықтарды жеке - жеке кесте бағанына теріп жазыңдар.
V. Жаңа тақырыпты бекіту: Жеке жұмыс. «Өзіңді тексер!» тесттік бақылау жұмысы.
1. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
А) Файл
В) Бума
С) Программа
D) Құжат
2. Жарлық – ол:
А) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме
В) Нысанға қол жеткізуді жеңілдететін бума
С) Арнайы түрде құрылған
D) Мәтіні бар файл
3. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:
А) 100
В) 200
С) 50
D) 255
4. Буманы ашу үшін не істеу керек?
А) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен бір рет шерту
В) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен бір рет шерту
С) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту
D) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі рет шерту
5. Белгіше - ол:
А) Жүйелік бума
В) Жұмысшы бума
С) Жарлық
D) Файл
6. Белгіше - ол:
А) Файл
В) Бума
С) Жарлық
D) Компьютер
7. Белгіше - ол:
А) Файл
В) Бума
С) Жарлық
D) Компьютер
8. Белгіше - ол:
А) Файл
В) Бума
С) Жарлық
D) Компьютер
Тестті бағалау шкаласы:
8 ұпай – 5;
6 - 7 ұпай – 4;
4 - 5 ұпай – 3;
4 төмен ұпай – 2.
VІ. Қорытындылау: Блум гүлі. Оқушыларға гүл күлтешелері таратылады. Оқушылар күлтешелерге өздерінің бүгінгі жаңа сабақтан не үйренгендерін, білгендерін қорытындылап жазып, тақтаға іледі.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар және жарлықтар
VІІІ. Оқушылар еңбегін бағалау:

Сабақтың тақырыбы: §12 Нысандармен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға нысандарды жылжыту, көшіру, алмасу буфері, алмасу буфері көмегімен нысандарды жылжыту, көшіру тәсілдері, нысандарды жою және қайта қалпына келтіру туралы үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа, уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрi: топтық, практикалық.

Сабақты жүргiзу әдiсi: Баяндау, ауызша, көрнекіліктер, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу.

Сабақта пайдаланатын көрнекiлiктер: ДЭЕМ, оқулықтар, графапроектор, оқушы өзі толтыратын бланкілері, электронды оқулық, Microsoft PowerPoint презентациясы.

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері, орыс тілі.

Сабақ барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңi.

а) Сәлемдесу, түгендеу;

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

б) Оқушыларға жауап беру бланкілерін, бағалау парағын тарату.



ІІ. Оқушы бiлiмiн жан-жақты тексеру.

Алдыңғы сабақтарда танысқан материалдардың сұрақтарын "Ғажайып алаңы" және тест сұрақтары арқылы қойып, қайталау. Сұрақтар алдын-ала дайындалып, кездейсоқ таңдалып ауызша беріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ

Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынадай амалдар қолданылады:

Көшіру (нысанның көшірмесі дискінің басқа жеріне орналастырылады);

Орын алмастыру (нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады);

Жою;

Атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді);



Кез келген амалды Windows ортасында бірнеше тәсілмен орындауға болады. Әдетте бұйрықты мәзірдің, контекстік мәзірдің немесе перетақтаның көмегімен береді.

Барлық амалдар ерекшеленген нысандарға қолданылады. Нысан тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы ерекшеленеді.

Экранда әртүрлі орналасқан нысандар тобын ерекшелеу амалдарын қарастырайық.

Қатар орналасқан нысандар шектес нысандар деп аталады. Осы нысандарды ерекшелеу тышқанмен де, пернетақтамен де орындауға болады.

Нысандарды жылжыту/көшіру

Нысандарды жылжыта отырып, біз оларды бумаларға тарта аламыз. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аламыз.

Алмасу буфері

Нысандарды жылжыту мен көшірудің басқа тәсілдері алмасу буферін пайдаланады. Windows –тың алмасу буфері дегеніміз- компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймағы.

Алмкөру үшін біз екі бұйрықты орындаймыз: Көшіру (Копировать) және Кірістіру (Вставить) бұйрығы.

Көшіру бұйрығын орындағанда нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі біз көрсеткен жерде пайда болады. Ақпарат алмасу буферінде жаңа нысандарды көшіргенге дейін сақталады. Алмасу буфері компьютер өшкенде ғана тазарады.



Алмасу буферінің көмегімен нысандарды жылжыту/көшіру тәсілдері

кірістіру

көшіру

Ерекшеленген нысан



нысан

нысан


нысан

Алмасу буфері

Мәзірдің Реттеу (Упорядочить) пункті

Нысандарды ерекшелеп Реттеу – Көшіру немесе Реттеу- Қиып алу бұйрығын таңдаймыз. Нысандарды апаруға тиісті терезеге ауысамыз. Реттеу- Кірістіру бұйрығын таңдаймыз.

Контекстік мәзір

Контекстік мәзірде Көшіру, Қиып алу және Кірістіру бұйрықтары. Әрекеттердің тәртібі тура мәзірдің Реттеупунктінің бұйрықтарымен бірдей

Пернетақта

Бұйрықтарды пернетақтадағы пернелерді басып тұрып орындау керек:

Ctrl +C – көшіру

Ctrl +Х- қиып алу

Ctrl+V – кірістіру.

Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру

Жою амалы өте қауіпті. Нысанды дұрыс таңдамасақ маңызды ақпаратты жойып алуымыз мүмкін. Міне, осындай себептермен байланысты нысандарды жою үшін Windows –те арнайы құрал – Қоржын қарастырылған.Қоржын – барлық жойылған нысандар орналасатын арнайы бума.

Нысандарды Қоржынға жою (орналастыру) тәсілдері:

Нысанды Қоржынның белгішесіне сүйреу

Мәзірдің Реттеу – Жою бұйрығымен

Пернетақта көмегімен: нысанды тышқанмен шертіп ерекшелеп, Del пернесін басса жеткілікті.

Барлық жағдайда жою алдында экранға сұхбаттық терезе шығарылады, онда тұтынушыдан жою үшін сұраныс жасалады. Жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін Қоржын терезесін ашып, қажетті нысандарды ерекшелеп алып, Қайта қалпына келтіру (Восстановить) бұйрығын орындау керек.

ІV. Практикалық жұмыс

Деңгейлік тапсырма.


V. Сергіту сәті

VI Сәйкесін тап

Жүйелік блок Ақпаратты қағаз бетіне шығарады

Монитор Ақпараттық процестерді жүзеге асырады

Тышқан Ақпаратты енгізу құрылғысы

Пернетақта Пернетақтаның жұмысын жеңілдетеді

Принтер Дыбыс шығаратын құрылғы

Колонка Ақпаратты шығаратын құрылғы



VII «БББ» стратегиясы


VIIІ. «Кубизм» әдісі бойынша кубтың қырларындағы сұрақтарды оқи отырып жауап береді.

Шектес нысандарды қалай ерекшелейміз?

Тышқанмен нысанды жылжытуды көрсет

Алмасу буфері дегеніміз не?

Нысанды жойып қайта қалпына келтіріп көрсет.

ІХ. Оқушылар бiлiмiн бағалау.

Жаңа сабаққа белсендi қатынасқан оқушылардың бiлiмдерiн бағалау.

X. Үйге тапсырма:

12 тақырып. Нысандармен жұмыс істеу.

Сөзжұмбақ шешу



§13 Ақпаратты жазу және іздеу. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақпаратты іздеу, жазу, ақпаратты сақтау ережесін, жалпы жұмыс жасай

білу, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Компьютер, оқулық

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын тексеру

«Атауын тап» ойыны

«Ақпарат» сөз жұмбағын шешу

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сәйкестендіру

Компьютерде тәжірибелік жұмыс

Жаңа сабақты бекіту

Үйге тапсырма

VII. Бағалау

VIII. Қорытындылау

І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Сәлемдесу;

ә) Оқушыларды түгендеу;

б) Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Атауын тап» ойыны суреттер арқылы атауын тауып,анықтамасын немесе қызметін айтамыз.

«Ақпарат» сөз жұмбағын шешу

Байттардың әлдебір атауы бар тізбегі (файл)
2. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаратын құрылғы (тышқан)
3. Ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаратын құрылғы (принтер)
4. 8 биттен тұратын өлшем бірлік (байт)
5 Экранда таяқша сияқты жыпылықтап тұратын символ (меңзер)
6. Операциялық жүйе жүктелгеннен кейінгі ашылатын аймақ (экран)
7. Мәтіндік және графиктік ақпараттарды бейнелеу құрылғысы (монитор)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Ең алдымен оқушылар ақпарат деген сөзге қандай анықтама берер едіңіздер?

 Ақпарат – сақтау. Түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
Көреді, естиді, иісті сезеді, дәмді сезеді, сезінеді.

Біздің ақпаратты түрлі арналардан алатынымызды ескере отырып,кестені толтырайық.

Кестені толтыр

Нысан

Ақпарат түрлері

Сезім мүшелері

Хат жазу

Көру

Көз

Торт

Дәм сезу

Тіл

Картина

Көру

 Көз

Бақылау жұмысы

Көру

Көз

Кітап

Көру

Көз

Радио тыңдау

Есту

Құлақ

Тұз

Дәм сезу

Тіл

Теле хабар

Көру ,есту

Көз,құлақ

Әтір

Иіс сезу

Мұрын

 

 Нысанды бумадан жылдам іздеу

Ізделінетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі. Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.

Кеңейтілген іздеу

Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.

Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.

Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.

Ақпаратты жазу

Windows - тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.

Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындауларың керек:

Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау;

Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады;

Файлдың атын теру;

Сақтау батырмасын басу.

Ақпаратты оқу

Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу (Открыть) бұйрығын (немесе Ctrl + O пернелері) орындау керек.

Ақпаратты тасымалдаушылар

Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады.. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет. Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Ақпарат тасымалдаушылар бірнеше түрге бөлінеді:

Ленталық ақпарат тасушылар. Ол өте жұқа магнитті лентадан тұратын тасушылар. Оларға кассеталар (аудиокассета, видеокассета т. б.) жатады. Көлемі бірнеше мегабайттан бірнеше гегабайтқа дейін болады.

Дисктік тасушылар. Оларға айтып тұрғандай CD/DVD/Bleu - ray сияқты тасымалдаушылар жатады. Олардың көлемі бірнеше гегабайт болады.

Қатты магниттік диск. Оған дискеталар жатады. Олардың көлемі бірнеше мегабайт қана болады.

Қатқыл магниттік диск [HDD] [Hard disk drive]. Бұл көлемі және құрылымы жағынан ең күрделі тасымалдаушы. Оған қатқыл дискілер жатады. Олардың көлемі өте үлкен бірнеше гигабайттан бірнеше террабайтқа дейін болады.

Флеш - жад [FDD] [Flash Disk Drive]. Бұл өте ыңғайлы және кең таралған тасымалдаушы. Көлемі де бірнеше гегабайт болады. Бұлардың SD, MicroSD түрлері бар.

Сәйкестендіру .Ақпаратты тасығыш құрылғылырының өлшем бірліктері берілген.Сыйымдылығына қарай сәйкестендіру

ІV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар компьютерге отырмас бұрын техника қауіпсіздігі ережерін есімізге түсірейік.

Мониторға дейінгі арақашықтық 55 - 65 с - ден кем болмауы керек;

А деңгейі

Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар.

Сурет салыңдар.

Өз суреттеріңді Бейнелер (Изображения )бумасында сақтаңдар.

Осы файл үшін жарлық құрыңдар.

Жарлықты жұмыс үстеліне орналастырыңдар.

Іздеудің көмегімен өз файлдарыңды тауып,іске қосыңдар.

В деңгейі

С деңгейі

Word Pad программасын іске қосыңдар.

71- суретте көрсетілген мәтінді теріңдер.

Мәтінді Мысал1 бумасында Тізім атауымен сақтаңдар.

 Жаңа сабақты бекіту

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады?

Ақпаратты компьютерге қалай сақтаймыз?

Сақтау және қалай сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде?

Жүйелік бумалардан файл ізделе ма?

 Үйге тапсырма

13. Ақпаратты іздеу, жазу. Ақпаратты тасымалдаушылар.

VII. Бағалау 

 

1 минут Рефлексия .

Стикерге түсінбеген сұрақтарын, сабақтың қалай өткендігін және қалай өткізген ұнайтындығы туралы өз ойларын жазу.

VIII. Қорытындылау

Сабақтың тақырыбы: §14 Сурет салу, сақтау және ашу

Сабақтың мақсаты:Paint графикалық редакторын бағыттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету. 
Оқушылар білуі тиіс:«Растрлық графикалық редактор» ұғымын.
Оқушылар үйренуі тиіс:Сурет өлшемін орнатуды, сақтауды. Түстер палитрасын іске қосуды. Қылқалам, қарындаш,сызық, доғал, масштаб құралдарын қолдануды.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі
II Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
III Үй тапсырмасын тексеру.
IVБілімді өзектендіру
Сұрақтар:
1. Ақпараттың қандай түрлерін компьютерде өңдеуге болады?
2. Қандай графикалық редактор білдіңдер?
3. Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты өңдейді?
4. Бейнені қалай редакциялаймыз?
5. Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты шығарады?
6. Графикалық ақпаратты өңдейтін стандартты программаларды атаңдар.
7. Кез келген қосымша терезеде қандай элементтер орналасады?
8. Paint графикалық редакторын іске қосу бұйрығын орындаңдар.

VЖаңа тақырыпты түсіндіру.



Paint графикалық редакторында жұмыс істеу барысында, бізге мәтіндерге жеке иллюстрациялар, жұмыс үстелі үшін фон бейнелерді жасау, қарапайым фотомонтажды орындау, мәтіндерді көркемдеу, бейнені редакциялау және т.б жұмыстарды орындау талап етіледі. Графиканы өңдеудің қағидаларын меңгеріп, программалық жабдықтаманың күрделі программаларын меңгеру арқылы ПЖ-мен жеңіл жұмыс істеуге болады.Компьютерде графикалық ақпаратты жасаудың түрлері:
Негізгі құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет т.б)
Графикалық жұмыс істейтін программалар (графикалық редакторлар)
Графикалық редактор үшін анықтама тұжырымдалады:
Графикалық редактор - графикалық бейнелерді жасау және редакциялау программасы.
Paint ( ағылшынша – сурет салу, сурет) – бұл растрлық (нүктелік) бейнемен жұмыс істейтін графикалық редактор. Paint мағыналарының бірі - «бояу»
Сурет нүктелерде тұратынын көрсету: «сызық» құралын таңдаңдар, 1-түс – қызыл (палитрада тышқанның сол жақ батырмасын шертумен) Сызықты жүргізіңдер. Масштаб құралын таңдап, салынған суретке басындар. Көріп тұрғандай , сурет нүктелерден – пискельдерден тұрады. 
Суреттің өлшемін өзгерткенде , сапасының төмендейтіндігін көрсету. 
Анықтама енгізу: Пискель – (ағылшынша picture element – суреттің элементі) растрлы бейненің ең кіші элементі. 
Суреттің өлшемін алдын ала қондырудың қажеттілігі туралы қорытынды шығару. Параграф мәтінінен тәжірибелік тапсырманы орындау ( әр түрлі қалыптағы сурет салу және сақтау) . Редактордың күйге келтіруін жалғастыру : оқулық мәтінінен тапсырманы орындау. Түспен жұмысты қарап шығу.
1. Кескін мен фон түсін қалай таңдаймыз? (2-түсті таңдау)
2. Палитрада түстің неше түрі бар? Басқа түс керек болса не істеу керек?Түсті өзгерту үшін «изменить палитру» командасын таңдаңдар. Түстің дәл мәнін «определить цвет»бұйрығы арқылы және матрицалық анықтамадан таңдауға болады. Палитра негізі 3 түстен тұрады.: қызыл, жасыл және көк. Сондықтан палитра RGB деп аталады. Түсті рең, жарық, өң беріп анықтауға болады. ( 0-25 аралығында)
3. 255-қызыл мәтін таңдаңдар, көк және жасыл-0
4. Егер (0,0,0), (255,255,255) мәнін таңдаса қандай түс шығады?
VI Сабақты бекіту
Таңдалған деңгей бойынша тәжірибелік жұмысты компьютерде орындау. 
Құрал саймандардың қосымша мүмкіндіктеріне және тышқанның екі батырмасын басу арқылы сурет салу мүмкіндіктеріне назар аудару. 
VII Сабақты қорытындылау
Сабақта орындалған тәжірибелік жұмысын бағалау.
VIII Үй тапсырмасы

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет