Сабақ №1 Қауіпсіздік техникасының ережелері


§15 оқу сұрақтарға жауап беру



бет3/4
Дата29.06.2017
өлшемі1,1 Mb.
#20562
түріСабақ
1   2   3   4
§15 оқу сұрақтарға жауап беру. 
Тест жауаптары:

1

2


3

4


5


6


7


8

9


Д


А


С


В


В


С


А


Д


С



§15 Сабақтың тақырыбы:Графикалық редактордың сурет салу құралдары.

Сабақтың мақсаты:

1. Paint графикалық редакторы және құралдар тақтасының атқаратын қызметі туралы түсінік беру.Өшіргіш құралын 2 режимде пайдалануды меңгереді.Құралдар тақтасын пайдаланып суреттер салып үйренеді.

2.Дамытушылық: оқушылар өздігінен жұмыс істеуін дамыту.

3.Тәрбиелік: жауапкершілікке, жұмыс нәтижесіне жетуге, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Ресустар: компьютер, фигуралар, қобдиша, музыка, электрондық оқулық, өзін-өзі бағалау парақтары.

Сабақтың өтілу барысы:

Сабақ жоспары:

I.Ұйымдастыру -1 мин

Сергіту сәті -2 мин

II. Қайталау:Музыкалық қобдиша-10 мин

II. Жаңа тақырып (оқулық және электрондық оқулық)-7мин

IV.Деңгейлік тапсырмалар-17 мин

1.Тас қақпа

2.Күміс қақпа

3.Алтың қақпа

V. Жұмбақтар шешу -2 мин

VI.Үй тапсырмасы -2 мин

VII.«Өзін –өзі бағалау»,кері байланыс-4 мин

1.Қайталау: Музыкалық қобдиша.(оқушылар қобдишаны оқушыларға береди музыка тоқтағанда кімде кобдиша болса сол бір сұрақ алып жауап береді.)

Сұрақтар:

1.Paint сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?(сурет,сурет салу)

2.Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?(нүктелерден)

3.Қандай пішімдегі кескіндер ең сапалы болады? (.bmp)

4.Палитраның неше түсі бар?(30)

5.Қандай бұйрықты орындап,политрада жаңа түс құруға болады.(Түстер тобы- түстерді өзгерту)

6.Политра жаңа түстер құру үшін қандай негізгі 3 түс қолданылады?

7.Қате орындалған әрекеттің нәтижесін қалай болдырма тастауға болады( түзету - болдырмау командасын орындау арқылы)

2..Электрондық оқулықтан тапсырма беріледі.

Жаңа сабақ. Электрондық оқулық арқылы түсіндіру.

Paint – ты қосындар.Тіктөртбұрыш құралын таңдаңдар,заливка арқылы қылқалам (кист) –жасыл, фон –қызыл түсін таңдаңдар.Тышқан батырмасын жібермей сол және он батырмасын кезекпен басып, екі тіктөртбұрыш саламыз: жасыл және қызыл. Өшіргіш құралын таңдаңдар.Бірінші тіктөртбұрыштың бір бөлігін, одан кейін екіншісін өшіріңдер.Не шықты?



Деңгейлік тапсырмалар.



Тас қақпаның тапсырмасыА- деңгейі

1.Paint –ты іске қосыңдар.

2.Парақты көкшіл түспен бояңдар.Түстің атын оған тышқанның батырмасын апарып білуге болады.

3.Бұлттың суретін салыңдар.

4.Айдың суретін салыңдар

5.Қылқаламның түрін таңдап жауған қардың суретін салыңдар.

6.Қисық сызықты ( Контуры- Біртұтас түс) және Түспен ішін бояу құралын пайдаланып, суреттің төменгі шекарасына күртік қардың суретін салыңдар.

8.Файлды өз бумаларына «Түн» деген атаумен сақтаңдар.



Күміс қақпаның тапсырмасы

В-деңгейі

1.А-деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

2.Суретті кішкене шыршалардан тұратын орманмен толықтырыңдар.Шыршаларды Көпбұрыш фигурасын пайдаланып салыңдар.



Алтын қақпаның тапсырмасы

С-деңгейі

1.В –деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

2.Суретке аққаланы қосыңдар

Сергіту сәті.

Жұмбақ шешу

Ұзынтұра жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды.

/бос орын немесе пробел/

Пернелік деген атаның,

Немерелері алғашқы.

12 ағайынды,

Есімдері Ғ /эф/ әрпімен басталады.

Бұл қандай пернелер?

/функционалдық пернелер/
Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені.

/кактус/

Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады?

/принтер/

Үйге тапсырма беру:

Еркін тақырыпқа мәтін құрастыру.


Құрастырған мәтінге байланысты сурет салып келу

Бағалау:

Бағалау парағы



Аты-жөні

Музыкалық

қобдиша


Деңгейлік тапсырмалар




Тас қақпа

Күміс қақпа

Алтын

қақпа










































§16 Сабақтың тақырыбы: Сурет бөліктерімен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты: PAINT графикалық редакторы мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыру.
Оқушылар білуі тиіс: PAINT сурет бөлігі түсінігін, бөліктермен орындалатын операцияларды, орындау тәсілдерін, мәтінді баптау мүмкіндіктерін.
Оқушылар үйренуі тиіс: суретті, сурет бөліктерін ерекшелеуді. Суретті көшіруді, жылжытуды, өлшемін өзгертуді. Жазу құралын пайдалануды. Салынған суретті ашуды.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
Сұрақтар:
1. PAINT графикалық редакторының қандай саймандарын біз әлі пайдаланбадық?
2. Бүгін біз «Ерекшелеу» сайманымен жұмыс істейміз, суретке мәтін орналастыруды үйренеміз.
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін – фрагментті ерекшелеп алады.
Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.
Ерекшеленген фрагменттің жан - жағында пунктирді сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады.
Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе Ерекшелеу Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады. Ерекшелеуден бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.
1. Мөлшерді өзгерту – тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгерту.
2. Орнын алмастыру – ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту, сілтеменің түрі -
3. Тазалау - ерекшеленген саймақ фонның түсімен боялады.
4. Түстерді айналдыру.
5. Көшіру.
Қажетті бұйрықты ерекшеленген фрагменттің контекстік мәзірінен таңдауға болады.
1 - тәсіл – фрагментті Ctrl пернесін басып жылжытамыз - жеке
көшірмесін аламыз;
2 - тәсіл – фрагментті Shift пернесін басып жылжытамыз - оның ізі бар көшірмесін аламыз;
3 - тәсіл – фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру. Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.
Ерекшелеу сайманы үшін қосымша баптау болып табылатын Мөлдір ерекшелеу сайманы да бар.
Мәтінмен жұмыс істеу
PAINT – графикалық редактор болғандықтан және мәтінмен жұмыс істеуге арналмағандықтан, суретпен бірге көбіне қысқа және ірі тақырып атаулары, жазба - белгілеулер құрылады.
Мәтін енгізу үшін, Мәтін сайманын таңдау керек. Жұмыстың бірінші кезеңі – енгізу өрісін құру. Өрістің түрі тікбұрышты ерекшелеуге ұқсас. Оның мөлшерін мәтінмен жұмыс істеу барысында өзгертуге болады. Жолақта бірден жаңа тіркеме бет - Мәтін енгізу саймандары – пайда болады.
Сендер басқа сайман таңдағанға дейін мәтіннің түрін баптауға болады:
- Әріпті және оның мөлшерін таңдау;
- Мәтінді жуан әріппен курсивпен ерекшелеу немесе мәтіннің астын сызу;
Мәтіннің әрбір фрагментін әртүрлі баптауға болады.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
1. Фрагменттің және тұтас суреттің ерекшеленулерін қандай тәсілдермен алып тастауға болады?
2. Ctrl немесе пернелерін басып көшірулердің бір – бірінен айырмашылығы неде?
3. Суреттің фрагментін кішірейту әрекеттерінің ретін сипаттаңдар.
4. Ақ, сары, қызыл түстерге қандай түс қарама - қарсы?
5. Фрагментті 90 градусқа бұру үшін не істеу керек?
VІІІ Үйге тапсырма: Paint программасын пайдалана отырып, «Қыс» тақырыбына сурет салу.

§17 Сабақтың тақырыбы: Масштаб. Суреттің трансформациясы.
Сабақтың мақсаты: сурет трансформациясын орындауды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: масштаб құралы қай кезде пайдаланылатынын, трансформацияның не екенін.
Оқушылар үйренуі тиіс: суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, көлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Мәселе (проблема) қою
Біздің алғашқы тәжірбиелік жұмысты естеріңе түсіріндер (ойыншық). Суретті бояу үшін оның контуры қандай болуы керек? Қандай құрал контурдағы тесіктерді жабуға көмектеседі?Сәтсіз әрекетті қалай болдырмауға болады?
IV Жаңа сабақты түсіндіру
Суреттің бөлшектері масштабта дәл алынады. Windows операциясындай масштабты бірнеше тәсілдермен өзгертуге болады. Өз бумаларынан суретті ашу ұсынылады. Параграф мәтінінен тәжірбиелік жұмысты орындау. Жұмыстың мақсаты – сұрақтарға жауап беру.

Максималды масштабты қалай қоямыз?


Негізгі режимге қалай ораламыз?
Масштабты өзгертуде пернетақтаның қай пернесін басып тұрып, тышқанмен қозғалтамыз?
Белгіленген бөліктің масштабын өзгертуге бола ма?
Мәтінді масштабтағанда мәтіннің әріп өлшемі өзгере ме?
Мәтін масштабын қандай жағдайда өзгертеміз? Жауапты жұмыстың әр кезеңін орындағанда эвристикалық әңгіме түрінде айтуға болады. «Трансформация» — латын тілінен аударғанда,«өзгерту», «айналу» дегенді білдіреді.
Сұрақтар:
Өзгертулермен қай жерде кездесеміз?
Сурет бөліктерімен орындалатын операциялардың қайсысын трансформациямен салыстырар едіңдер? Сендер сурет бөлігі өлшемін өзгертуді үйрендіңдер. Бұл да трансформацияға жатады (өзгерту). Өлшемін өзгерту, кесіп алу, суретті бөлу командаларын барлық суреттерде , белгіленген суреттерде, интерактивті тақтаны, проекторды пайдаланып көрсетеді. Оқушыларға суреттің көлбеуін орындауға тапсырма беру. Жұмыс нәтижесін талқылау.
Бұрыш белгісі теріс болуы мүмкін бе?
Бұрыштың максималды белгісін қоюға бола ма? Неліктен?
Кесіп алу командасы – суреттің ерекшеленген бөлігін қалдырады. Бұл өте ыңғайлы мысалы, өрнектерді салуда олардың элементін саламыз, одан кейін оларды көшіріп, өрнекті жасаймыз, белгілеп, керек емес суретті өшіреміз.
V Сабақты бекіту
Тақырыптағы тәжірбиелік жұмысты оқушылар өздері орындайды, мұғалім кеңесші рөлінде, бақылап,нұсқау береді.
Жұмыс үстелінде «Пуск= Панель управление» — «Оформление» және

 « Персонализация » « Персонализация= Фон» командаларын орындау.


Тыңдалған суретке тышқанның оң жағын басу.
«Открыть с помощью» — Paint командасын таңдау.
Персонализация командасына оралу.
«Изменение рисунка» сілтемесін басу.
Терезені алмасу буферіне көшіру.
Тағы бір Paint терезесін ашу.
Алмасу буферінен суретті қою.
Ұнаған персонажды белгілеу.
 «Обрезка» командасын орындау.
Суреттерді бумаларында «персонаж» атымен сақтау.
Paint терезесіне фон суретімен өту.
«Вставить = вставить из» командасын орындап, персонаж файлын көрсету.
Таңдалған деңгей бойынша тәжірбиелік жұмысты компьютерде орындау.
VI Сабақты қортындылау
Тәжірбиелік жұмыс нәтежиесін тексеру, бағалау.
VII Үй тапсырмасы
§ 17 Тәжірбиелік жұмысты аяқтау. Тақырып бойынша сурет дайындау.

Тест жауаптары:



1

2

3

4

5

6

C

B

D

A

A

A


Сабақтың тақырыбы: § 18 Суретті басуға дайындау. Суретті басу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Суретті принтерде басып шығаруды үйрену.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын, ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд, таратпа қағаздар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Амандасу;

ә) Оқушыларды түгелдеу;

б) Психологиялық тренинг;

Бүгінгі сабағымыз ерекшке, өйткені саяхатқа шығамыз. “Paint графикалық

редакторы әлемі” жағалауына, аралдардағы тапсырмаларды орындау арқылы жетуіміз керек.

Ұранымыз: Мақсатымыз – білім алу, Міндетіміз – еңбектену



ІІ. 1 арал «Есте сақтау»

Қауіпсіздік техникасының ережелерін есімізге түсірейік.

ІІІ. 2 арал “Сәйкестендіру тестісі”


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет