Сабақ № 1
Қауіпсіздік техникасының ережелері
Сабақтың мақсаты: компьютермен жүмыс істеу барысында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: техника қауіпсіздігі ережелерін, компьютер сыныбында тэртіп сақтау ережелерін, көз талғанда жасалатын жаттығуларды.
Оқушылар үйренуі тиіс: техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, көз жаттығуларын жасауды.
Сабақтың барысы
¥йымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
Жаңа сабақты түсіндіру
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
1. Жалпы
2. ДК-де жұмыс істеу алдында
3. Жұмыс істеу кезінде
4. Авариялық жағдайларда
5. Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.
4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
6. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
7. Пернетақтаның үстіне ештеңені қоюға болмайды.
8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. Компьютерде жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек.
2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;
4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек көрсету:
1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
2. Күйген жеріне май жағу (ванилин);
3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын ала целлофанмен орап, суық судың астына ұтау;
4. Дәрігер шақыру.
Демі тоқтағанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары қарай кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру;
2. Дәрігер шақыру.
3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан-ауызға) керек.
Көз талғанда жасайтын жаттығулар
1-жаттығу
Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.-
Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.-
Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.-
Алысқа қадалып қараңдар.-
3-жаттығу
Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.-
Алысқа қадалып қараңдар.-
4-жаттығу
Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.-
Алысқа қадалып қараңдар.-
5-жаттығу
Бастарыңды бұрмай, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.-
Алысқа қадалып қараңдар.-
6-жаттығу
Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.-
Алысқа қадалып қараңдар.-
7-жаттығу
Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.-
Жаттығуларды оқушылармен бірге орындап шығу.
Информатика және ЕТ кабинетіндегі қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқау беру журналына тіркеу.
Оқушылар жоғарыдағы техникалық қауіпсіздік ережесімен толық танысқаннан кейін төмендегі журналға қол қою.
IV Бекіту
Негізгі түсіндірулер түсаукесерде көрсетіледі. Мүғалімдерге арналған қосымша ақпарат жэне түсаукесер мысалдары 1-қосымшада. Материалды игеруді тексеру «Өзіңді тексер» бөлімінде берілген. Тест жауаптары:
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
в
|
С
|
А
|
А
|
О
|
А
|
О
|
В
|
V Қорытындылау
Оқушыларға: «Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мэліметтер алдыңдар?» деген сүраққа жауап беру ұсынылады.
Тест жұмысы үшін оқушылар білімі бағаланады.
Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау журналы толтырылады.
VI Үй тапсырмасы
Оқулықтан § 1 мазмүнын қайталау
Сабақтың тақырыбы: §2. Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасиеттерімен таныстыру;
дамытушылық: информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беру дағдыларын қалыптастыру;
тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі – пікірталас.
Сабақтың жабдығы: оқулық, дербес компьютер, суреттер.
Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
Жаңа сабақты түсіндіру
2.Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар:
1. Информатика дегеніміз не?
2. Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар?
3. Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?
4. Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласың?
5. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесің?
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.
Сендер қалай түсінесіңдер, ақпарат деген не?
Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер.Ақпаратты ата – аталарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Яғни, ақпарат көзі және оны қабылдаушы бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.
Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ын – көру арқылы,10%-ын – есту, 4%-ын – иіскеу, 3%-ын – дәм сезу арқылы аламыз.
Сонымен қатар әрбір адам жеке – дара мүмкіндіктерге ие. Мысалы, дизайнердің көру қабілеті, музыканттың есту қабілеті жақсы дамыған. Сендердің кейбіреулерің жаңа материалды кітаптан оқып жақсы түсінсеңдер, әлдекім біреу айтып берсе артық түсінеді, ал тағы біреулеріңе түсіну үшін практикалық тапсырманы өздерің орындап шыққандарың ыңғайлы.
Ақпараттың түрлері
Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.
Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы – адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақытын келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.
Ақпараттың басқа түрлерін атаңдар!
Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлдінеді.
Бір ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақты машиналардың санын 5 санымен, «бес» сөзімен жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады.
Яғни, ақпаратты тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.
Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде табысты көрсетіледі.
Ақпараттың қасиеттері
Оқушыларға көз жанарын алдауға бірнеше суреттер ұсынады. Оқушылар осыдан кейін әр ақпарат шынайы (объективті) болмайтындығы туралы қорытынды жасайды. Шынайылық – ақпараттың негізгі қасиеттерінің бірі.
Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.
Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «Ертең» десін. Егер сендер достарыңа: «Біз киноға қашан барамыз?» деген сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады. Себебі – ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтылық деп аталады.
Ақпараттың қасиеттері:
* өзектілігі (ақпараттың өз уақытында берілуіне байланысты);
* толықтығы (ақпараттың көлеміне байланысты);
* объективтілігі (адам факторына байланысты);
* жеткіліктігі (қойылған талаптарға байланысты);
* адекваттылығы (шындыққа сәйкестігі);
* қолжетімділігі (қажетті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі).
4.Қорытындылау
Өзіңді тексер!
Тест жұмысы арқылы оқушылар білімі бағаланады.
5.Үй тапсырмасы
Оқулықтан § 2 мазмұнын қайталау
Сабақтың тақырыбы: §3. Ақпаратты өңдеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
білімділік: тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат
беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру;
дамытушылық: ақпаратты сақтау, жеткізу және өңдеу тәсілдерімен тиімді жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі – пікірталас.
Сабақтың жабдығы: оқулық, дербес компьютер, ACTIVOTE құрылғысы, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Жұппен жұмыс жасау. Бір оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды. Мұғалім оқушы жауабын тыңдайды. Сұрақтар экранда көрсетіліп тұрады.
1. Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер? Мысал келтіріңдер.
2. Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма?
3. Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер? Мысал келтіріңдер.
4. Қандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады?
5. Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды?
6. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер.
3. Білімді өзектендіру.
Сұрақтар:
1. Біз ақпаратты қайда кездестіреміз?
2. Біз ақпаратпен не істейміз?
3. Қандай да бір әрекетсіз ақпарат болады ма?
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады. Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.
Ақпаратты сақтау
Ақпаратты қайта – қайта пайдалану және оны тасымалдау үшін ақпаратты сақтаудың маңызы өте зор. Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе «сыртқы» тасығыштарды қолданады. Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды. Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығыштарда – дискілер мен флешкаларда сақталады.
Егер ақпараттың көлемі үлкен болса, онда өзіңе керекті ақпаратты табу қиынға түседі. Бұл жағдайда ақпарат белгілі бір тәртіппен реттелуі тиіс. Реттелген ақпаратқа әртүрлі картатекаларды (кітапханалардағы, емханалардағы) жатқызуға болады. Компьютердің де ақпаратты реттеу құралдары бар. Ақпаратты бумаларға үлестіріп сақтауға, алфавит бойынша, жазылған күні бойынша және т.б. сұрыптауға болады.
Ақпаратты жөнелту
Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады.
Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды. Ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін.
Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көз ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы – оны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім – ақпарат көзі де, оқушылар – оны қабылдаушы.
Ақпаратты өңдеу
Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы, есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару.
Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.
5. Компьютермен жұмыс.
А деңгейі
1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск→ Все программы → Стандартные → WordPad батырмаларын басыңдар.
2. «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер. Үтір зақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.
3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.
В деңгейі
1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск→ Все программы → Стандартные → WordPad).
2. «Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.
3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.
С деңгейі
«Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» бөліміндегі 6 – тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез келген программаны қолданыңдар.
6. Сабақты бекіту.
Бақылау сұрақтарын қою:
1. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?
2. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
3. Ақпаратты қайда сақтауға болады?
4. Ақпаратты жөнелту арналары деген не? Мысал келтіріңдер.
5. Адам ақпаратты қалай өңдейді?
6.* Әдетте өздерің компьютерде ақпаратпен атқаратын әрекеттеріңді атаңдар.
7. Үйге тапсырма беру.
Оқулықтың §3 мазмұндау, тест тапсырмасын орындау.
Тест жауаптары:
1 2 3 4 5 6 7
B B C B C D C
8. Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалап, журналға, күнделіктеріне баға қою.
Сабақтың тақырыбы: §4. Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері
Сабақтың мақсаты:
білімділік: ақпарат саны түсінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен
таныстыру, ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды үйрету;
дамытушылық: ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру;
тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.
Сабақтың жабдығы: оқулық, дербес компьютер, ACTIVOTE құрылғысы, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
§3 бойынша ACTIVOTE құрылғысы көмегімен тест тапсырмасы орындалады.
3. Білімді өзектендіру.
Сұрақтар:
1. Біз ақпаратпен не істейміз?
2. Ақпаратты қалай өлшеуге болады?
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
Компьютер – электронды машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуы 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.
Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.
Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.
Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады. 1 байт 8 битке тең. Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.
Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:
1 Килобайт (КБ) = 1024 байт
1 Мегабайт (МБ) = 1024 КБ
1 Гегабайт (ГБ) = 1024 МБ
1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб.
Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.
100Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:
Мәтін беттері – 50000
Түрлі түсті слайдтар – 150
Музыкалық фрагмент – 10 минут
Фильм – 15 секунд
Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы, Интернет желісі арқылы. Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с. өлшенеді.
5. Компьютермен жұмыс
А деңгейі
Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.
1. ПускКомпьютер батырмаларын таңдаңдар.
2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар.
3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар.
4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен,Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калкульяторды қолдануға болады.
В деңгейі
1. А деңгейдегі тапсырманы орындаңдар.
2. Документы бумасын ашыңдар.
3. 1 Гбайт көлемді флэшкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.
С деңгейі
Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін калькулятор программасын пайдаланыңдар.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Ақпараттың өлшем бірліктерін (ең кішісінен ең үлкеніне дейін) атаңдар.
2. Бат Кбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем?
3. 1 байттан неше бит бар?
4. «Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген ақпаратта қанша көлемдегі ақпарат бар?
5. «Алақай! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.
6.* Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін?
6. Сабақты қорытындылау.
Тәжірибелік жұмыс және есеп шығарғандары үшін оқушылардың білімдерін бағалау.
7. Үйге тапсырма беру.
§4, тест сұрақтары бойынша өз білімдерін тексеру, сұрақтарға жауап беру. 4 – 6 тапсырмаларды орындау.
Тест жауаптары:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
D A C B C C A B A D
Сабақтың тақырыбы: §5.Компьютер. Компьютер – әмбебап есептеуіш машина
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды «компьютер» түсінігімен таныстыру, компьютердің құрылымы, қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылығы: «компьютердің» анықтамасын, компьютердің түрлерін, пайдалану саласын анықтау білімін дамыту
Тәрбиелігі: адам өмірінде компьютерді қолдануға мысал келтіріп, сыртқы түрі бойынша құрылысын анықтауды, оның қызметін, оқылған құрылғыларына сипаттама беруді, пернетақтаны қолдануға тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасына тексеру:
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы- ол компьютер.бұл тарауда сендер: компьютердің неден тұратынын, компьютердің әрбір құрылғысыныңне үшін керек екенін, компьютер пернетақтасының қандай пернелерден тұратынын білетін боласыңдар.
Компьютер – күрделі құрылғылардың (микросызбалар) жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады. Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б. болуы мүмкін. Әрине қойылған барлық есептер арнайы жазылған қосымша программалардың көмегімен шешіледі.компьютер тек сол программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетінатқарады.
Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т.б. ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.
Компьютерлерді қолдану
Алғашқы компьютерлер «компьютер» және «ЭЕМ» атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеу үдерістерін аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.
Есептеулер – Ақпаратты сақтау – Құрылғыларды басқару
Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық (қағаздық емес) түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде – дерек қорларында орналастырады. Осындай дерек қорлары үшін қосымша құрылғыларды қосуға болатын күрделірек компьютерлер қажетболады.
Компьютерді қолданудың келесі қадамы – әртүрлі құрылғыларды басқару. Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ұялы телефондар, дүкендердегі кассалық аппараттар, әртүрліесепайыру құрылғылары.
Заманауи суперкомпьютерлер эксперимент жүргізугеболмайтын салалардамодельдер құру үшін қолданылады. Мысалы, тірі ағзаларда немесе ғарыштық денелерде жүретін үдерістерді зерттеуде.
Компьютердің түрлері
Қазіргі кезде компьютерлерді суретте көрсетілгендей, өнімділігі мен мөлшеріне қарай әртүрге бөлуге болады.
Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін детальдардан құралады. Басқаша айтқанда, дайын детальдар жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын компьютер жиналады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютертұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді.
Үлкен компьютерлер (мэйнфреймдер). Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауғаарналған. Әдетте ол – дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды. Серверлерде желіге қосылған барлық компьютерлер пайдалана алатын ақпарат сақталады. Сервер бүкіл желінің сенімді жұмысын, дерек қорлары мен басқа да ақпараттың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етеді.
Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді.
Үстел үсті компьютері – үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан, жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.
Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерліноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан (қалта) компьютері.
Қызықты ақпарат
Заманауи компьютерлердің қолданылу салалары
Компьютерді жұмыста қолдану
Көптеген адамдар күнде офиске бармай-ақ, компьютермен үйде жұмыс істегенді ұнатады.
Есепшілер, жазушылар, программистер, дизайнерлер, аниматорлар, суретшілер, музыканттар және де көптеген кәсіп иелері үйде жұмыс істей алады. Яғни, жұмыстары компьютерлік технологияларды пайдаланумен байланысты мамандардың бәрі үйде отырып компьютермен жұмыс істей алады.
Компьютер көмегімен сауда жасау
Көптеген тауарларды Интернет арқылы сатып алу өте қолайлы. Қажет заттарды іздеу үшін дүкендерді аралауға уақыт жұмсаудың керегі жоқ. Барлық каталогтар интернет-дүкендердің сайттарында орналасқан. Сондай-ақ коммуналдық қызметтерді өтеу, телефонды пайдаланғандарың үшін шоттарды толықтыру, ақша аудару және т.б. компьютер көмегімен үйде отырып жүзеге асыруға болады.
4. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып-біліңдер.
В деңгейі
Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар («Компьютер қолдану», «Компьютердің түрлері»).
С деңгейі
Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.
5. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
Компьютер деген не?
Компьютер қандай функцияларды орындайды?
Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма?
Қандай компьютерлікпрограммаларды білесіңдер?
Компьютер қайда және қалай қолданылады?
Компьютердің қандай түрлері болады?
Компьютер неге дербес деп аталады?
Дербес компьютердің түрлерін атаңдар.
Ноутбуктер мен алақан компьютерлері не үшін пайдаланылады?
Компьютердің түрлерін атаңдар (ең кішкентайынан ең үлкеніне дейін).
Компьютерлік желінің жұмысын қолдайтын компьютер қалай аталады?
Үлкен компьютерге басқа атау беріңдер.
Ребусты шешіңдер:
Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
Өзіңді тексер!
1. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?
А) Есептеу В) Басқару С) Ақпаратты іздеу Д) құжат құру
2. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:
А) Интернет В) Операциялық жүйе С) Операциялық қабыршық Д) Windows
3. Артығын көрсет:
А) суперкомпьютер В) үлкен компьютер С) дербес компьютер Д) кіші компьютер
4. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
А) үйде В) офисте С) өндірісте Д) ірі ұйымдарда нақты есептер шығару үшін
5. Үлкен дерек қорларын өңдеу және сақтау үшін қолданылатын компьютер:
А) Үлкен компьютер В) дербес компьютер С) суперкомпьютер Д) сервер
6. Ноутбук компьютерлердің қай түріне жатады?
А) суперкомпьютер В) Үлкен компьютер С) дербес компьютер Д) сервер
7. Нетбук деген не?
А) шағын мөлшерлі ноутбук В) алақан компьютері
С)Интернетке қосылған дербес компьютер Д) оқыту мақсатындағы компьютердің арнайы түрі
8. Сервер – ол:
А) компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын компьютер
В) суперкомпьютер С) Үлкен компьютер Д) ақпарат сақтауға арналған компьютер
Тест жауаптары:
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
В
|
В
|
Д
|
Д
|
Д
|
С
|
А
|
А
|
6. Үйге тапсырма:
§5 сұрақтарына жауап беру
Сабақтың тақырыбы: §6Компьютердің құрылымы.
Сабақтың мақсаты: Компьютердің құрылымымен тасыстыру, алғашқы түсінік қалыптастыру.
Білімділік: Оқушылардың компьютердің құрылымдары туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютердің құрылымдары туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру арқылы пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың соңынада оқушылар білуі тиіс:
Компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылғыларын, жүйелік тақтаның қызметін, процессорды, оперативті жадын, қатты дискті, СD/DVD-ROM, дыбыстық, желілік және видеокарта.
Оқушылар үйренуі тиіс:
Компьютердің сыртқы құрылғыларының түрін, олардың қызметіне сипаттама беруді.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
Үй тапсырмасын тексеру
§5 бойынша тест қорытындысы.
Білімді өзектендіру
Балалар, бүгін сабағымыздың тақырыбы «Компьютердің құрылымы». Компьютердің қандай құрылғыларын білесіңдер? (Оқушылар топтарға бөлініп, кестені толтырады)
Құрылғылары
Тағайындалуы
Орналасуы
Негізгі және қосымша
Оқушылар өз білімдеріне сүйене отырып, кестені толтырады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Барлық компьютерлердің бір-бірінен айырмашылығы – олардың құрамына кіретін құрылғылар жиынының әртүрлі болуында.
Дербес компьютер үш бөліктен тұрады:
Міндетті құрылғылар:
Ақпаратты шығару құрылғысы – монитордан
Ақпаратты енгізу құрылғысы – пернетақтадан
Жүйелік блокта орналасқан ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғыларынан
Басқа барлық құрылғылар міндетті емес немесе қосымша болады
Неге тышқан компьютердің негізгі құрылғыларын жатпайды?
Пернетақтадан басқа енгізу құрылғыларына тышқан, ойын джойстігі және басқалар жатады.
Компьютердің жүйелік блогында әртүрлі құрылғылардың негізгі жиыны орналасқан:
Аналық тақша – жүйелік блоқтың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоқтың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат іске асады.
Процессор – жүйелік блоктың «миы».көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді болады.
Жедел жады – компьютерде деректерді уақытша сақтау жады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Компьютерлік программа жұмыс істеп тұрғанда, жедел жадыда оған қажетті ақпарат сақталады. Сендер программамен жұмыс істеуді тоқтатқанда немесе компьютерді өшіргенде, жедел жадыдағы ақпарат жойылады.
Қатты дискі – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы. Онда тұтынушының программалары мен файлдары сақталады.
Видео карта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокарта компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға «дайындайды». Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.
Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет.
Желілік карта компьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу керек.
Алған білімдерін жүйелеу
Оқушылар оқылған материал бойынша кесте толтырады.
Қанша құрылым пайда болды?
Қай құрылымның қызметі естеріңде қалмады?
Қай құрылымның қызметі естеріңде жақсы сақталды?
Сабақты қорытындылау
Оқушыларға бағалау.
Үй тапсырмасы
§6 мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.
Сабақтың тақырыбы: §7
Компьютердің қосымша құрылғылары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютердің қосымша құрылғылары және ақпарат тасығыштар жайлы жан - жақты ақпарат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютермен ережеге сай, әрі ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, көре және ести отырып көру және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта және суреттер көмегімен түсіндіру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
«Жүйелік блокты құрастыр!» жүйелік блоктың құрамындағы құрылғыларды топтастыру көмегімен көрсету.
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Қосымша құрылғылар – компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады.
Дыбыс колонкалары – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
Принтер – ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы
Лазерлік принтерлер түрлі түсті және ақ - қара болып келеді. Лазерлік принтерлер лазер сәулесінің көмегімен басып шығарады. Лазер сәулесі картриджден қағазға жететін тонерді пісіреді. Лазерлік принтерлер бүріккіш принтерлерден басып шығару жылдамдығымен, бір минутта басып шығаратын парақ сандарымен ерекшеленеді.
Бүріккіш принтерлер қағазға бояулардың көмегімен басып шығарады. Бүріккіш принтерлер, әдетте, түрлі түсті болып келеді. Бояу картридждердің ішінде құюлы болады. бүріккіш принтерлердің кемшілігі – қымбатқа түседі, басылым ұзақ сақталмайды.
Сканер – мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы.
Модем – компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы. Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.
Микрофон – дыбыстық ақпаратты енгізу құрылғысы.
Сабақты қорытындылау
Оқушыларға бағалау.
Үй тапсырмасы
§7 мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.
Сабақтың тақырыбы : § 8 Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы
программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету; операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.
Оқушылар білуі тиіс : «Программамен қамтамасыз ету» ұғымын, оның түрлерге бөлінетін, қызметін, құрамын, «операциялық жүйе», «драйвер» және «утилита» түсініктерін, қолданбалы программалар қызметін, программалау жүйелерін, ОЖ қызметін.
Оқушылар үйренуі тиіс : ПЖ- ны нақты ОЖ –ның бір түріне жатқызуды, ОЖ, драйверлерге, утилит- программаларға, қосымшаларға мысалдар келтіруді.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІV Білімді өзектендіру
Компьютер ақпаратты қалай жіберіп, қалай қабылдап алады ?
Компьютер көп ақпаратты сақтай ала ма , неліктен ?
Адам өз жадында көп ақпарат сақтай ала ма ? Неге ?
Ақпаратты қандай құрылғы өңдейді ?
Қорытынды : Бүгін біз компьютердің ақпаратты қалай өңдейтінін білеміз.
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жүйелік программалық жабдықтама
Компьютер іске қосылған соң , ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.
Жүйелік ПЖ –ға мына программалар жатады :
Операциялық жүйе . Ол компьютердің қондырғылары мен
программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.
Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді- құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.
Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Қолданбалы программалық жабдықтама
Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.
Программалау жүйелері
Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, програмалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.
Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.
VІ Бекіту
Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. А деңгейлі тапсырма 3 түрлі нұсқада берілген. Оқушы таңдауды өзі жасайды.
VІІ Қорытындылау
Компьютерді программамен қамтамасыз ету деген не ?
Операциялық жүйе жүйтеуі қашан болады ?
Программалық драйвер не үшін қажет ?
Программалық утилитаға мысал келтір.
VІІІ Үйге тапсырма
8 , анықтаманы, ПЖ-ның жіктелуін, сызбасын жаттау, сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларын орындау, тест сұрақтарына жауап беру
Тақырыбы: §9 «Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару»
Сабақтың мақсаты:
Блімділік:оқушыларға Windows ОЖ пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру, Windows құрылымдылық компонентерімен, олардың қызметімен таныстыру;
Дамытушылық: Windows ОЖ жұмыс жасауды, есептер тақтасының таңбаларын пайдалануды, уақытты өзгертуді білу.
Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын арттыру, компьютермен жұмыс істеуді үйрету.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютерлер, презентация.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:1. Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Жоқ оқушыларды белгілеу
Үй тапсырмасын тексеру:
1. 59 — 63 оқу, түсініктерді жаттау
2. Карточкалармен жұмыс:
1 карточка:
Сөзде неше байт табыңдар
МЕКТЕП, ОҚУШЫ, СӨЗДІК, КОМПЬЮТЕР
2 карточка:
Сөзде неше байт табыңдар
ПРОЦЕССОР, АДАМ, МҰҒАЛІМ, СӨЗ
3 карточка:
Сөзде неше байт табыңдар
ИНФОРМАТИКА, CD-ROM, МОНИТОР, ЖҮЙЕ
3. Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:
1.Компьютердің программалық жабдықтамасы дегеніміз не?
2.Операциялық жүйе қашан компьютерге жүктеледі?
3.Программалық жабдықтамасы неше топқа бөлінеді?
4.Драйверлер программалық жабдықтамасының қай түріне жатады?
5.Утилита дегеніміз не?
6.Утилита программалық жабдықтамасының қай түріне жатады?
7.Утилиталық программаларға мысал келтіріндер
8.Операциялық жүйе дегеніміз не?
9.Компьютерден басқа қандай құрылғыларда операциялық жүйе бар?
10.Кабинеттегі компьютерлерде қандай операциялық жүйе орнатылған?
Жаңа материалды беру:
1.Жұмыс үстелі
Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда жұмыс үстелі пайда болады. Жұмыс үстелінің сыртқы түрін компьютер пайдаланушының өзі жеке таңдайды. Әдетте жұмыс үстелінде «Компьютер», «Қоржын», «Есептер тақтасы», «Бастау» батырмасы орналасады.
Бастау батырмасын басқаннан кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға мүмкіндіктер беретін «Бас меню»ашылады.
«Бас меню» екі: сол және оң жақ бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігінде жақында жұмыс жасаған программалар тізімі орналасады. Тізімнен төмен 2 бұйрық көрсетіледі: «Барлық программалар» /компьютерде орналасқан, барлық программаларды көрсетеді/, «Іздеу терезесі» /файлдарды, бумаларды, іздеуге мүмкіндік жасайды/. Оң жақ бөлігінде келесі бұйрықтар бар: «Қолданушы», «Құжаттар», «Бейне», «Музыка», «Компьютер», «Басқару тақтасы», «Құрылғылар мен принтерлер», «Унсіз келісім программалары», «Анықтама және қолдау». «Бас меню» оң жақ бөлігінің астында компьютермен жұмысты аяқтауға арналған батырма бар.
Жұмыс үстелінің немесе терезенің кез келген жерінде «маус» манипулятордың оң жақ батырмасын басқанда меню пайда болады, ол контекстік меню деп аталады.
Компьютер мониторының экрандағы бейне өзгеріп тұрады. Мысалы, ұзақ уақыт іске қосылған компьютермен жұмыс істемесеңдер, онда жұмыс үстелі бейнесінің экранда әр түрлі қозғалатын суреттер пайда болады. Оны бетпе-бет /заставка/ деп аталады.
2.Есептер тақтасы
Кез келген қосымшаны іске қосқанда есептер тақтасында ашылған қосымшаның белгісі бейнеленген батырма пайда болады. Сонымен, барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар батырма түрінде есептер тақтасында көрсетіледі. Есептер тақтасының оң жақ бөлігінде программа мен қай тілде жұмыс істеуге болатынын таңдауға мүмкіндік беретін тілдер тақтасы бар. Тілдерді басқару тақтасы арқылы ауыстыруға болады.
3.Күн және уақыт индикаторы.
Күн және уақыт индикаторы есептер тақтасының оң жағында орналасқан. Күн және уақытты өзгертуге болады.
Компьютермен практикалық жұмыс:
«А» деңгейі
1.Жұмыс үстелінің бос жеріне контекстік меню шақырыңыздар.
2.Экранда параметр терезесі шығып, «Экран» сөзінен 1 рет басамыз.
3.Сол жақта орналасқан «Изменение фонового рисунка рабочего стола» батырмасын басып келесі терезе шығады.
4. Кез келген суретті таңдап, «Сохранить» батырмасын басыңыздар.
«В» деңгейі
1. Тілдер индикаторына маустың оң жақ батырмасын шертіп, «Параметры» командасын таңдаймыз;
2.Ашылған терезеде «Добавить» батырмасын басамыз.
3.Ашылған тілдер тізімінен «Казахский – Клавиатура – Казахская» командасын орындап «ОК»батырмасын басамыз.
4.Тілдер индикаторына сол жақ батырмасын басып, тілдер қатарында қазақ тілі шығу керек.
«С» деңгейі
1.Жұмыс үстелінің Күн және уақыт панелінің бір рет сол жақ батырмасын басып, «Күн және уақыт баптауы» командасын таңдаймыз;
2. «Күн және уақыт баптауы» терезесіне бүгінгі күнді және уақытты еңгіземіз.
Сабақты бекіту:
·Есептер тақтасы қайда орналасады?
·Бас мюнюні қалай шақырамыз?
·Жұмыс үстелі дегеніміз не?
·Күн және уақытты қалай өзгертеміз?
Сабақты бағалау:
Үйге тапсырма:1. 68 — 74 бет оқу,
2. Өтілгенді қайталау.
Сабақтың тақырыбы: §10 Терезелер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Windows ОЖ-ның негізгі нысаны – тереземен, құрылымдық элементтерімен оқушыларды таныстыру, қызметімен, жұмыс аймағында басқару элементтерімен таныстыру
Дамытушылығы: Windows ОЖ-нің құрылымының басқару элементтерін, құрылымдық элементтердің қызметін, білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, еңбекке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар
Сабақтың барысы:
ұйымдастыру
2) сабақ сұрау
3) жаңа сабақ
4) Тапсырма орындау
5) бекіту
6) үйге тапсырма
7) қорытынды
Үйге тапсырмасы: