«Өткен күз», «Тез барам», «Жер жүзіне», «Орал», «Орал тауы», «Алыстағы бауырыма», «Түркістан», «Күншығыс», «От», «Пайғамбар» өлеңдері – ақынның ежелгі этностар тұтастығын, түркі халықтардың бірлігін жырлайтын азаматтық лирикасы. Мағжан Жұмабаев қаламынан: «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Батыр Баян», «Өтірік ертек», «Жүсіпхан», «Ертегі», «Тосанның тобы» сияқты эпикалық туындылар – поэмалар да туған.
«Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Батыр Баян» поэмалары аңызға, белгілі тарихи оқиғаларға құрылса, «Жүсіпхан», «Өтірік ертек», «Ертегі» поэмалары шығыстық сюжетке, мысалға, тұспалға құрылған. «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы Қойлыбай бақсы туралы Шоқан айтқан ертегінің негізінде жазылған. Мағжанның «Ертегі» дастанының бас кейіпкері әйгілі Абылай ханның тұқымы – Кенесарының баласы – Сыздық«Қорғамақ боп қазағын, ту көтеріп, қарға іледі садағын» деп ақын жырлағандай, Кенесарының ерлігін жалғастырып, әкесінің кегін қайтару үшін күреседі.
«Батыр Баянның» басқы бөлімінде сурет, шешендік толғау, күй төгіліп кеткен», – деп «Мағжанның ақындығы туралы» деген зерттеу еңбегінде Ж. Аймауытов айтқандай, М. Жұмабаевтың ақындық талантының биік шыңы – «Батыр Баян» поэмасы. Поэманы М. Жұмабаев 1923 жылы Ташкенттегі М. Әуезовтің үйінде бір түнде жазып шыққан. Поэманың кейіпкерлері:
Баян – негізгі кейіпкер.
«Көп жаудың албастысы, ел еркесі Баянның батырлығы Алашқа аян». Ноян – Баянның інісі, 15 жасар бозбала.
«Баянның інісі бар он бес жаста – Бөрінің бөлтірігі бала Ноян». Абылай – Алаш елінің ханы.
«Сол кезде елге қорған болған Абылай». Ер Көкше, Ер Қосай – Алаштың батырлары.
«Алашта ертеде өткен екі арыстан: Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма?». Қанай – Абылай ханның биі.
Жанатай – Баянның жолдасы, жас батыр.