Сабақтың басы
5 минут
Сабақтың ортасы
30 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырады.
Мұғалім жетекшілігімен орындайды.Еске түсірейік!
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
Үй тапсырмасының орындалуына нұсқаулық береді.
|
Қымбатты жас дос, бүгінгі сабақты көтеріңкі көңіл күймен бастау үшін «Жүректен жүрекке» ойынымен бастайық. Барлығымыз шеңбер бойымен тұрып, бір-бірімізбен алақандарымызды түйістіреміз. Әр оқушы жанында тұрған сыныптасына қарап, есімінің бас әрпінен басталатын игі тілегін айтады.
«Қос жазба» күнделігі әдісі арқылы ұғымдарға түсініктеме жазады.
https://itube.k aztrk.kz/vide os/23741/dar han- jazyqbaev-ar- adam- qogamnyn- ishki- duniesine- aralasuy- kerek/ «Әр адам қоғамның ішкі дүниесіне араласуы керек» тақырыбындағы бейнебаянды көреді.
Бейнебаян мазмұнында кездескен «рухани құндылық», «ұлттық сана», «азаматтық сана», «елдік сана» ұғымдарын жазады.
|