Ширату жаттығуы
«Телефонмен сөйлесу мәдениеті» тақырыбында фильм көрсету арқылы тақырыпты болжату, қызығушылығын ояту.
-Соншама мүмкіндіктер әперген осы байланыс құралдарын пайдалану мәдениетін толығымен білеміз бе?
1.ТЖ Тапсырма.
Мәтінмен танысып, жоспар құру.
ТЕЛЕФОНМЕН СӨЙЛЕСУ
ӘДЕПТЕРІ
Телефон, ұялы телефон қазіргі кезде адамдар
арасындағы көп тараған байланыс қүралдары болып отыр. Телефон арқылы күн сайын талай іс бітіп,талай нұсқаулар беріліп, талай келісімдер жасалып жатады. Жеке қарым-қатынастарда да телефон хат алысу дәстүрін ығыстырып барады. Адамзат ақылының бұл ұлы жетістігі адамдар арасындағы байланыстарды соншама кеңітті, алыс-қашықтыкты қысқартты, қалалар мен елдерді жақындатты. Алайда, соншама мүмкіндіктер әперген осы байланыс құралдарын қалай пайдалану керек екендігін толығымен білеміз бе?
Телефонмен сөйлесудегі ең бастысы - әңгіменің
қысқалығы, маңыздылығы. Ол біреудің уақытын сыйлауға және сөйлесу сыпайлылығына жатады.
Шырылдаған телефоннын тұтқасын-көтере сала
«Бұл кім?» - деп сұрау әдептілікке жатпайды
Үйге біреу телефон соқса, атыңыэды атамай-ақ
«тыңдап тұрмын» немесе «алло» деп айтқан жөн.
Кейбіреу «бұл кім екен?» десе, «кім керек еді?» - деп сұрау керек. Ал жұмыстағы телефон шырылдаса, жұмыс орнын немесе аты-жөніңізді айтып жауап бересіз. Егер біреу қателесіп, басқа номер теріп қойғанын білсеңіз ұрыспай-ақ, «Сіз номерден жаңылыстыңыз» - деңіз.
Телефон соққан адам сіз емес жұмысыңыздағы
немесе үйіңіздегі басқа адамды сұрайтын болса, «Сәл сабыр етіңіз, қазір шақырамын» немесе «ол кісі бір жаққа шығып кетіп еді, оған келген соң не айтайын »-дегеніңіз сыпайылық болар еді.
Жоспар
Кіріспе бөлім ____________________________
Негізгі бөлім ____________________________
а)
ә)
Қорытынды бөлім ________________________
Дескриптор:
Білім алушы
-мәтін мазмұнын оқып, түсінеді.
- мәтіннің құрылымын анықтайды;
- мазмұны бойынша жоспар құрады.
Кері байланыс: «Екі жұлдыз бір тілек»
2.ТЖ.Тапсырма:
Мәтінді оқып, нақты ақпаратты анықта.
Мәтінге байланысты тапсырмалар:
1-топ.«Сүзіп алу» әдісі . Қай кейіпкер сізге қандай ой қалдырды?
2-топ. «ПОПС» формуласын қолданып,телефон әдебі туралы өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.
Бірінші сөйлем. «Менің ойымша ...»
Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны ... деп түсіндіремін».
Үшінші сөйлем. «Оны мен ... деген фактілермен, мысалдар-
мен дәлелдей аламын».
Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге
келдім».
-Алло, сәлеметсіз бе?
- Сәлеметсіз бе?
- Бұл Мараттың пәтері ме екен?
- Иә, Мараттың пәтері.
- Маратты телефонға шақыра аласыз ба?.
- Марат үйде жоқ еді, ол іссапарда. Кешіріңіз, сіз кім боласыз?
- Қап, мен Семейден келіп едім. Мараттың танысы – Асанмын. Ертең кетемін. Оның ұялы телефонының нөмірін бересіз бе?
- Жарайды. Жазып алыңыз...
-Алло, Марат, қалайсың, қайдасың?
-Е, бұл кім? Не болды?
-Мен ғой, Асан. Семейден келдім. Сенікіне барсам деп едім.
-Қандай Асан? Қонақ күтетін уақытым жоқ.
-Жарайды, Мәке. Сені көрем деп үміттеніп едім. Келесі бір келгенде бас қосармыз. Семейге келсең, хабарлас, қонағым болып қайтасың.
-Ее, ее, Асан. Бұл сенбе едің?...
Әттең, бұл кезде байланыс үзіліп кеткен еді.
Дескрипторлары:
Мәтін мазмұнымен танысады.
Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды.
Тірек сөздер арқылы нақты ақпаратты іріктеп алады.
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы
3.ЖЖ: Тапсырма:
«Лездеме» әдісі арқылы шұғыл жағдайда мәдениетті сақтай отырып, арнайы қызмет орындарының біріне хабарласу үшін диолог құрастыру.
Өрт сөндіруші- 101 Полиция - 102
Достарыңызбен бөлісу: |