Сабақ 1 «Экология ғылымының дамуын мен қоғамда алатын орнын талдау»


Негізгі және қосымша әдебиттерді қолдану



бет12/37
Дата20.04.2022
өлшемі1,83 Mb.
#139948
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Байланысты:
ЭиБЖ-Практика (1) (1)

Негізгі және қосымша әдебиттерді қолдану.


Практикалық сабақ 9.
Жаралар. Жарақаттар. Қан кетулері және оларды тоқтату жолдары. Сүйектер сынғандағы алғашқы көмек

Сынық — сүйек тұтастығының бұзылуы, қатты қимыл, соққы, биіктен құлау жағдайында пайда болады.


Жарақатты сынықтар жабық (терінің зақымсыздануы жағдайында) және ашық деп бөлінеді (сынған жерде тері зақымданады).
Ашық сынықтар жабығынан қауіптірек, өйткені сынған жердің жұқпалы ауруларға ұшырау және остеомиелиттің (сүйек майының қабынуы) даму мүмкіндігі өте жоғары.
Сүйек сынуының белгілері:
1. Жабық сынық жағдайында:
- сынған тұстың ауырықсынуы;
сынған тұстың ісіңкілеп немесе көгеріп қалуы;
сынған жердегі қауіпсіз қозғалыс;
аяқ-қол функциясының бұзылуы.
2. Ашық сынық жағдайында:
аяқ-қолдың қысқаруы немесе қисаюы;
жарадағы сүйек жарқыншақтарының байқалуы;
жараланған тұстағы қалыпсыз қозғалыстар;
аяқ-қолға салмақ түсіру әрекеті кезіндегі сырқырау.
Сынық толық немесе жартылай болуы мүмкін. Жартылай сынықта сүйектің әлдебір көлденең бөлігі бұзылады, көбіне бойлық қуыс-сүйектің жарылуы түрінде болады.
Сынықтар сан алуан түрінде кездеседі: көлденең, қиғаш, шиыршықты, бойлық. Көбіне жарықшақты сынықтар байқалады, бұл жағдайда сүйек жеке сынықтарға бөлінеді. Сынықтың бұл түрі көбіне оқ тигенде кездеседі.
29 сурет. Білек сүйектерінің жабық (а) сынығы және (б) сирақтың ашық сынығы.

Сынған жерді сыйпағанда ауру қатты ауырусынуды сезінеді, ақырын басқан жағдайда сүйекті, сынықтың үшкір шеттерін және сықырлауды (крепитация) анықтауға болады. Аяқ-қолды сыйпалауды қос қолыңмен бір жерін ауыртып алмай оны ушықтырмайтындай етіп жүргізген жөн (сүйек сынықтарын, қан тамырларын, жүйкелерін, бұлшық еттерін).
Ашық сынық жағдайында сынған тұсты сыйпалау мен зерттеуге тыйым салынады.
Ауыр жағдайда сынықтар естен танумен ұштасады. Әсіресе артериалдық қан ағуымен ашық сынық жағдайында естен тану жиі кездеседі.
Жарақатты естен тану — ауыр зақымданудың асқынуы өмірге қауіп, ол орталық нерв жүйесі, қан айналымы, зат алмасу қызметтерінің және басқа өмірлік маңызды функциялардың бұзылуымен сипатталады. Естен танудың себебі ауыр жарақаттар болуы мүмкін. Естен тану көбіне көп қан кеткен жағдайда, қыс уақыттарында зақымданған адамның сууы кезінде жиі ұшырасады. Естен тану белгілерінің пайда болу уақытына байланысты ол бастапқы және қосымша деп бөлінеді.
Бастапқы естен тану жарақат алған сәтте көрінеді.
Қосымша естен тану оны ұқыпсыз тасымалдау немесе сыну кезінде нашар құрсаулау жағдайында пайда болуы мүмкін.
Жарақаттану жағдайында естен тану дамуының екі фазасы — қозу және тежеу ажыратылады. Қозу фазасы жарақат алудан кейін бірден дамиды, бұл күшті сырқырау тітіркендірулеріне организмнің жауап реакциясы Бұл жағдайда зақымданған адам тынымсыздық көрсетіп, сырқыраудан дөңбекшиді, айқайлайды, көмек сұрайды. Бұл фаза қысқа мерзімді (10-20 мин). Содан кейін тежеу басталады, толық есін сақтаған зақымданған адам көмек сұрамайды, тежеліп қалған, төңірегіне бей-жай қарайды, өмірлік маңызды функциялары қысым көрген: денесі суық, беті бозарған, қан соғысы әлсіз, тынысы әрең білінеді.
Өту ауырлығына қарай жарақатты естен танудың терт дәрежесін ажыратады: жеңіл, орта, ауыр, аса ауыр ауырлық.
Естен танудан алдын ала сақтанудың негізгі шаралары: жарақат алғаннан кейін ауырықсынуды басу немесе жеңілдету, қан ағуын тоқтату, суынуға жол бермеу, бірінші медициналық кемек тәсілдерін ұқыпты орындау және аяушылықпен тасымалдау.
Алғашқы медициналық көмек көрсетуге зақымданған адам естен таңған кезде өмірге қауіп төндіретін қан ағуды токтату қажет, шприц-түтікпен ауырықсынуға қарсы дәріні енгізу, суықтан қорғау, сынық байқалған жағдайда тасымалдық құрсаулауды өткізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет