Дененің түрлі бөліктер-бас, аяқ-қол, кеуде, іш, бұт жараланғанда зарарсызданған таңуды салу жөніндегі практикалық сабақ. Дененің түрлі бөліктеріне зарарсызданған таңғышты дұрыс салып, өңдеу жөніндегі практикалық сабақ көрнекі құралдарды: диафильмдерді, диапозитивтерді, міскіндерді, стендтерді, плакаттарды, тану материалдарды: бинттерді, жеке таңу пакеттерді, салфеткаларды пайдаланумен сыныпта жүргізіледі.
Зарарсызданған таңуды жүргізу жөнінде оқушыларды дайындауда негізгі назар олардың білімдерін жетілдіруге және практикалық тәсілдерді орындаудағы медициналық көмек көрсетуде практикалық дағдыларды орнықтыруға аударылады. Әр практикалық сабақтың басында сабақ жетекшісі тәсілдің (қимыл) орындалуын түсіндіреді және көрсетеді, содан кейін оларды үйренушілермен бірге жасайды, нормативті белгіленген уақытта тәсілдердің анық орындалуына қол жеткізіледі. Зарарсызданған таңу тәсілдерін игерудегі жаттығу барысында үйренушілер 2 топқа бөлінеді, олардың бірі көмек көрсетеді де, екіншісі шартты жараланғандар ретінде пайдаланылады. Сабақ барысында үйренушілер ара-тұра орындарын алмастырады.
Пратикалық сабақ 11. Ине шаншу әдістері. Қан қысымын өлшеу. - конспект, пікірталас
Мақсаты: Ине шаншу түрлерін, әдістерін үйрену
Қажетті жабдықтар: Ине, мақта, этил сипрті, муляждар