Сабақ 1 Күні: Сабақтың тақырыбы: Қазағым менің. Қ. Ахметова. Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата22.01.2017
өлшемі0,68 Mb.
#7569
түріСабақ
  1   2   3   4
Әдебиеттік оқу 4 – сынып

Сабақ 1 Күні:



Сабақтың тақырыбы: Қазағым менің. Қ. Ахметова.

Сабақтың мақсаты:

1.Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру.

2. Талдау, өзіндік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту.

3. Еңбек етуге, ұлттық- сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.



Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, қосымша материалдар, оқулық.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, С.Т.О.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану.

Сабақтың түрі: Әңгімелеу.

Сабақтың әдісі: Пікірталас.

Жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Өткенді қайталау.

3. Қызығушылығын ояту.

4. Мағынаны тану.

5. Ойтолғау.

6. Үйге тапсырма.



Сабақ барысы: І. Сабаққа дайындалу сәті.

2. Өткенді қайталау.

3. Қызығушылығын ояту.

« Туған өлкем – тұнған шежіре» деген тарау аты тақтаға жазылады. Тақтаға Қазақстанның картасы ілінеді.



  • Балалар, тарау тақырыбы болып тұрған 4 сөз, 2 тіркестің мән – мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Оқушылардың сөздерін тыңдап, қорытындылау. Тарау тақырыбының мағынасын ашу. «Шежіре» сөзіне түсінік беріп, дәптерлеріне жаздыру.


қазақ

батыр

өнерлі

қонақжай


ақылдыы

азат


-батыр – қонақжай – өнерлі

І, ІІ, ІІІ - Оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді.

4. Мағынаны тану.

Ақын Күләш Ахметованың «Қазағым менің» өлеңін оқып беріп, автормен таныстыру.



  1. топ. Өлеңде қазақ халқының өткен өмірі туралы не айтылған?

  2. топ. Халықтың Отанына деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген?

  3. топ. Ақын қазақтың қандай қасиеттерін мақтан етеді?

Оқулық сұрақтарына жауап беру.

5. Сергіту сәті.

6. Ойтолғау.

Оқулықтағы өлең шумағын мағынасына қарай толықтырып жазу.

Мақал – мәтелдер

Оқушылардың ойларын қортындылау.

Қазақ бейнесін шығаруда оқушылар 4 немесе 5 жолды өлең жазуы немесе «Бақыттымын» атты эссе жазу.

ҮІ. Үйге тапсырма беру. 4- бет


Әдебиеттік оқу 4 – сынып

Сабақ 2 Күні:



Сабақтың тақырыбы: . Біздің заң. Х. Ерғалиев.

Сабақтың мақсаты: 1.Әрбір оқушының заң туралы қарапайым түсінігін қалыптастыру. Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру.

2.Талдау, өзіндік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту.

3. Еңбек етуге, ұлттық- сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, « Қазақстан Республикасының Конституциясы» (кітапша), мерекелік, салтанатты ілінген рәміздер. қосымша материалдар, оқулық.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, С.Т.О.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану.

Сабақтың түрі: Әңгімелеу.

Сабақтың әдісі: Пікірталас.

Жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Өткенді қайталау.

3. Қызығушылығын ояту.

4. Мағынаны тану.

5. Ойтолғау.

6. Үйге тапсырма.



Сабақ барысы:

1. Сабаққа дайындық. Бір-біріне тілек білдірулері.

2. Үй жұмысын тексеру. Сұраққа жауап беру. Сабаққа дайындалу сәті.

3. Қызығушылығын ояту.

Қазақстан Республикасының Гимнімен басталады.


  • Балалар, 30 – тамыз күні бізде қандай мереке болды?

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.

  • Ия, балалар Конституция – елеміздің Ата Заңы.

1-жұмыс:

Заң деген не?

Адам заңды қалай үйренеді?

Заң не үшін керек?



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










а) Кестенің « Білемін» бөлігін толтыру.

ә) – Сендер заң туралы не білгілерің келеді? ( сұрақтарды бағанға толтыру)

4. Мағынаны тану.

Сабақ тақтаға жазып, авторымен қысқаша таныстыру.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру, оқушылардың тізбектей оқуы.

Сұрақ – жауап жүргізу.



34- бап. « 2. Әркім Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті».

38- бап. Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті».

. Сергіту сәті.

5. Ойтолғау.

Оқулықтағы өлең шумағын мағынасына қарай толықтырып жазу.

Мақал – мәтелдер

Оқушылардың ойларын қортындылау.

3 – беттегі суретке қарап, туған өлке келбетін суреттеп әңгімелеу.

ҮІ. Үйге тапсырма беру. 5- бет .



Әдебиеттік оқу 4 – сынып

Сабақ 3 Күні:



Сабақтың тақырыбы: Атша көкек. Б. Баймағанов.

Сабақтың мақсаты:

1. Тақырыбы мен идеясын аша білу, өз желісінде әңгімелеу.

2. Көркем әдеби сөйлеу тілдерін дамыта түсу.

3. Жер, ел деген қасиетті ұғымды қастерлеуге, Отанды қорғау – ата – бабаларымыздың ұлы ісі болғанын сезінуге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: құстар суреті, қосымша газет материалдары, тақта, маркер, т. т.

Сабақтың түрі: Әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, С.Т.О.

Пәнаралас байланысы: Дүниетану.

Жоспары: 1. Сабақтың көрнекілігі:Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй жұмысын тексеру.

3. Қызығушылығын ояту.

4. Мағынаны тану.

5. Қортындылау.

6. Үйге тапсырма.



Сабақ барысы:

  1. Сабаққа дайындық. Бір-біріне тілек білдірулері.

  2. Үй жұмысын тексеру. Сұраққа жауап беру арқылы қайталау, бағалау.

  3. Қызығушылығын ояту. Бозторғай, көкек, қарлығаш суреттерин тақтаға іліп қою. Әрбір құстардың дауысын салып дауыстап көру.

  • Ең жақсы білетіндерің көкек екен ғой! – деп таңданыс білдіру.– Балалар, көкек туралы тағы не білесіңдер? Оқушыларды тыңдап қорытындылау.

4. Мағынаны тану.

а) оқулықпен жумыс.

ә) мазмұнын әңгімелеп шығу.

б) мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.



  • Көкек те өз жерін сүйеді.

  • Ағайынды адамдар бір – бірін кешіреді.

  • Жігіт те аузынан шыққан сөзіне өкінеді.

Оқиғаның осылай аянышты аяқталуы көңілсіздік тудыратындықтан, балалардан батыр жігіттің қарындасын құтқаруға сендер көмектескілерің келе ме деп сұрап, аңыздың жақсылықпен аяқталуына тапсырма беру. Ол үшін үйде қызды құтқару туралы аңызды аяқтап жазып келу тапсырылады.

в) дәптерге қысқаша деректер жазу:

Сөздік жұмысы.

Сергіту сәті.

Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,

Сен – Күнсің , көтерілген күліп қырдан.

Сен – Көлсің,

Сен – Ормансың,

Сен – Бұлбұлсын,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

г) Әңгімені тізбектей оқу, жинақтап алу, ойда сақтау.

б) Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту, қортындылау.

5. Ертегі бізге не үшін қажет? Ой түйіндеу. Дәптерге қысқаша ойын жазғызу, қортындылау.

а) Мақал- мәтел айту. Түйін сөз.

6. Үйге тапсырма. Идеясын ашып, мазмұнын біліп келу.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып

Сабақ 4 Күні:



Сабақтың тақырыбы: «Қобыланды батыр» жырынан үзінді.

Сабақтың мақсаты: 1. Қобыланды батырдың ерлігі мен атының жігер – күшін, жазушы суреттегендей түр – келбетін көре білуге, сомдап қағаз бетіне түсіре білуге жол ашау.

2. Өлеңнің идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру.

3.Батырдың өмірлік ұстаған принциптері мен биік мұраттары – болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, елі мен Отан алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қобыланды батыр мен атының суреттері. Қобыланды батыр» жырынан үзінді.

Сабақтың түрі: Әңгімелеу.

Сабақтың әдісі: С.Т.О.

Пәнаралас байланысы: Өзін-өзі тану.

Жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй жұмысын тексеру.

3. Қызығушылық ояту.

4. Мағынаны тану.

5. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй жұмысын тексеру, бағалау.

3. Қызығушылығын ояту.

Көк аспанда - Күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін

Көк аспанда күн күлсін

Жерге ұдайы нұр қүйсын!

Күн – бейбітшілік, жылулық, ананың құшағы т.б.

Ассоциация арқылы топқа бөліну.

Әр топ Күн көзінің суретін салады.



  • Жаңа сабақ. Ауыз әдебиеті туралы мәлімет беру.

а) Жырды оқу. Жеке, жұпта, топта талдау.

ә) Сөздік жұмысы.

Мақсатына жету жолы туралы дәптерге жазу.

«Әдеби үйірме» стратегиясы бойынша:

І- топ: Сілтеме табушылар (Негізгі ойды табу).

ІІ-топ: Кейіпкерлерді сипаттаушы.

ІІІ-топ: Ізденушілер. (Қосымша ақпарат іздеу).

ІҮ-топ: Дәнекерлер. (Қазіргі өмірмен байланыстыру).

Ү-топ: Сөз тапқыштар. (Мақал-мәтел табу).

ҮІ-топ: Суретшілер (Кейіпкерлерді салу).

Әр топ тапсырманы салған суреттерінің сыртына орындайды. Күнге рахмет айтамыз!

б) «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындау.

5. Үйге тапсырма. 7 -бет

Әдебиеттік оқу 4 – сынып

Сабақ 5 Күні:



Сабақтың тақырыбы: Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерлігі.

Сабақтың мақсаты: 1. Ер Тарғын ерлігі мен Тарлан атының жігер – күшін, жазушы суреттегендей түр – келбетін көре білуге, сомдап қағаз бетіне түсіре білуге жол ашау. 2. Өлеңнің идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру. 3.Батырдың өмірлік ұстаған принциптері мен биік мұраттары – болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, елі мен Отан алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ер Тарғын мен Тарлан атының суреттері.

Сабақтың түрі: Әңгімелеу.

Сабақтың әдісі: С.Т.О.

Пәнаралас байланысы: Өзін-өзі тану.

Жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй жұмысын тексеру.

3. Қызығушылық ояту.

4. Мағынаны тану.

5. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй жұмысын тексеру, бағалау.

3. Қызығушылығын ояту.

- Айбалта, дулыға, қалқан, қылыш, найза, сауыт, семсер, шоқпар деген қару – жарақ аттарын естігенде, көз алдарыңа кім елестейді? Неліктен ?

Жеке, жұпта, топта талқылау.

Топ жұмыстарын тыңдау.


  • Қандай қазақ батырларын білесіңдер?

« Топтастыру» сратегиясы арқылы орындау.

Жаңа сабақ. Ауыз әдебиеті туралы мәлімет беру.

Батырлар жыры – жыршылар арқылы бізге дейін жеткен ауыз әдебиетінің түрі.

Батырлар жыры – басқыншылардан елін, жерін қорғаған батырлардың ерлік істері жайында айтылатын дастан.

Ең көп тараған батырлар жыры: « Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», « Алпамыс», « Ер Қосай», т.б.

а) Жырды оқу. ә) Сөздік жұмысы.



Кітаппен жұмыс. Түртіп алу стратегиясы бойынша орындау.

-мен білемін

- мен білмедім

- мен үшін жаңа

- таңқалдым, сұрақ туды.

« Венн диаграммасына» салып, Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерліктерін салыстыру. Сергіту сәті.. Сабақты бекіту.

«Сабақтан алған әсерің». Ауызша немесе жазбаша орындау.

Бес жолды өлең жазу.

Мақал- мәтел айту. Түйін сөз.

Үйге тапсырма. Идеясын ашып, мазмұнын біліп келу. 8 – 9 бет



Әдебиеттік оқу 4 – сынып

Сабақ 6 Күні:



Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмаділов. Қабанбай . « Дарабоз» романынан үзінді. Сабақтың мақсаты:

1. Тақырыбы мен идеясын аша білу, өз желісінде әңгімелеу. Өмірмен байланыстыру. Ұлттық ерекшелігімізді байқату.

2.Баланың өз бетімен оқуы, пайымдауы, әрекет етуі, ойлануы арқылы шығармашылық деңгейінің дамуына мүмкіндік беру.

3. Эстетикалық, патриоттық тәрбие беру. Баланың тирихқа, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауы – өзін – өзі сыйлау көрінісі екенін сезіндіру, тәрбиелеу. Көрнекілігі:Қ.Жұмаділов портіреті.Плакат,маркер,тақта,батырлар ескерткіштері мен мүсіндері,т.б. Сабақтың түрі: Әңгімелеу, түсіндіру.



Сабақтың әдісі: Жинақтау, қортындылау.

Пәнаралас байланысы: Дүниетану.

Жоспары: 1. Сабақтың көрнекілігі:Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй жұмысын тексеру.

3. Қызығушылығын ояту.

4. Мағынаны тану.

5. Қортындылау.

6. Үйге тапсырма.



Сабақ барысы:

1.Сабаққа дайындық. Бір-біріне тілек білдірулері.

2.Үй жұмысын тексеру. Сұраққа жауап беру арқылы қайталау, бағалау.

3. Қызығушылығын ояту.

–Балалар, қазақ халқы балаға ат қоюға көп ойланған. Бүгін Қ.Жұмаділовтің Қабанбай . « Дарабоз» романынан үзінді әңгімемен танысамыз.

4. Мағынаны тану.

Қ. Жұмаділов портретін көрсету, таныстыру, шығармаларына тоқату» т.б.

а) Дәптерге қысқаша деректер жазу.

ә) Мәтінді бөліктерге бөліп оқу, жинақтап алу, ойда сақтау.
Болжау кестесі ( үлгі)

1

2

3

4

Жастар Қабанбайдан

Оның атының мағынасын сұрауға неліктен жасқанды?



Олай ойлауға

не себеп бар?



Қабанбай бейнесі ертегілік кейіпкерлер сияқты болуы мүмкін бе?Мысалы: Ер Төстік.

Олай ойлауға

не себеп болды?



5

6

Қабанбай деп аталып кеткендіктен,

Ерасыл аты өшіп қалуы мүмкін бе?



Олай ойлауға не себеп болды?

Оқушыларға «Болжау кестесі» таратылып беріледі.

Оқушыларға «Болжау» кестесінің 5, 6 – бөліктерін толтырып, топта талқылап, бір оқушы жазғандарын оқиды.



Ескерту. Әр топ жұмысы тыңдалып,оқушыларға қолдау беріп отыру керек.

5. Қортындылау.Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту, қортындылау.

а) Сөздік жұмысы. Ой түйіндеу. Дәптерге Қабанбай батырға мінездеме беру, қысқаша ойын жазғызу, қортындылау.

ә) Мақал- мәтел айту. Түйін сөз.

6. Үйге тапсырма. Есімін ел өзгерткенертегі, әңгіме, аңыз, кейіпкерлері туралы деректер сұрастырып жазып келу. Ерасыл алысқан жабайы қабанды суретке қарап сипатту.

10 – 12 бет.



Әдебиеттік оқу 4 – сынып

Сабақ 7 Күні:



Сабақтың тақырыбы: Миаулы ағаш.М. Етекбаев

Сабақтың мақсаты:

1.Ж. Жабаев өмір жолы мен шығармашылығы туралы, Сүйінбай ақын, Қарасай батырлардың ерлігі туралы мағлұматтарын кеңейту.

2.Оқушылардың ой –өрісінің дамуына ықпал ету.

3. Оқушыларға үлкенді құрметтеуге, ата жолын қууға, мұра тұтуға, ұлттық тәрбие беру.



Сабақтың көрнекілігі: «Ж. Жабаев атамыздың өмірінен» атты кітап, өлеңдерінен үзінді.

Сабақтың түрі: С.Т.О.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу.

Пәнаралас байланысы: Дүниетану.

Жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй жұмысын сұрау.

3. Қызығушылығын ояту.

4. Мағынаны тану.

5. Ойталғау.

6. Үйге тапсырма.



Сабақ барысы: І. Сабаққа дайындалу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру, бағалау.

ІІІ. Өзін- өзі тану сабағының элементтерін пайдалану арқылы психологиялық дайындық. «Ойашар» өткізу. Күннің шуағы.


  • Мына күннің шуағынан жылу алайық. Ықыластарыңа бөленген шуақ алақанымызға сыймай барады. Оны босатайық, оның сәулесі жүрегімізді жылытсын.

  • Саған, күн шуағы жарқырайтын қай жыл мезгілі ұнайды? Не себептен?

  • Адамға Күннен басқа тағы не қажет?

а) топтастыру

ә) жазғытұрым өлеңін таныстыру.

б) автормен таныстыру.

ІҮ. Мағынаны тану.



1- топ. Ж. Жабаетың өмір жолы.

2- топ. Ж. Жабаетың өлеңдері.

3- топ. Ж. Жабаетың ақынға сипаттама беру.

Кестенің бірінші бағанын толтыру.



Білемін

Білдім

Білгім келеді

Жаңа сабаққа көшу. Мәтінді тізбектей, мәнерлеп оқу арқылы «Түртіп алу» бойынша оқыту. Артынан кестені толтыру.

V. Ойталғау.

Оқылған мәтін бойынша сұрақ – тапсырмалармен жұмыс.

а) Сергіту сәті.

ә) Сөздік жұмысы.

б) Әңгімедегі өзіңе ұнаған кейіпкерді сипаттап жазу.

Табиғатты қорғауға көңіл бөлу.

в) Қорғау қолымыздан келе ме?

г) Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру. Мақал- мәтелдерді талдау. Жұмбақ жасыру.

д) Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту, қортындылау.

е) Шығарманы қазіргі өмірмен байланыстыру, талдау жасау.

6. Үйге тапсырма. Идеясын ашып, мазмұнын біліп келу. Әңгімедегі басты кейіпкерлерге мінездеме жазып келу.13 – 14 бет.



Әдебиеттік оқу 4 – сынып

Сабақ 8 Күні:



Сабақтың тақырыбы: Болар бала жасынан. М. Мәжікеев

Сабақтың мақсаты:

1. Тақырыбы мен идеясын аша білу, өз желісінде әңгімелеу. Өмірмен байланыстыру. Ұлттық ерекшелігімізді байқату.

2.Баланың өз бетімен оқуы, пайымдауы, әрекет етуі, ойлануы арқылы шығармашылық деңгейінің дамуына мүмкіндік беру.

3. Эстетикалық, патриоттық тәрбие беру. Баланың тирихқа, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауы – өзін – өзі сыйлау көрінісі екенін сезіндіру, тәрбиелеу. Көрнекілігі: хрестоматия, тақта, бор, плакат, суреттер. Ә.Қастеев «Амангелді сарбаздары» картинасы.



Сабақтың түрі: Әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың әдісі: . Сұрақ-жауап, С.Т.О.

Пәнаралас байланысы: Өзін-өзі тану

Жоспары: 1. Сабақтың көрнекілігі:Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй жұмысын тексеру.

3. Қызығушылығын ояту.

4. Мағынаны тану.

5. Қортындылау.

6. Үйге тапсырма.



Сабақ барысы:

1.Сабаққа дайындық. Бір-біріне тілек білдірулері.

2.Үй жұмысын тексеру. Сұраққа жауап беру арқылы қайталау, бағалау.

3. Қызығушылығын ояту.

Ә.Қастеев «Амангелді сарбаздары» шы5армасын тақтаға ілу.

- Суретке жақсылап қараңдар ( 1минут).



  1. Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

  2. Олай деп айтатындай не көріп тұрсыңдар?

  3. Сурет ортасындағы ақбоз атты адам туралы не айтуға болады?

  4. Бұл адам туралы тағы не айтуға болады?

Оқушылар суреттегі батырдың бейнесін танып, А.Иманов туралы әңгімелейді.

Сурет бойынша қорытынды сөз.

4. Мағынаны тану.

М. Мәжікеев портретін көрсету, таныстыру, шығармаларына тоқталу» т.б.



  1. Балалар, батыр болсын, ақын болсын –барлығы да бала болған. Олар да сендер сияқты ойнаған. Ал, сендер бос уақыттарыңда қандай ойын ойнайсыңдар?

Оқушылармен еркін әңгімелесу, тыңдау.

а) Мәтінді бөліктерге бөліп оқу, жинақтап алу, ойда сақтау. 5. Ойталғау.Оқылған мәтін бойынша сұрақ – тапсырмалармен жұмыс. а) Сергіту сәті. ә) Сөздік жұмысы. б) Әңгімедегі өзіңе ұнаған кейіпкерді сипаттап жазу.

в) Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру. Мақал- мәтелдерді талдау. Жұмбақ жасыру

г) Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту, қортындылау.

д) Шығарманы қазіргі өмірмен байланыстыру, талдау жасау.

6. Үйге тапсырма.Сыныптас немесе ерекше мінез – қылығы бар достарың жайлы «Болар бала қандай болады?» атты эссе жазу. 15- 16 бет.


Әдебиеттік оқу 4 – сынып

Сабақ 9 Күні:



Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя. Б.Момышұлы

Сабақтың мақсаты: 1. Тақырыбы мен идеясын аша білу, өз желісінде әңгімелеу.

2. Өз бетімен шешім қабылдай білу, ойларын жүйелі жеткізе білу, тілдерін дамыту.

3. Достық қөмек, бауырмашылдық сезім ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Автор портреті.

Сабақтың түрі: Әңгімелеу.

Сабақтың әдісі: С.Т.О.

Пәнаралас байланысы: Өзін-өзі тану.

Жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй жұмысын тексеру.

3. Қызығушылық ояту.

4. Мағынаны тану.

5. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй жұмысын тексеру, бағалау.

3. Қызығушылығын ояту.

Көк аспанда - Күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін

Көк аспанда күн күлсін

Жерге ұдайы нұр қүйсын!

Күн – бейбітшілік, жылулық, ананың құшағы т.б.

Ассоциация арқылы топқа бөліну.

Әр топ өзі туылған өлкесінің суретін салады.



  1. Жаңа сабақ. Автор туралы мәлімет беру.

а) Мәтінді оқу. Жеке, жұпта, топта талдау.

ә) Сөздік жұмысы.

Мақсатына жету жолы туралы дәптерге жазу.

«Әдеби үйірме» стратегиясы бойынша:

І- топ: Сілтеме табушылар (Негізгі ойды табу).

ІІ-топ: Кейіпкерлерді сипаттаушы.

ІІІ-топ: Ізденушілер. (Қосымша ақпарат іздеу).

ІҮ-топ: Дәнекерлер. (Қазіргі өмірмен байланыстыру).

Ү-топ: Сөз тапқыштар. (Мақал-мәтел табу).

ҮІ-топ: Суретшілер (Кейіпкерлерді салу).

а) Сергіту сәті.

ә) Сөздік жұмысы.

б) Әңгімедегі өзіңе ұнаған кейіпкерді сипаттап жазу.

в) Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру. Мақал- мәтелдерді талдау. Жұмбақ жасыру

г) Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту, қортындылау.

д) Әр топ тапсырманы салған суреттерінің сыртына орындайды.Отанға, туған жерге, күнге рахмет айтамыз!

б) «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындау.

5. Үйге тапсырма. « Батыр Бауыржан» тақырыбында шығарма жазып келу.



Әдебиеттік оқу 4 – сынып

Сабақ 10 Күні:



Сабақтың тақырыбы: Күзгі қарбалас. Б. Тәжімбетов

Сабақтың мақсаты: 1.Табиғат пен адамның арасындағы байланысты ұға білу.

2. Өз бетімен шешім қабылдай білу, ойларын жүйелі жеткізе білу, тілдерін дамыту.

3. Достық қөмек, бауырмашылдық сезім ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Автор портреті. Күн бейнесі.

Сабақтың түрі: Әңгімелеу.

Сабақтың әдісі: С.Т.О.

Пәнаралас байланысы: Өзін-өзі тану.

Жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй жұмысын тексеру.

3. Қызығушылық ояту.

4. Мағынаны тану.

5. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй жұмысын тексеру, бағалау.

3. Қызығушылығын ояту.

Көк аспанда - Күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін

Көк аспанда күн күлсін

Жерге ұдайы нұр қүйсын!

Күн – бейбітшілік, жылулық, ананың құшағы т.б.

Ассоциация арқылы топқа бөліну.

Әр топ Күн көзінің суретін салады.



  1. Жаңа сабақ. Автор туралы мәлімет беру.

а) Өлеңді мәнерлеп оқу. Жеке, жұпта, топта талдау.

ә) Сөздік жұмысы.



Қарбалас сөзіне синонимдік қатар жазу.(Асығыс, жанталас, жылдам..)

Сұрақтар :

  1. Бұл күздің қай кезеңі?

( Өлеңнен іздеу, үзінді оқып беру.)

Күздің алды, күздің қарсаңы, жаздың соңы, күздің басы.



  1. Торғайлар барлығын неге оятты?

  2. Күзгі тіршілік неден басталады?

Өлеңдегі қозғалыс пен қарбаласқа толы күзгі тіршілік иелерін әңгімелеу.

Сергіту сәті.

Мақсатына жету жолы туралы дәптерге жазу.

«Әдеби үйірме» стратегиясы бойынша:

І- топ: Сілтеме табушылар (Негізгі ойды табу).

ІІ-топ: Кейіпкерлерді сипаттаушы.

ІІІ-топ: Ізденушілер. (Қосымша ақпарат іздеу).

ІҮ-топ: Дәнекерлер. (Қазіргі өмірмен байланыстыру).

Ү-топ: Сөз тапқыштар. (Мақал-мәтел табу).

ҮІ-топ: Суретшілер (Кейіпкерлерді салу).

Әр топ тапсырманы салған суреттерінің сыртына орындайды. Күнге рахмет айтамыз!

б) «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындау.

5. Үйге тапсырма. Жан – жануарлар тіршілігін адамдар еңбегімен салыстырып, айналаға қырап, күз бейнесін сутеттеп, өлеңмен жазу. 18 – бет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет