Психологиялық ахуал қалыптастыру: бір-біріне жақсы тілек айту
1,2 сандарын санау арқылы арқылы 2 топқа
бөлінеді.
Миға шабуыл
Компьютердің түрлері: суперкомпьютерлер, үлкен компьютерлер, серверлер, дербес компьютерлер.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды.
Дербес компьютер – ол бір адам жеке қолдана алатын компьютер.
Дербес компьютерлер: үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді
Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.
Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.
Алғашқы санау құрылғылары б.д.д. 3000 жыл бұрын (абак, орыс, жапон, қытай шоттары) пайда болды.
1673жылы неміс математигі Лейбниц механикалық арифмометр ойлап шығарды.
1833 жылы Чарльз Бэббидж программа бойынша жұмыс істейтін аналитикалық машинаның идеясын ұсынды.
Ада Лавлейс 1843 жылы Беббидждің аналитикалық машинасы үшін программа жазды.
ЭЕМ-ы кезеңі XX ғасырдың 30-жылдарында басталды. 1946 жылы 15 ақпанда алғашқы ЭЕМ-ENIAC құрастырылып бітті. ЭЕМ І буыны (1946-1958) – электрондық лампалар қолданылды. ЭЕМ ІІ буыны (1958-1964) - жартылай өткізгіш транзистрлар қолданылды. ЭЕМ ІІІ буыны (11964-1972) – интегралдық сызбаларға негізделген. IV буын – бұл компьютерлік техниканың бүгінгі, 1970 жылдан кейінгі жасалған буыны. Үлкен интегралдық сызбалар алғаш қолданыла бастады. V буынның ЭЕМ-ы – жақын болашақтың машинасы.
ЖИГСО әдісі (топтық жұмыс)
Әр топқа жаңа сабақтың материалдарын үлестіремін.
1-топқа: Механикалық кезең;
2-топқа: Электромеханикалық кезең;
3-топқа: Электрондық кезең.
Сұрақтары:
1-топқа: 50 жылдардан бастап қандай есептеуіш техникасы дами бастады?
2-топқа: Қандай механикалық есептеу құралдары пайда болды?
3-топқа: Г.Холлерит құрастырған бірінші перфорациялық машинасы есептеуіш техника дамуының қай кезеңіне жатады?
|