Сабақ 1 Мектеп Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы



бет4/23
Дата12.01.2020
өлшемі7,55 Mb.
#55710
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
5-сынып қмж толық


Жүйелік блок

Жүйелік блок - бұл компьютердегі кез келген ақпараттарды электр сигналдарының тізбектері ретінде өте үлкен жылдамдықпен қабылдауға және өңдеуге негізделген құрылғы.


Қатты диск(HDD-Hard Disk Drive) алмастырылмайтын дискілі магниттік жинақтаушы.


Компьютердің негізгі құрылғылары:


Қатты магниттік дискілер ферромагниттік материал қабатымен қапталған, бір оське бекітілген, металл корпусқа орналасқан және үлкен бұрыштық жылдамдықпен айналатын бір немесе бірнеше дискілерден тұрады. Дискілердің әр бетінде коп жолдардың болуына және дискілер санының көп болуына байланысты қатты дискілердің ақпараттық сыйымдылығы дискеттердің ақпараттық сыйымдылығынан он мыңдаған есе артық болуы және жүздеген Гбайтқа жетуі мүмкін.
Тапсырма бойынша мәтінмен танысады, топ ішінде талқылайды. «Процессор мен қатты диск» тақырыбы бойынша топ болып постермен жұмыс жасайды

Т. 2 -тапсырма. Сәйкестендіру кестесін толтырыныз

Процессор

Ақпаратты шығару көрсету

Қатты диск

Жүйелі тақша

Аналық тақта

Ақпарат сақтау құрылғысы

Монитор

Компьтердің миі

Пернетақта

Графикамен жұмыс істеу құрылғысы

Бейнекарта

Ақпарат енгізу қурылғысы


-топ монитор

Монитор — компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. Монитордағы кескінді құрастыру бөлшегі дербес компьютердің негізгі қорабында – жүйелік блогінде орналасады. Кейбір тұрмыста қолданылатын компьютерлерде Монитор орнына қосымша модуляторлық құрылғымен толықтырылған үйдегі телеэкранды пайдалануға болады. Мониторлар мәтіндік және график. режимде жұмыс істей алады  Мәтіндік режимде – Монитор экранына тек символдар шығарылып, олар таңбалық генератормен қалыптастырылатын ASCІІ-кодтарының ұлттық әріптермен кеңейтілген символдар жинағынан тұрады. Графикалық режимде – экранда өте майда мозаик. бейнелер шығарылады

2-топ пернетақта

         Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Пернетақтада пернелерден басқа индикаторлар да бар.

           Индикаторлар – пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкене шамдар

          Қазақстанда қолданылатын компьютерлік пернетақталардың алфавиттік – цифрлық бөлігінде ағылшын, орыс және қазақ әліпбиінің әріптері бар. Бір тілден басқа тілге пернелердің әртүрлі тіркесімін бірге басу арқылы ауысуға болады (Shift + Ctrl) . Бас әріппен жазу үшін тиісті әріпті Shift  пернесімен бірге басу керек.

          Егер бірнеше үлкен (бас) әріп басылып шығуы керек болса, онда басқа тәсіл қоланылады. Пернетақтадағы CapsLock пренесі бас әріптер теру режимін іске қосады. Оны қалай қолданамыз ? Ол үшін CapsLock пренесін бір рет басу керек. Одан кейін пернетақтаның оң жақ жоғарғы бөлігінде CapsLock пренесінің аты бар индикатор жанады. Бұдан кейін пернатақтада тергендеріңнің бәрі үлкен әріппен жазылып шығады. Кіші әріптер теру режиміне ауысқыларың келсе, CapsLock пренесін қайтадан басыңдар. Егер бәрін дұрыс жасасаңдар, онда кішкене шам – индикатор өшеді.

           Қосымша цифрлық пернетақта цифрлардан да, сілтемелерден де тұрады. Жұмыс режимін NumLock пернесі көмегімен ауыстырады.

          Enter пернесі – бұл енгізу пернесі. Ол пернетақтада терілген кез келген бұйрықтың орындалуын құптайды.

3-топ жүйелік блок

Жүйелік блоктың құрамы

           Аналық тақша – жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады. 

           Процессор – жүйелік блоктың «миы». Көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді

           Жедел жады - компьютерде деректерді уақытша сақтау жады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Жедел жады мектептегі сабақ тақтасына ұқсас. Сабақ жүріп жатқанда тақтаға жазып, одан ақпарат оқисың. Сабақ аяқталғанда барлық ақпарат тақтадан өшіріледі. Тақта жаңа сабаққа дайын. Компьютердің жедел жады да осылай. Компьютерлік программа жұмыс істеп тұрғанда, жедел жадыда оған қажетті ақпарат сақталады. Сендер программамен жұмыс істеуді тоқтатқанда немесе компьютерді өшіргенде, жедел жадыдағы ақпарат жойылады.

           Қатты дискі – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы . Онда тұтынушының программалары мен файлдары сақталады.

          Видеокарта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокарта компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға «дайындайды». Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.

          Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет .

          Желілік карта –компьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу үшін керек.

тапсырма.

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Компьютердің негізгі құрылғылары

Процессордың қызметі

Қатты дисктің қызметі












«Информатика 5-сынып» - электронды оқулықты қарап шығу, бекіту

Бағалау парағы



Сабақтың соңы

40-45 минут



Қайталау сұрақтары

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларының міндеттері қандай?

Пернетақтада неше перне бар?

Пернелердің қызметтері қандай?

Insert кестесін толтыру.



Не білемін?


Не білдім?

Не білгім келеді?










Үй тапсырмасы. 1. Компьютердің негізгі құрылғыларының қызметін біліп келу2. «Процессор» сөзі шығатын ребус жасап келу

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қиындың деңгейі әр түрлі тапсырмаларды компьютерде орындау қабілеттерін ашу;

АКТ дағдыларын дамыту.



Бағалау парағы арқылы өзін бағалау, өз-ара бағалау

Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру

Сабақ бойынша рефлексия








Күні:

Сынып: 5

Сабақ 3-4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.2.1- біреудің жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын талқылау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Компьютердің, ғаламтордың бала денсаулығына тигізетін әсерлерін зерттейді, айтып жеткізеді

Көбі:Жұмыс орнын дұрыс әзірлеуді үйренеді.  Ғаламтордың зиянынан сақтандыру шараларын айқындайды

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Бағалау критерийі

Интернет» ұғымы туралы білім алады;

Интернет түсінігімен, интернеттен ақпарат алу, браузер түрлері, электрондық почта, қызметі, домендік атаулармен, интернетте қауіпсіз жұмыс жасау керектігімен танысады, білімдері қалыптасады



Тілдік құзіреттілік

Отбасы мүшелері.






Тілдік құзіреттілік

Отбасы мүшелері.






Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.





Сабақтың ортасы

8 минут


1 минут

5 минут

3 минут

16 минут


Жаңа сабақты түсіндіру

Біздің тәуелсіз ел болғанымызға 20 жылдай уақыт . Әрине бұл көп емес.    Бүгінгі таңда еліміздің орта және жоғары оқу орындарында сабақ үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану міндетке айналып отыр. Қазіргі біздің өмір сүріп жатқан кезіміздің  ақпараттандыру заманы деп айтуға болатының екенің бәрі біледі. Компьютерсіз осы кезде бірде-бір жұмыс орындалмайтын сияқты. Біздер технологияның өсуімен жетістіктеріне  ат салысып күресудеміз. Әрбір ел болсын, өзінің ақпараттандырырылған  жақтарынан мақтан  ұстап, әлемге жар салуда.

Бұлардың барлығы  дерлік үлкен жетістіктер. Бірақ, біз адам балалары  өзіміздің денсаулығымызды естен шығарған сияқтымыз.  Өзімнің сыныптастарымды және мектеп оқушыларын бақлай отырып, оларды компьютерді пайдалану ережелерін сақтай бермейтіндігіне көзім жетті. Информатика сабағында мұғалім компьютерде жұмыс істеу ережелерін сақтауды талап етіп отырғанымен, ал үй жағдайында ешқандай ережелер сақталмайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді.

Сезімдік, нерв жүйесі ауруларына шалдығады.


Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Сондықтанда мен компьютерді дұрыс пайдаланбау зиян әкелетінін айтуды жөн көрдім.

Ғаламтор және бала денсаулығы

      Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді. Және де жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады. Британдық биологтар арнайы зерттеу жүргізе келіп, мынандай қорытынды жасап отыр: «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы. Ғаламтор жеткіншектер үшін реферат, музыка мен фильмдер, суреттер, ойындар көшіріп алу, бір-бірімен хат жазысу үшін қажет. Олар өздерін мазалаған сұраққа да ғаламтордан жауап іздейді. Алайда ғаламтордың қаупі де аз емес. Мысалы, ресейлік ғалымдардың айтуынша, бүкіләлемдік шырмауық-торда экстремистік және террористік сипаты бар, қырықтан астам сайт жұмыс істеп тұр. Ал оның жастарымыздың ой-санасы мен дүниетанымын теріс жолға бағыттап, оларды қылмысқа азғыратыны мәлім. Жазғы демалыста жеткіншектердің ғаламторды пайдалануын зерттегендер айтады: «Биыл жасөспірімдердің 4 пайызы жыныстық қатынасты көрсететін әлемдік желілерді көрген, 14,5 пайызы беймәлім адамдармен кездесуге келіскен, 19 пайызы парносайттарға енген, 38 пайызы зорлық-зомбылық туралы ақпараттарды тамашалаған, 16 пайызы нәсілшілдік мазмұндағы сайттарға кірген» - деп [6]. Мінеки, қазіргі таңда көптеген жеткіншектердің өзіне-өзінің қол жұмсауының бір сыры осында жатқан тәрізді. Жеткіншіктер үшін ғаламтордың бір зиянды жағы: мұнда әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалар көп. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады. Әрине, қазіргідей техникалық-ғылыми прогресс дамыған заманда компьютердің, ғаламтордың дұрыс пайдалана білген адамға пайдасы зор. Ол талас туғызбайтын ақиқат. Тек оған біздің көптеген жастарымыздың таным-түсінігі жетпей жататыны болмаса...

 Ғаламтордың зиянынан сақтандыру

Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет-журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан сақтандыру – ата-аналар мен ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда есте болатын бір жағдай, он жасқа дейінгі балалар ата-анасы рұхсат берген сайттарға ғана енуге тиіс. Бұл ақпараттық технологиялар мамандарының, дәрігерлердің талабы. Ең бастысы, кәмелетке жасы толмаған балалардың электронды поштасына енуге ата-анасының мүмкіндігі болуға тиіс. Ол ең бірінші, сол баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет. Әсіресе, балалар он төрт жасқа толғанында өз-өзімен болып, оқшаулана бастағанында, ата-анасы олардың беймәлім адамдармен ғаламтор арқылы танысуына жол бермеуге міндетті. Мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ ассақ, ғаламтор балаларға қауіпсіз болсын десек, оны үнемі жаңа бағдарламалармен жабдықтап, спамфильтр орнатуымыз, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отыруымыз керек. Балаларының ғаламтордағы компьютерлік ойындарға тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыру – ата-аналар парызы.

 Компьютерде дұрыс жұмыс жасау ережелері

 

 Бөлмеде, компьютермен жұмыс істеу үшін арнайы табиғи, жасанды жарық болуы керек.  Үй жайда күнделікті дымқыл тазалық жүргізілуі керек.



Жұмыс орны міндетті түрде кем дегенде 6 м2, ал көлемі 20 мқұрау керек. Столды терезенің жанына қою керек, өйткені жарық сол жақтан түседі. Компьютермен жұмыс үшін жақсы жарық жайылған тікелей емес жарық, яғни экранға шағылыспауы керек.

Қолданушының көру кеңістігінде ашық өткір жарықтар түспеуі керек, сол үшін терезеге перде әлде жалюзимен жабылуы қажет. Жасанды жарықта жалпы және біркелкі болуы керек, бірақта жалғыз стол шамын қолдану жеткіліксіз.



Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру-бұл тек болатын аурулардың алғашқы алдын алу. Компьютермен жұмыс істегенде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін, оның үрдісінде үнемі дене қалпына қарау керек. Дене бітімін дұрыс ұстау бұлшық етті көбірек қимылдату және көп жұмыс істеуге болады. Аз шаршайды. Дұрыс дене бітімін ұстағанда құлақ тура иық жазықтығында орналасады, ал иық жамбас деп саналады. Басты тура  иық бойынша ұстау керек. Сіз төмен қараған кезде бас алдыға еңкеймеуі керек. Қисық (бүкіреюу) жағдайы, яғни иық сызығы дәл жамбаспен және құлақ сызығымен орналаспаса иық сіңірлері мен иық бұлшық еттеріне бірталай күш түседі. Бұндай жағдайдағы ұзақ уақытты жұмыс ауру себебі болуы мүмкін.

Өкінішті, мен келесі «Арнайы компьютерлік столыңыз бар ма?» деген сұрақ қойып мынадай нәтиже алдым: көпшілігінде арнайы  столдар мен орындықтары жоқ, яғни адамның бұлшық еті мен арқасының әр түрлі қисайуына әкелуі мүмкін.



Қанша уақыт оқушы, мұғалім және басқалар компьютерде өткізеді? Мамандармен белгіленген уақыты сақтала ма?  Келесі нәтиже мені көңілдендіреді, негізгі (57%) компьютермен бір сағаттан аз (тек қана сабақта) айналысады және компьтермен жұмыс нормасын жақсы біледі (65%).









 

 

        



 

 

 



 

 









 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет