Сабақ: 1 Мектеп: Күні: 14 Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 9В

Дата27.02.2020
өлшемі36,17 Kb.
#59123
түріСабақ
Байланысты:
9 сынып

Сабақ жоспары

САБАҚ: 1

Мектеп:

Күні: 14

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9В

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;

Сабақтың мақсаттары

Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы автор бейнесінің идеялық рөлін талдау

Бағалау критерийлері

  • Шығармадағы автор бейнесін анықтайды;

  • Автор бейнесінің идеялық рөлін талдайды;

Тілдік мақсаттар

Әдеби сөз қолданыстар: аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз

бастаған  шешен , аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері, Кенесары мен Есеней, кедейлік, тіл мәселесі, еліктеушілік,орыс мәдениеті, т.б

Пән лексикасы және терминология:көксеу мен құрмет, мәңгіліктің

мәңгілік мәселесі, елеусіз кірген дерт, жан мен жүректің ізгілігі

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Шыңғыс-

Кенесары-Есеней, Ұлпан бейнесі, қоғам, т.б

Осыған дейін меңгерілген білім

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру. Топ аттарына сай 5 топқа топтасады.

Топқа бөлу

1-топ. Суреттеуші. Сөзбен сурет салу дегеніміздің қалай болатынын дәлелді жауап тауып қорғайды.

2-топ. Зерттеуші Шығармадан шешендік сөздер, мақал - мәтелдердің қолданылу мәнін бірнеше мысалдар келтіре отырып түсіндіреді.

3-топ. Қолданушы Романнан үзінді алып, рөлдік ойын, көрініс даярлаңыз.

4-топ. Елестету Ұлпан қайталанбас біртуар ұлы тұлға екенін, Ұлпандай ел анасы арамызда бар ма деген сұрақтарға жауап іздеп, елес жетелеңіз.

5-топ. Қарсы шығу Романда автормен келіспейтін оқиғалар мен идеяларға қарсы шығыңыз, өз пікіріңізді қорғаңыз

Роман мазмұнына анализ жүргізу, талдау үшін бағыттаушы, ой қозғаушы тапсырма мәтіндер ұсынылады.

1-топ. Тапсырма.

«Ұлпан» романы.

Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы – Ұлпан бейнесі ("Ұлпан” романы, 1974), ол – қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін Ұлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: "Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, тағысын тағы.” деп жазды. Шығармадағы Ұлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар.

Тапсырма:

Үзіндіні оқып, Ұлпан мен Есеней бейнесін жазушы қалай суреттеді. Шығармадан тауып, бірнеше суреттеуін ұсыныңыздар. Сөзбен сурет салуды дәлелдеңіздер.

Дескрипторы:

  • Есеней бейнесін анықтайды;

  • Автордың суреттеулерін табады;

  • Сөзбен сурет салуды дәлелдейді;

2-топ.Тапсырма.Зерттеңіз.

«Ұлпан»романы.

Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді, шын өмірде болған оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған. Ұлпан өмірінің хикаясын шерте отырып, автордың сол тұстағы бүкіл халық, қоғам өмірінің айқын суреттерін жасағаны мәлім.

Тапсырма:

Үзіндіні оқып, Есеней мен Ұлпан образын ашуда автор мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестерін,салт-дәстүрдің қандай түрлерін қолданды. Шығарма тілін талдаңыз. Шығармада шешендік сөздер, мақал - мәтелдердің қолданылу мәнін түсіндіріңіз.
Дескрипторы

3-топ.Тапсырма. Қолданыңыз.

Әрине романдағы басты кейіпкер – Ұлпан.

Әр заманда, әр халықта өмірдің айрықша құбылысы болып жарқ ете түсетін төтенше дарынды, жарқын тұлғалар болатыны аян. Ұлпан өткен ғасырдағы қазақ топырағында пайда болған сондай ғажайып құбылыс еді. Жазушы ел өміріндегі тарихи фактіні ала отырып, өзінің суреткерлік қарымымен халық дарынының, ақыл-ойының типтік көрінісіндей адам характерін үлкен зергерлікпен сомдап берді.

Тапсырма.

Романнан үзінді алып, рөлдік ойын, көрініс даярлаңыз. Ұлпан мен кейіпкерлер арасындағы образ ашылатындай қойылымның сценарийін дайындаңыз. Кейіпкер тілінде әдеби көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері болсын.

Дескрипторы

  • Роман үзіндісі бойынша көрініс қояды;

  • Қойылымның сценарийін жазады;

  • Қойылымда мақалдар мен тұрақты тіркестерді орынды қолданады;

4-топ.Тапсырма. Елестету

Романдағы Ұлпан – негізінен реалистік тұлға. Оның бүкіл бойынан сол дәуірдегі қазақ әйелінің ең жарқын, ең асыл қасиеттерін көру қиын емес.

Романда суреттелетін Ұлпан – сырлы мінез-құлқымен, кесек бітімімен берілген тұлғалы образ. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген.

Жазушының «Ана» тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» романы дүниеге келді. «Ұлпан» — бүкіл аналардың жиынтық бейнесі тәріздес кесек полотно.

«Ұлпан» — тарихи ел шежіресінін мазмұнында құрылған роман. Романда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады. Романдағы бас кейіпкер Есеней - қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы. Ол Шыңғыспен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Кенесарының қалың қолымен кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, екі жүз сарбазын тұтқындап стапқа өткізген, кейін жараланып, орыс-казактары дәрігерлерінің көмегімен ажалдан аман қалған. Ол қалың жылқысын өзінің жауынгер досы, бүгінде аяқ қолы топ болып қалған Артықбай батырдың жайылымына байқамай қаптата жайып келе жатқанда оның алдынан ерекше киінген кесек тұлғалы, батырдың қызы Ұлпан қарсы шығып, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Ол бұдан он үш жыл бұрынғы әкесі Артықбай батырдың үйінде Есеней намаз оқып отырғанда еркелеп мойнына асылып, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз. Бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз.

Тапсырма:

Ұлпан қайталанбас біртуар ұлы тұлға екенін, Ұлпандай ел анасы арамызда бар ма деген сұрақтарға жауап іздеп, елес жетелеңіз

Дескрипторы

  • Ұлпанның біртуар ұлы тұлға екенін дәлелдейді;

  • Ұлпан образын қазіргі өмірмен байланыстырады;

5-топ.Тапсырма. Қарсы шығу

Екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы болған еңсегей бойлы Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші қара торы өткір қыз Ұлпанға ғашық болады. Есенейдің уыздай Ұлпанды қолға түсіруіне екінші себеп — айттырған күйеуі Түлен саудагердің таз баласы Мырзаштан құтыла алмай отырған кезіне тап болады. Мыңғырған малы бар, бір уез елді ашса — алақанында, жұмса — жұдырығында ұстап отырған Есеней Ұлпанды айттырып қойған жерінен арашалап алып, айғыр үйір жылқы беріп, Ұлпанды екінші әйелдікке алады. Бес болыс Керей — Уақтың Есенейіне Ұлпан қалың малын өзі айтып, «Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық айырма бар. Осыны ойландың ба?»- дейді. Ердің құны, нардың бұлы болса да мал-жанды аямауға бел байлаған Есеней: «Қырық жыл болса қайтейін? Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен боласың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр... Мен саған сұлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба? Оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап, менің Есенейім сенсің», — деп кесіп жауап береді. «Есеней қатал еді, озбыр еді. Енді оның жан жүрегін жібіткен Ұлпан болды»,—деп суреттейді жазушы. Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. Бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді.

Осы астан кейін жиырма бес жыл өткенде (1906 ж. шамасында), Орынбор — Ташкент темір жолы салынған кезде, «Ұлпан ас берген көл» жағасынан өткен темір жол стансасының атын «Ұлпан» атайды (Шалқардан кейінгі станса).

Ұлпанның шалы Есеней тоғыз жыл топ болып жатып қайтыс болады. Одан қалған жалғыз қызы Біжікенді Ұлпан Торсан деген пысық жігітке үйлендіріп, қолына күшік күйеу етіп енгізіп алады. Ол Есенейден қалған мал-мүлікті пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды «отырса — опақ, тұрса — сопақ» етеді. Қорлыққа шыдай алмаған ер мінезді Ұлпан: «Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін»,—деп қарғап, бір түнде у ішіп өледі. Ел анасы болған Ұлпанның қарғысына ұшыраған Торсанның үлкен ұлы Шоқан болыс әкесінің зұлымдығына шыдай алмай өзіне-өзі пышақ салып өледі. 1920 жылы кеңес үкіметі кезінде Торсан өліп, балалары қаңғып кете барады да, Торсанның шаңырағы шайқалып ортасына түседі.

Бір уез елді билеп билік айтушы, дүйім елдің үлкен-кішісіне басшы, ақылгөй болу—Ұлпан сияқты дана әйелдерге ғана тән қасиет. Ондай қайраткер аналар тарихта болған. Мәселен, Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі пір тұтқан. Осындай ерлікпен, ақылды-даналықпен, билікпен, әділдікпен атын шығарған Ұлпан қазақ әйелдерінің жиынтық образы деуге болады. Жазушы жасаған Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері.

Тапсырма:

Романда автормен келіспейтін оқиғалар мен идеяларға қарсы шығыңыз, өз пікіріңізді қорғаңыз. Бірнеше фактілердің тізбесін жасаңыздар.

  • Автормен келіспейтін идеяларды анықтайды;

  • Пікірін аргумнттермен қорғайды;

  • Фактілер тізбесін құрады;

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы

Сабақты бекіту

3 минут

Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?

Үй тапсырмасы

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы

«Ұлпан» романы.

Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы – Ұлпан бейнесі ("Ұлпан” романы, 1974), ол – қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін Ұлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: "Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, тағысын тағы.” деп жазды. Шығармадағы Ұлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар.

Тапсырма:

Үзіндіні оқып, Ұлпан мен Есеней бейнесін жазушы қалай суреттеді. Шығармадан тауып, бірнеше суреттеуін ұсыныңыздар. Сөзбен сурет салуды дәлелдеңіздер.

Дескрипторы:

  • Есеней бейнесін анықтайды;

  • Автордың суреттеулерін табады;

  • Сөзбен сурет салуды дәлелдейді;

2-топ.Тапсырма.Зерттеңіз.

«Ұлпан»романы.

Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді, шын өмірде болған оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған. Ұлпан өмірінің хикаясын шерте отырып, автордың сол тұстағы бүкіл халық, қоғам өмірінің айқын суреттерін жасағаны мәлім.

Тапсырма:

Үзіндіні оқып, Есеней мен Ұлпан образын ашуда автор мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестерін,салт-дәстүрдің қандай түрлерін қолданды. Шығарма тілін талдаңыз. Шығармада шешендік сөздер, мақал - мәтелдердің қолданылу мәнін түсіндіріңіз.
Дескрипторы

  • Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестердің қолданысын анықтайды;

  • Салт-дәстүрлердің қолданыс ерекшелігін сипаттайды;

3-топ.Тапсырма. Қолданыңыз.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді, шын өмірде болған оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған. Ұлпан өмірінің хикаясын шерте отырып, автордың сол тұстағы бүкіл халық, қоғам өмірінің айқын суреттерін жасағаны мәлім.

Әрине романдағы басты кейіпкер – Ұлпан.

Әр заманда, әр халықта өмірдің айрықша құбылысы болып жарқ ете түсетін төтенше дарынды, жарқын тұлғалар болатыны аян. Ұлпан өткен ғасырдағы қазақ топырағында пайда болған сондай ғажайып құбылыс еді. Жазушы ел өміріндегі тарихи фактіні ала отырып, өзінің суреткерлік қарымымен халық дарынының, ақыл-ойының типтік көрінісіндей адам характерін үлкен зергерлікпен сомдап берді.

Тапсырма.

Романнан үзінді алып, рөлдік ойын, көрініс даярлаңыз. Ұлпан мен кейіпкерлер арасындағы образ ашылатындай қойылымның сценарийін дайындаңыз. Кейіпкер тілінде әдеби көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері болсын.

Дескрипторы

  • Роман үзіндісі бойынша көрініс қояды;

  • Қойылымның сценарийін жазады;

  • Қойылымда мақалдар мен тұрақты тіркестерді орынды қолданады;

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет