Сабақ №1 Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Батенова С. Сынып: 5 «З»


Сабақ №12 Мектеп: Т.Айбергенов атындағы №48 орта мектеп



бет16/51
Дата08.10.2023
өлшемі5,2 Mb.
#184179
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
5 сынып матем130
физика тест тест, 663
Сабақ №12

Мектеп: Т.Айбергенов атындағы №48 орта мектеп

Күні: 18.09

Мұғалімнің аты-жөні: Батенова С

Сынып: 5 «З»

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.1.5 натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу;
5.1.2.8 натурал сандардың бөлгіштерін табу;
5.1.2.9 натурал сандардың еселіктерін табу;

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға натурал санның бөлгішін,еселігін таба білуді және оны есептерді шығаруда пайдалана білуге үйрету.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
5 минут

Ұйымдастыру сәті
Оқушылармен амандасу, түгендеу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Ой шебері» әдісі
Есте қалған қанатты, нақыл сөздерді ретімен айтып шығу
Үйге тапсырмасын тексеру: №
Өткен сабақты қайталау:
1. Қандай санды берілген натурал санның бөлгіші деп атайды?
2. Қандай санды берілген натурал санға еселік деп атайды?
3.Берілген натурал санға еселік санды қалай табады?

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.

«Ой шебері» әдісі



ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.




суреттері бейнеленген қима қағаздар



Негізгі бөлім
10 минут


Оқулықпен жұмыс
25 минут

(МК,Ұ) Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап.
(Топтар арасындағы диалог) Интербелсенді тақтадан сұрақтар көрсетемін.Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары
Танымдық деңгей.
Тапсырма 1
7-нің еселіктерін табыңдар
9,14,32,37,45 және 75 сандарының әрқайсысының барлық бөлгіштерін жазыңдар
№149 есеп Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жазыңдар.мыс:5 және 45
Тапсырма 2
120-ның бөлгіштерін табыңдар
8,11,15,25,40 және 100 сандарының әрқайсысының еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар
№150 есеп мыс:берілген сандардан 21-дің бөлгіштерін теріп жазыңдар
. Алгоритмдік деңгей.
(Әр топқа бір сұрақтан беріледі)
Егер натурал m саны натурал n санына қалдықсыз бөлінсе, онда:
m саны n санына .....
n саны m санына ......
Натурал сандардың бөлгішін,еселігін қалай табамыз?
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. 4; 8;9; 12; 13; 18; 20; 29 сандарынан 1) 4-ке еселік болмайтын; 2) екі бөлгіші ғана болатын сандарды теріп жазыңдар.
2. 10; 14; 23; 28; 45; 47; 80; 83; 95 сандарынан 1)5-ке еселік болатын; 2) Құрама сандарды теріп жазыңдар.
3. 2; 3; 5; 11; 14; 15; 25; 42; 89; 91 сандарының ішінен 
1) Жай сандарды;
2) Құрама сандарды; 
3) 75-тің бөлгіштері болатын;
4) 7-ге еселік болатын сандарды теріп жазыңдар. 
4. 48; 75 сандарының барлық бөлшектерін кему ретімен айтып беріңдер.
5. 1) 18=3∙6; 2) 22=2∙11; 3) 57=3∙19 теңдіктерінен шығатын қорытындыны “бөлінді”, “санның еселігі” және “санның бөлгіші” деген сөздерді қолданып айтып беріңдер.
Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады. Әрбір оқушы кез келген натурал санның бөлгіштері мен еселіктері болатындығы туралы ой қорытады. Екі шартты да қанағаттандыратын екі санды әрбір тор көзге жазыңдар. Кестені толтырыңдар. Сан 15-тің бөлгіші 18-дің бөлгіші 32-нің бөлгіші 6-ның бөлгіші 12-нің бөлгіші 24-тің бөлгіші Сан 3-ке еселік 5-ке еселік 11-ге еселік 4-ке еселік 7-ге еселік 13-ке еселік

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.





Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
ДК экраны

Дескриптор:
-Оқушылар әрекеттердің орындалу ретін біледі.
-Оқушылар теңдеулерді қалай түрлендіру керектігін түсінеді.

Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

Жұлдызша арқылы бір-бірін бағалау.




Үлестірмелі қағаздар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет