2. Демингтің< шынжырлы реакциясы> сызбасы. 3. Сапа- басқару обьектісі ретінде қандай мәселелерді қарастырып шешуін қамтамасыз етеді
Нарықтық экономиканың бәсекелестік шарттары халықтың өмір сүру деңгейінің, оның әлеуметтік және экономикалық қауіпсіздігі факторларының сапасын көтеруді маңызды мәселе деп біледі. Отандық мамандар мен саясаткерлердің басым көпшілігі кәсіпорынның құлдырау жағдайының ұзаққа созылуы, өнімнің бір уақытта сапасы мен бағасының төмендеуі бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуінде деп ойлайды. Сапа мәселелерінің ұтымды шешілуі біраз арақатынастарда маңызды болып табылады. Ол сала мен оның ішкі арасында біраз жаңа прогрессивті пропорциялар орнатады. Мысалы, металлургия өндірісі мен машина жасау арасында. Бұл пропорциялар өндірістік технологиялардың жетілуі мен оның экономикасының өсуіне байланысты қол жетілуі мүмкін. Өнімнің сапасының өсуі барлық сала бойынша өндірістік үдерістердің автоматтандырылуына да маңызды болып табылады. Сапаны басқарудың теориясы мен тәжірибесінде, екі негізгі бағытқа бөлінеді: өнімнің сапасы және менеджмент сапасы. Бұл бағыттар бойынша мамандарды дайындау маманның квалификациялық деңгейіне байланысты үшке бөлінеді: . Сапа бойынша маман; . Сапа жүйесі бойынша менеджер; . Сапа бойынша аудитор (эксперт). Сапа бойынша мамандарды дайындау стратегиясында бірінші орынға жұмыс тиімділігін көтеру бойынша сертификат алуының формалды үдерістеріне қойылады. Сапаны басқарудың нормативті принциптері анықталған, бірақ оның орындалуы бойынша механизмі толық формаланбаған, себебі қол жетілген тәжірибе талданбаған және толық емес. Формальды принциптер толық шешімдермен әлсіз жинақталған (техникалық, экономикалық, басқармалы). Бұндай стратегия прогрессивті технологиялардың енгізілуіне мүмкіндік туғызбады, ал технологиялардың өзі жаңа өнімнің шығуына толық дайын болмаған. Бұл оқу кешені, басты мақсат үдерістің өзі емес, сапа және менеджмент сапасы, нарықтық сипаттама түріндегі мәселелерді шешу болған кездегі сапа бойынша мамандарды дайындау стратегиясының заманауи кезеңдеріне бағытталған. Бүкіл әлем бойынша сапа мәселелеріне қызығушылық артып отырғанына қарамастан, бұл сала бойынша іс-әрекеттердің методологиясы толық құрылмаған. Қазіргі таңда бұл мәселелердің толыққанды белсендігі бастапқы физикалық-математикалық білімді қоспағанда, негізгі ғылым мен техника саласындағы барлық методологиялық дайындықтарды қоса 7 кең энциклопедиялық білімсіз мүмкін емес.
Сапаны басқару жүйесіндегі өндіруші түсінігіндегі сапа мен тұтынушы түсінігіндегі сапа өзара бір-бірімен байланыста болады. Олардың негізгі айырмашылығы командалық – әкімшілік және нарықтық экономика жағдайларымен анықталады. Сапа экономикасының командалық әкімшілік шарттары өндірушінің позициясымен анықталса, нарықтық экономикада тұтынушының позициясымен қарастырылады. Бұйымның сапасы тұтыну үдерісінде көрінуі мүмкін. Тұтынушының шарттарымен сәйкес өнімнің сапа түсінігі дәл нарықтық экономика шарттарында көрінеді. Нарықтық экономикада өндіруші мен тұтынушы нарықта бір-бірін өздері табады, олардың қызметінің бағытталуы қаржылық ұтыс пен 9 тұтынушылық тиімділікті арттыруға негізделген. Соған байланысты тұтынушы әртүрлі өндірушілердің жақсы тауарлары арасында таңдау құқығына ие. Басты тұлға болып табылатын тұтынушы өз қалауына сәйкес тауарлар мен қызметтерге ие бола отырып, өндіріс бағытының дамуын анықтайды. Сапа мәселесін көтере отырып, айта кететін жайт, бұл түсініктің артында барлық жағдайда тұтынушы тұратынын ескерген жөн. Дәл осы адам тұтынушылық құқықтардың жақсысын таңдайды. Өндірістік өнімнің қолданылу тиімділігі мен сапасы арасында тікелей байланыс бар. Жоғарғы сапа өнімнің қолданылу тиімділігі өмірлік шығындар мен нарық үлесін көтере отырып, сапаның көтерілуіне сәйкес келеді. Сапаны басқару тәжірибесі мен теориясында екі мәселе қарастырылады: өнім сапасы мен сапа менеджменті. Сапаны қамтамасыз ету ауқымды шығындарды талап етеді. Алғашында сапа шығынының негізгі үлесі физикалық еңбекке тиеді. Бірақ қазіргі кезде зияткерлік еңбектің үлесі жоғары. Сапа мәселесі ғалымдардың, инженерлердің және менеджерлердің қатысуынсыз шешілмейді. Сапаға кәсіпті әсерлердің барлық құраушыларының үйлестірілген сәйкестігі болу керек. Машина жасаудағы сапа басқару (жобалау, сараптама, бақылау) мен басқарма сапасына тәуелді кәсіпорынның қызмет атқаруын қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Сапаға басшылықтың жауапкершілік деңгейін ИСО 9000 халықаралық стандарттары анықтайды. Кәсіпорын басшылығы сапа саласындағы саясатты дайындауға, нақты анықталып, құжаттармен рәсімделетін сапаны басқару жүйесін енгізу және қызмет атқаруына жауапты. Электрондық есептеу машиналарын (ЭЕМ) бағдарламалық қамтамасыз ету, бақылау өлшегіш, өндірістік және сынау құрылғылары үшін қажетті ресурстарды бөлу және қажетті мамандарды таңдау басқарманың басты міндетіне кіреді. Басшылар құзыреттіліктің талап етілген деңгейін орнатуға, қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыруды бақылау керек. Басшылық тұтынушылар ұсынған жаңа қызметтердің немесе өндірістегі жаңа тауарлардың қамтамасыз етудің анықталған шешімдеріне жауап береді. Жаңа тауарларды шығару және қосымша қызметтерді ұсыну сапаның жаңа бағдарламаларын дайындаумен байланысты, оған да кәсіпорын басшылығы жауапты. Жобалаудың сапасына (стратегияларды және жоба жүйелерін дайындау және т.б.) кәсіпорын жұмысының сапасы мен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге тәуелді. Жоғары буынның басшылығы кәсіпорынның өткенімен салыстырғанда көпке қабілетті деген саясатын негізге алу керек.
Голосарий:
Өнім-белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, т.б. өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми -техникалық талдамаларды, өндірістік- техникалық мақсаттағы қнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызыметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім.
Бәсекеге қабілеттілік- бірнеше деңгейде қарастырылатын эканомикалық категория: тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі; салалық бәсекеге қабілеттілік; елдердің бәсекеге қабілеттілігі.
Менеджмент-ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегің басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеументтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.