Қысқа мерзімді жоспар
Сауат ашу.
|
Ә дыбысы мен әрпі
|
Сабақ
|
1
|
Ортақ тақырып
|
Табиғатқа саяхат
|
Күні:
|
05.05.17 ж
|
Мұғалімнің аты –жөні:
|
Мардаева А
|
Сынып
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу жоспары
|
2. Бөлім «Оқылым»
2.9.Бөлімше «Дыбыс пен әріпті тану және ажырату».(III-тоқсан)
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Дыбыстарды таниды,ажыратады, сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасап, сюжетті сурет бойынша сөйлем құрай алады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Оқу түрлерін қолдана алады, дыбыстардан буын,сөз,сөйлем құрайды
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Сөздерді, сөйлемді толық оқиды. Қысқы ойын түрлері туралы біледі.
|
Бағалау критерийлері
|
1.дыбысты ажырату.
2сөздерді буындап оқу.
3дыбыстық талдау жасау.
4сюжетті сурет бойынша сөйлем құрай алу білігі.
(Білім алушы әріптерді таниды және ажыратады,әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.)
|
Күтілетін нәтиже:
|
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
|
Құндылықтарға баулу
|
Үлкенді сыйлау,салауатты өмір салтын қалыптастыру,достық қарым-қатынас құндылықтарын дарыту.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
|
Дыбысты ажыратады, дыбыстық талдау жасайды, сөйлемді тізбектей оқиды.
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері :
|
Әтеш, әже, әйнек, дәптер, кәрі
|
Сыныптағы диалог /жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасату.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ә қандай дыбыс, сөз, сөйлем құра
|
Не себепті .... деп ойлайсыз?
|
Ә дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі ме?
|
Ишара:
|
Әтеш қандай дыбыс шығарады?
|
Алдыңғы оқу
|
«Мен не үйрендім»9дыбысты дауысты,дауыссызға ажырату,өтілген сөздерді дұрыс тез оқу
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт есебі
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы
|
Ширату
Сәлем, привет,hello
Қайырлы болсын жаңа таң
Арайлап атқан жаңа таң
Жүрейік сәлем берісіп,
Топқа бөлу«Универсиада - 2017»
Қар, шаңғы, аққала, шана тобы
«Қанатыңды кең серпі»
бейнежазба көрсету
(МҚ,Ұ)«Асыл әжем» әнін тыңдату арқылы әжеміздің үйіне саяхат жасау. Оқушылардың ойын білу, әжелері туралы әңгімелету, сабаққа ену
|
бейнежазба
|
Ортасы
|
1 тапсырма. Әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасату. (МК.Ө) Тыңдалым,1.2.9.1
-Дыбыс артикуляциясын дұрыс қоюға үйрету үшін «Ә» деп айтқанда тіліміз қайтеді? -Дыбыс кедергіге ұшырамай созылып айтылып тұр.
Ендеше «Ә қандай дыбыс?» деп дыбыстың артикуляциясын бақылай отырып, айтылу ерекшелігіне қарай дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алуына мүмкіндік жасау.
Әріптің таңбалануын көрсету.
Ә ауыз мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке дауысты дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында,ортасында қолданылады.
№2.Оқылым(Саралап оқыту)(ӨЖЖ),1.2.9.1
Оқулықтағы сөздер мен сөйлемдерді өз бетінше буындап оқуға, тұтас оқуға, түсініп оқуға жаттықтыру. 4 топқа 4бағанды бөліп беру.
1-топ:буынға бөлу
2-топ:дыбыстық талдау
3-топ:сөйлем құра.
4-топ:Жаңылтпаш құрастыр
(Дәуір сәуірде Әсетке барды,Әсет Дәуірге сәуірде барды .
Дескриптор: Білім алушы
Буынға бөледі,дыбыстық талдау жасайды,сөйлем құрайды.
«ә»дыбысы бар сөздерді табады.
№3.Айтылым (диалог) (МКӨЖ),1.2.9.1
Оқушыларға «Шана» мәтінін тізбектей оқыту
1.Сөйлемде не туралы айтылған?
2.Әкем не сыйлады?
3.Сенің көңіл-күйің қандай болды?
4.Шанамен не істейміз?
5.Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
6.Сөйлем неден тұрады?
7.Сөз неден құралады?
№4 Әріптерден сөз құра.
Оларға сәйкес суретті таңда.
Дәрігер,әтеш,Дәурен деген сөз шығады.
№5 Жазылым.Жазу дәптеріне жазу
«Әә әрпі»ауада және дәптерге жазу
|
Магниттік тақтайша,
смайликтер
|
Соңы
|
Кері байланыс
Оқушылар шана, коньки, шаңғы, аққаланы бояйды.
Сабақ ұнаса-жасыл түспен
Кейбір жерлері түсініксіз болса-сары түспен
Түсінбеген болса-қызыл түспен
(Қ) Қалыптастырушы бағалау:
|
Бағдаршам түстері
|
Рефлексия
|
Спирал әдісі арқылы бүгінгі сабақты түсінді. «Әә»дыбысы мен әрпі туралы түсінді .Дыбыс артикуляциясын дұрыс айтуға жаттықты.Әріпті дұрыс жаза білді.Жаңылтпашты жаттауға үйренді.
Сабақ мақсатыма жеттім .Уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ мақсатының оқу мақсатына, ал жұмыс түрлерінің сабақ мақсаттарына сәйкес болатынын;Сабақ мақсаты тұжырымдауда оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттайтынын;Топтық жұмыстың ерекшелігі, оқушылардың бірін-бірі үйретуге ықпал жасайтынын және өздігінен үйренуге жұмыстанатынын байқадым.Барлық оқушылардың ерекшелігін ескеремін.Оқушылардың дарындылық деңгейін анықтауға тапсырмаларды дайындаймын. Бағдарламаның жеті модулін қолдана отырып, SMART өлшеміне қарай жоспарлауды енгізу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |