Сабақ №1: патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет4/4
Дата21.07.2017
өлшемі1,14 Mb.
#21545
түріСабақ
1   2   3   4

Тігінен:

1 – бронхылардың қабынуы; 2 – арахидон қышқылының циклооксигеназа ферментімен тотығуынан пайда болатын қабыну медиаторы; 3 – бұлшық еттің қабынуы; 4- калликриин-кинин жүйесі әсерленуінең пайда болатын қабыну медиаторы; 5 – жасушалардың өсіп-өнумен көрінетін қабынудың компоненті; 6 – лаброциттердің түйіршіксізденуінен босайтын қабыну медиаторы; 7 – лейкоциттердің эндотелий жасушаларына әлсіз жабысуын қамтамасыз ететін адгезиялық молекулардың тобы; 8 - лейкоциттердің қан тамырлары қабырғалары арқылы қабыну ошағына шығуы; 9 - қабыну ошағына қанның нәруыздармен бірге сұйық бөлшектерінің шығуы; 10 – қалқанша бездерінің қабынуы; 11- қызыл иектің қабынуы; 12 – пролиферацияның тежегіштері; 13 – бүйрек қабынуы.


Көлденеңінен:

1 – өкпе қабының қабынуы; 2 - өкпенің қабынуы; 3 – қабыну ошағына алғашкы шығатын лейкоциттер; 4 - бронхылардың қабынуы; 5 – артерия қабырғаларының қабынуы; 6 – қол саусағының қабынуы; 7 – эндотелий жасушаларына лейкоциттердің қатты жабысуын қамтамасыз ететін адгезиялық молекулардың тобы; 8 – жүрек етінің қабынуы; 9 - арахидон қышқылының пайда болатын қабыну медиаторы; 10 – қауырт қабыну кезіндегі қан тамырлары өзгерістерінің бірінші сатысы; 11 – тілдің қабынуы; 12 – қабыну кезіндегі қан тамырлары өзгерістерінің сонғы сатысы; 13 – жасушалардың, жасушааралық заттардың, қан тамырларының, нерв аяқшаларының бүліністерімен байкалатын қабынудың компоненті; 14 – стаздың бірінші сатысы; 15 - қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгеріс; 16 – жаңадан түзелетін жасушалык қабыну медиаторы; 17 - арахидон қышқылының липоксигеназа ферментімен тотығуынан пайда болатын қабыну медиаторы; 18 – нервтің қабынуы; 19- созылмалы қабынудың негізгі жасушалары; 20 – мұрының шырышты қабығы қабынуы; 21 – қабынуға қарсы гормондар; 22 – қуықтың қабынуы.



ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 209-235.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 101-116

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 194-222.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 181-200.

  5. Патофизиология бойынша тест тапсырмалары. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.–688б

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 207-234.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 142-200.

  3. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-273-354

  4. Чернух А.М. Воспаление. М.: Медицина, 1979.-448с.

  5. Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 47-87

  6. Basic Pathology. Kumar, Cotran, Robbins. 1997, с. 63-71.

  7. Textbook of Pathology. Harsh Mohan, 1998, с. 133-156.

Кредит № 2

Сабақ 1. №1 тақырып ГИПОКСИЯ

Сабақтың мақсаты:

  • Гипоксияның әртүрінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  • Гипоксияның дамуына байланысты есептеді патофизиологиялық талдағанда теориялық білімін қолдану

  • Тақырып сұрақтарына пікірталас жүргізу машығын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • организмнің гипоксияға жедел және ұзақ мерзімді бейімделуінің тетіктерін зерттеу, эндогенді және экзогенді гипоксияның этиологиясы мен патогенезін зерттеу.

  • Осы тақырыптарды талқылау барысында медициналық сөздіктерді дұрыс қолдануды және пікірсайыс жүргізу машығын үйрету

  • Ситуациялық есептерді шешу барысында алған теориялық білімді қолдануды үйрету


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі (экзогенді нормо және гипобариялық, тыныстық, қанайналымдық, гемдік, тіндік, субстраттық, зорығулық, аралас).

  2. Гипоксияның жекелеген түрлерінің этиологиясы және патогенезі.

  3. Гипоксия кезінде зат алмасу және физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

  4. Гипоксия кезіндегі теңгерулік әсерленістер (жедел және ұзақ мерзімдік).

  5. Гипоксиялық жағдайлардың алдын алу және емдеудің патофизиологиялық негіздері

Гипоксия жағдайларын алдын алу әдістерінің біріне қоршаған ортаның жағдайлары үшін санитарлы-гигиеналы бақылау
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Оқытушының бақылауымен және студенттердің қатысуымен тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу және әңгімелесу, ситуациялық есептерді талқылау, бейнефильм көру, мультимедиялық қойылым.



Бақылау әдісі:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындыларды тексеру.


ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері – 15к.%, ал веналық қанда – 10 к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы -74%, ал көктамырда – 48 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық- веналық айырмашылық қандай, және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?

2. Артериялық кандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 6к %. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98% ал көктамырда 30%. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?

3. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 16к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98%, көктамырда 80 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?

4. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10к.%, ал веналық қанда 4к.%. Қанның оттегілік көлемі төмендеген. Оттегі бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?

5. 39 жастағы науқаста «Митралды қақпақшаның стенозы» диагнозымен алқыну, акроцианоз байқалады, өкпеде — дымқыл сырыл, әсіресе аяқта жайылған ісінулер, жүрек шекараларының үлкейуі, тахикардия, артериялық гипотензия, ұлғайған және қабырғадан 5 см шыққан бауыр, асцит; диурез азайған.

Na+ концентрациясы қан плазмасында жоғарылаған; гипо‑ және диспротеинемия; эритроцитоз.

1. Осы жағдайда гипоксияның қандай түрлері дамыды? Жауабын түсіндіріңіз.

2. Науқаста гипоксияға бейімделу белгілері бар ма?

3. Науқаста ісінулердің қандай түрлері бар және олардың патогенезі қандай?

4. Ісінулерді жою үшін қандай емдеу жүргізу керек?

Қышқылдық – сілтілік үйлесімнің көрсеткіштері:

Рн

7,32

раО2

71 мм с.б.

раСО2

52 мм с.б.

рvО2

47 мм с.б.



18,6 ммоль/л

МК

26 мг%

ВЕ

–5 ммоль/л

 

 

Na+ концентрациясы қан плазмасында жоғарылаған; гипо‑ және диспротеинемия; эритроцитоз.

1. Осы жағдайда гипоксияның қандай түрлері дамыды? Жауабын түсіндіріңіз.

2. Науқаста гипоксияға бейімделу белгілері бар ма?

3. Науқаста ісінулердің қандай түрлері бар және олардың патогенезі қандай?















6. 60 жастағы науқас Ц. 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының тұсында жайылған трансмуралды инфаркт алған және ауруханада жатқан, түнде ауа жетіспеу сезімімен оянды. Шақырған медбике оның керуетке отырып, аяғын түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас аздап жеңілдеді. Бірақ осыдан 10 минөттен соң ол ентігудің күшейгеніне, ауық-ауық жөтелудің (қақырықсыз) қажеттігіне, сонымен бірге тыныс жолдарында құлағына естілетін сырылдардың пайда болғанына шағымданды. Медбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.

1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.

2. Науқаста гипоксияның мүмкін болатын жедел теңгерілу тетіктері қандай?

3. Бұл жағдайда не себепті раО2, рvO2, оттегі бойынша артерио-веноздық айырма, рН өзгереді, қалай?


7. 50 жастағы науқасты үйінде өспе дамыған асқазанынан кенеттен қатты қан кету әсерінен дамыған ауыл халдегі жағдайдан шығарғаннан кейін ӨЖВ аспабын қолдану арқылы жасалынған наркозбен гастроэктомия жасалынды. Шокқа қарсы ем қолдану және операция барысында науқасқа әртүрлі плазма ауыстырушылар (1 литр мөлшерінде) және екі күн сақталған 2,5 л донор қаны енгізілді. Операциядан соң 3-ші күні Hb мөлшері қалпына келгеніне қарамастан науқастың жағдайы ауыр халде қала берді: әлсіздік, бас ауыруы, бас айналуы, аяқ пен қолдарының терісі салқын, гипотензия (70/30 мм с.б.), сыртқы тыныс алудың ауыр бұзылыстары, бүйрек жеткіліксіздігі және сарғыштану (тері мен шырышты қабаттардың сарғыштануы). Науқас ӨЖВ аспабына ауыстырылды.

  1. Науқаста операциядан кейінгі 3-тәулікте қандай жағдай байқалды? Жауабыңызды мәлімдеңіз.

  2. Гипоксия дамуының себептері мен тетіктері қандай: а) операция алдындағы кезеңде, б) операция кезінде, в) операциядан кейінгі 3-тәулікте?

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 537-548.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 84-87

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 135-147.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 278-290.

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 340-351

  6. Патофизиология бойынша тест тапсырмалары. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.–221 - 228

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 525-538.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 478-514.


Сабақ 1. 2 тақырып ҚЫЗБА

Сабақтың мақсаты:

  • Қызбаның этиологиясы, патогенезі, организмдегі маңызын меңгеру

  • қызба дамуымен байланысты болатын клиникалық жағдайлар және үлгілеуді патофизиологиялық талдауларда теориялық білімді қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру


Оқытудың міндеттері:

  • қызбаның этиологиясын, патогенезін, организм үшін маңызын анықтау

  • теориялық материалды талдау барысында медициналық атаусөздерді қолдануды үйрету

  • теориялық білімін ситуациялық есептер шығаруға және үлгілеу нәтижелерін қолдануды үйрету


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы.

  2. Қызба кезіндегі қызу көтерілуінің патогенезі.

  3. Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер.

  4. Дене қызуының көтерілу деңгейі бойынша және тәуліктік дене қызуының ауытқуларына байланысты қызбаның түрлері.

  5. Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер ( жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек) қызметтерінің өзгерістері

  6. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызым түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік.

  7. Қызбаның ысынудан айырмашылығы.


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Оқытушының бақылауымен және студенттердің қатысуымен тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу және әңгімелесу, мультимедиялық қойылыммен жұмыс жасау, ситуациялық үлгінің нәтижелері, ситуациялық есептерді шешу, кестелерді толтыру.



Бақылау әдісі:

Ауызша сұрау, ситуациялық есеп бойынша қорытындыларды тексеру, кестелерді толтыру.


Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Қызбаның бірінші сатысында әйгіленімдер пайда болуының



тетіктерін және олардың қызба дамуындағы маңызын түсіндіріңіз.

Қызбаның әйгіленімдері

Пайда болу тетіктері және қызбаның дамуындағы маңызы

Терінің бозаруы




Терінің құрғауы




Бүрісу




Бұлшық еттер дірілі







2 тапсырма. Қызба кезінде организмнің ағзалары мен жүйелеріндегі

өзгерістерді талдаңыз және оның патогенезін көрсетіңіз.

Ағза немесе жүйе

Қызбаның әйгіленімдері

Әйгіленімдердің патогенезі

ОЖЖ

Бас ауруы

Ұйқы басушылық

Селқостық

Балалардағы тырысқақ, селкілдек






Жүрек

Тахикардия

Брадикардия






Ас қорыту жүйесі


Тәбеттің жоғалуы, ауыз құрғауы, тіл өңезденуі. Барлық ас қорыту бездерінің сөлденістік белсен-ділігінің бәсеңдеуі. Жиырылулық немесе атоникалық іш қату.









3 тапсырма. Температуралық сызықтардың түрін анықтаңыз





ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 237-247.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 76-83

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 324-340.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 354-361.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 202-209.

  6. Патофизиология бойынша тест тапсырмалары. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.–128 -139

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 201 -234.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 235-244.

  3. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-364-380

  4. 9.А.Л. Костюченко. Угрожающие жизни состояния в практике врача первого контакта. СПб: спец.литература, 1998г. с-240.

  5. 10.Ю.В.Лобзин, А.Т.Марьянович, Н.В.Цыган. Терморегуляция и лихорадка. – М.: Вузовская книга, 1998. – 64 с.


Сабақ 2. АЛЛЕРГИЯ

Сабақ мақсаты:

  • Аллергиялық әсерленістердің этиологиясын, патогенезін меңгеру

  • Ситуациялық есептерді шешу барысында алған теориялық білімді қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу дағдыларын қалыптастыру


Оқытудың міндеттері:

  • Аллергиялық серпілістердің себептерін, даму тетіктерін, көріністерін және алдын алудың негізгі ұстанымдарын оқып-білу.

  • Теориялық материалды талдау барысында медициналық атаусөздерді қолдануды үйрету

  • Теориялық білімді ситуациялық есептерді шешу барысында қолдануды үйрету



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы (себептері мен жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы.Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.

  2. Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.

  3. Аллергиялық серпілістердің сатылары (иммундық серпілістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.

  4. Сезімталдықты жоғарылату, түрлері, патогенезі.

  5. Аллергиялық серпілістердің 1, 11, 111,1Ү түрі патогенезінің ерекшеліктері;

а) аллергендердің табиғаты, сезімталдықтың жоғарылау тетіктері;

б) негізгі дәнекерлер, олардың шығу тегі және биологиялық әсерлері.

6. Аллергиялық әсерленістердің алдын алу және емдеудің патогенездік ұстанымдары. Сезімталдықты төмендетудің арнайы және бейнақты түрлері және тетіктері.
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Оқытушының бақылауымен және студенттердің қатысуымен тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу және әңгімелесу, ситуациялық есептерді шешу, аллергиялық серпілістердің патогенезі бойынша бейнероликтерді көру.



Бақылау әдісі:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындысын тексеру.



Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.

1 есеп. Балтырында флегмонасы бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 минөттен соң мазасыздық, қорқу сезімі, қимылдық қозғыштық, басының қатты ауыруы, бетінің қызаруы, тершеңдік; АҚ 180/90 мм с.б., пульсі 120 рет минөтіне. Осыған байланысты дәрігер науқастың бөлмесіне барып, кереуетке жатуын талап етті. 20 минөттен соң науқастың жағдайы кенеттен нашарлай түсті: әлсіздік, бетінің бозаруы, демді шығарудың бұзылысымен сипатталатын ентігу сезімі, есінің көмескіленуі, клоникалық-тоникалық құрысулар; АҚ тез 75/55 мм с.б. дейін төмендеді. Науқасқа дәрігерлік жедел көмек көрсетілді.


  1. Антибиотик енгізгеннен кейін науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды? Жасаған тұжырымыңызға сәйкес мәліметтер келтіріңіз.

  2. Бұл дерттік үрдістің даму тетіктері қандай?

  3. Клиникалық көрінісіне сәйкес бұл үрдіс бірнеше сатыдан тұрады. Оларды атаңыз және әр сатының патогенезін сипаттаңыз; сіздің ойыңыздың дұрыстығын көрсететін симптомдарды атаңыз.

  4. Науқасты осы жағдайдан шығаратын дәрігерлік жедел көмектің шаралары қандай?

2 есеп. 7 жастағы балада манго шырынын ішкеннен 40 минөттен соң кенеттен жұмсақ таңдайында жұтынуға кедергі жасаушы тез үдемелі шектелген ісіну пайда болды, кейіннен ол дем алуға да кедергі келтірді. Ісінген аймақтағы шырышты қабат қызарған, ауырмайды; қанында – аздаған эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Сұрағанда үлкен әпкесінде бронх демікпесінің ұстамасы болғандығы анықталды.

  1. Науқаста қабынулық ісіну дамыды деуге бола ма?

  2. Егер болмаса, онда ісіну дамуы неге байланысты, ол қалай аталады?

  3. Аталған дерт түрінің патогенезі қандай?

  4. Аталған ісінуді өмірге қауіпті ісінулерге жатқызуға бола ма?

3 есеп.28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.

Сұрақ:

Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады?

4 есеп. Клиникада ауқымды миокард инфарктіне байланысты жатқан науқастың 6-шы аптасында нәтижесінің жақсы болуына қарамай, жүрек аймағында тұйық ауру сезімі және перикардтың үйкеліс шуы, дене қызуының 39 градусқа артқаны байқалды. Қарап тексергенде қанында эозинофильды лейкоцитоз, жүрекке қарсы антидене титрінің жоғарылауы анықталды. Дәрігер «инфаркттан кейінгі синдром» (Дресслер синдром ) деген аңғарым жасады.

Сұрақтар:

1.Белгілі болғандай, Дресслер синдромы иммуногенді жолмен дамиды, осыны есепке ала отырып, оның дамуына әкелген Аг пайда болуы мен сипаттамасын көрсетіңіз.

2. Науқастың қанында жүрекке қарсы АД табылуы, дамыған серпілістің қандай түріне жатады?

3. Антикардиальды АД Ig-ің қай түріне жатады?


5 есеп.15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.

Сұрақтар:

1. Науқаста аллергиялық әсерленістің қандай түрі дамыды?

2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?

6 есеп.Науқастың аяғының ашық жарақатына қайталап антигистаминдік «қорғанысы бар» тырыспаға қарсы сарысу енгізілді. Енгізгеннен кейін 9-шы тәулікте науқастың дене қызымы көтерілді, әлсіздік, иық және тізе буындарының ісінуі, теріде қатты қышыну шақыратын бөртпелер, тізеасты және шаптың лимфва түйіндерінің ұлғаюы байқалды (пальпацияда ауыру сезімі бар).



Сұрақтар:

  1. Науқаста дерттің қай түрін болжауға болады?

  2. Дерттің түріне нақтылай қорытынды жасау үшін қандай қосымша тексерулер қажет

  3. Дерт дамуының мүмкін болатын себебі мен тетігі қандай?

  4. Науқаста бұл жағдайдың алдын алуға болар ма еді?

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 321 – 342.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 92-101.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 111-135.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 127-164.

  5. Патофизиология бойынша тест тапсырмалары. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.–139 – 163

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, 164-181.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 557-577

  3. Насыбуллина Х.С., Назаренко Н.М. Патологическая физиология (типовые патологические процессы). – Алматы, 1995.

  4. В.И.Пыцкий, И.Н.Андрианова, А.В.Артамосова. Аллергические заболевания. – М.: Медицина, 1991. – 336 с.

  5. Pathologic basis of disease. Environmental and nutritional pathology. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 193-223.


Сабақ № 3: СУ-ЭЛЕКТРОЛИТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Сабақтың мақсаты:

  • Су-электролит тепе-теңдігінің негізгі бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін меңгеру.

  • Патогенездік сызбанұсқаны құрастыру және есептерді шешу кезінде теориялық білімін қолдана білу

  • Жануарлармен жұмыс істеудің тәжірибелік машықтарын дамыту

  • Сабақ тақырыбын талдау кезінде медициналық атаусөздерді қолдану дағдыларын меңгере білу

  • Тәжірибе жүргізу барысында ҚД ДС № 442 және 575 бұйрықтардың негізгі заңдарын қолдану


Оқыту міндеттері:

  • дизгидрияның жіктелуі, этиологиясы мен патогенезі және қалпына келтіру ұстанымдарын зерттеу.

  • әртүрлі клиникалықісінулердің даму тетіктерін оқып үйрену,патогенездік сызбанұсқаны құра білу.

  • сабақ тақырыптарын талқылау кезінде медициналық атаусөздерді қолдану дағдыларын меңгере білу

  • эксперименттік ісінулер патогенезінде гемодинамикалық, онкотикалық және тіндік жайттардың маңызын зерттеу кезінде тәжірибелік жануарлармен жұмыс істеудің машықтарын қалыптастыру

  • тәжірибелік жануарлармен жұмыс жүргізу барысында ҚР ДС №№ 442 және 575 бұйрықтардың негізгі заңдарын қолдану.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Организмдегі су тепе-теңдігі бұзылуының түрлері.

2. Сусыздану, патогенезі бойынша жіктелуі, себептері, сусызданудың әртүріндегі жасушаіші және жасушадын тыс бөліктердегі осмостық қысымның өзгерістері. Негізгі көріністері және олардың патогенезі.

3. Оң су тепе-теңдігі (изо-, гипо-, гиперосмолялдық сулану), себептері, патогенезі. «Сумен улану» туралы түсінік, себептері, даму тетіктері.

4. Ісіну түрлері, анықтамасы. Ісінудің патогенездік жайттары, сипаттамасы.

5. Натрий, калий, кальций алмасуларының бұзылыстары, себептері, организмдегі өзгерістердің патогенезі.


Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Оқытушының бақылауымен және студенттердің қатысуымен тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу және әңгімелесу, тәжірибелерді орындау, тәжірибе нәтижелерін талқылау, патогегнездік сызбанұсқаны құрастыру.



Бақылау әдісі:

Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындысын, патогегнездік сызбанұсқаны құрастырудың дұрыстығын тексеру.



Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма.

Гипоосмоляльды және гиперосмоляльды гипогидратацияның патогенездік сызбанұсқаны құрастыру


2 тапсырма.

Ісіну дамуында тіндердің осмостық қысымының маңызын зерттеу.

Әдісі Тәжірибеге салмағы бірдей екі бақа алынады. Бақаның біреуінің лимфа қапшығына 2 мл физиологиялық ерітінді, екіншісіне 2 мл 20% хлорлы натрий ерітіндісі енгізіледі. Бақалардың салмағы өлшеніп, су құйылған банкаларға отырғызылады. 50-60 минөттен соң бақаларды судан шығарып, тағы да өлшейді. Алынған деректерді хаттамаға енгізіп, талқыланады. Қорытынды жасалады.

Тәжірибе деректерінің хаттамасы

Жануарлар

Енгізілген ерітінділер

Бақалардың салмағы

Бастапқы

1 сағаттан соң

1 - бақа

2,0 мл изотониялық ерітінді







2 - бақа

2.0 мл 20% хлорлы натрий ерітіндісі






3 тапсырма. Ісіну дамуында гемодинамикалық жайттың маңызын зерттеу (Фишер тәжірибесі)



Әдісі: Сабақ басталардан бірнеше сағат бұрын бақаның бір артқы аяғына бұрама салып байлайды. Сабақта бақа аяғының көлемі ұлғайғаны, түсінің өзгергенін анықтайды. Бақа аяғының ісінген жерін инемен пісіп көргенде сұйықтықтың шыққандығы бақыланады. Ісінудің даму жолдарын түсіндіріледі.
4 тапсырма Ісіну дамуында онкотикалық фактордың маңызын зерттеу (Старлинг тәжірибесі).

Әдісі: Жұлыны зақымдалған бақаның кеуде және іш қуысы ашылады, жүрек қабы (перикард) алып тасталады. Қолқа үстінен тілінеді және шеткері бағытқа қарай резеңке түтік енгізілген жіңішке шыны түтік (канюля) тілінгсн жерге кіргіэілед». Резеңке түтік 0,5% хлорлы натрий ертіңдісі бар ыдысқа косылады. Осы ертінді бақаның тұтас қан тамыр жүйесі бойымен ағып келіп, қолқаның кесілген жерінен сыртқа құйылады. Бақаны астыңғы жағын тесіп,таразыға іліп қояды. Ертінді ағызылуы басталғаннан 15-30 минут өткеннен соң, бақаның салмағы өзгергенін. ісіну дамығанын бақылайды. Бақада ісіну неден дамитынын түсіндіру және хаттамаға жазу керек.


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 166 - 198.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-52.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 296-311.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 238-248.

  5. Патофизиология бойынша тест тапсырмалары. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.–188 - 205

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 315-334.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 340-380.

  3. Б.Дж. Ролс, Э.Т.Ролс «Жажда». – М.: Медицина, 1984 г.


Сабақ № 4. НӘРУЫЗ ЖӘНЕ МАЙ АЛМАСУЛАРЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ. АШЫҒУ.

Сабақтың мақсаты:

  • нәруыз және май алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерін меңгшеру

Оқыту міндеттері:

  • нәруыз алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  • май алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  • семірудің көптеген аурулардың қауіп-қатер факторы екендігін көрсету

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Нәруыз түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі, салдарлары. Оң және теріс азоттық тепе-теңдік.

  2. Нәруыз алмасуының соңғы кезеңдерінің бұзылыстары, зәрнәсілдің түзілуі. Гиперазотемия, анықтамасы, патогенезі бойынша түрлері.

  3. Қан плазмасы нәруыздық құрамының бұзылыстары: гипер-, гипо-, және диспротеинемиялар; парапротеинемия. Қан плазмасы нәруыздарының тасымалдық қызметінің бұзылыстары.

  4. Майлардың тағаммен түсуінің, асқазан-ішек жолдарында қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары, себептері, салдарлары.

  5. Гиперкетонемия, патогенез, салдарлары.

  6. Холестерин алмасуының бұзылыстары. Атеросклероз, сатылары, патогенез, алдын алу және емдеу ұстанымдары.

  7. Семіру, түрлері, патогенезі. Арықтау және кахексия, себептері, даму тетіктері.

  8. Ашығу, түрлері, себептері, ашығу кезеңдері. Ашығудың әртүрлі кезеңдерінде физиологиялық қызметтері мен зат алмасудың өзгерістері.

  9. Емдік ашығудың патофизиологиялық негіздері.

Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

    • №№ 1-6 сұрақтарды талқылау

    • №№ 7-9 сұрақтар бойынша студенттер дайындаған эсселер бойынша конференция

    • тыңдалған хабарламаларды талқылап, пікірлеу.

Бақылау әдісі:

Ауызша сұрау, студенттердің баяндамалары мен эссені талқылап пікірлеу, сынамалау.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі


  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 139 – 166, 227-237

  2. Патофизиология үшін студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 139 – 156.

  3. Патологическая физиология п/р Н.Н. Зайко, Ю.В.Быця. – М.: «Медпресс – информ», 2004. – С. 269 – 288, 311- 324.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А. Адо, В.И. Пыцкого, Г.В. Порядина, Ю.А. Владимирова. – М.: «Триада-Х», 2000. – С. 210-224.

  5. Патофизиология бойынша тест тапсырмалары. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.–174 – 188, 214 - 221

Қосымша

  1. Патологическая физиология п/р В.В Новицкого и Е.Д. Гольдберга. – Томск: «Изд-во Том. Ун-та», 2001. - С. 293 - 314.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология.- т.1, М.: «ГЭОТАР-МЕД», 2003. - С. 301 – 326.

  3. Клиническая биохимия. Маршалл В. Дж./ Пер. с англ. – М. СПб.: «Издательство Бином» - «Невский Диалект», 2000, с. 24 – 47, с. 212 – 260, с. 301 – 307.

  4. Гринстейн Б., Гринстейн А. Наглядная биохимия. Пер. с англ. – М.: «ГЭОТАР МЕДИЦИНА», 2000. – 119 с.

  5. Патофизиология в рисунках, таблицах и схемах п/р В.А. Фролова, Г.А. Дроздовской, Д.П. Билибина. – М.: «Медицинское информационное агенство», 2003. – 392 с.

  6. Патологическая физиология п/р А.И. Воложина, т.1, М.: «Медицина», 1995. - С. 286 – 294; С. 313 - 325.

  7. Долгих В.Т. Патофизиология обмена веществ. Н. Новгород: «НГМА», 2002. – 152 с.

  8. Аблаев Н.Р. Биохимия в схемах и рисунках. Второе издание – Алматы: Издательский дом «Наука и жизнь», 2005. – С. 4 –67; 138 – 180.

  9. Жангелова М.Б., Плешкова С.М. Клинические лабораторные исследования (референс диапазоны).Учебное пособие для студентов, интернов и ординаторов. Алматы, 2005.–26с.

  10. Брэгг П.С. Чудо голодания.- Екатеринбург, 1991

  11. Николаев Ю.С. Голодание ради здоровья.- М.Россия. -1988

  12. Бенджамен Г. Популярный справочник естественного лечения «Вегетарианство – здоровье физическое и духовное. М. Педагогика, пресса, 1994

  13. БМЭ, т.4 с.158-160, т. 6, с.875-879, т.17 с. 215-221.

БАҚЫЛАУ

Патофизиология бойынша тест тапсырмалары. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.–Б. 174-187





Сабақ № 5. ӨСПЕ. ӨСПЕНІҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ МЕН ПАТОГЕНЕЗІ.

Сабақ мақсаты:

  • Өспе патофизиологиясы сұрақтарын меңгеру

  • Ситуациялық есептерді шешуде теориялық білімін қолдану

  • Тақырыптың сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу машығын қалыптастыру

  • Тақырыптарды талқылау барысында медициналық атаусөздерді қолдану

Оқытудың міндеттері:

  • өспе пайда болуындағы физикалық, химиялық, биологиялық канцерогендердің

маңызын оқып-білу

  • Эрлих карциномасының іш шемендік түрі жасушаларының морфологиялық атипиясын микроскоппен қарап табу.

  • Теориялық материалдарды талқылау барысында медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

  • Ситуациялық есептерді шешу барысында алған теориялық білімді қолдануды үйрету


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Өспе туралы түсінік, анықтамасы. Қатерсіз және қатерлі өспелер,

ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

2. Өспелер этиологиясы. Өспелердің пайда болуында химиялық, физикалық,

биологиялық канцерогендердің маңызы.

3. Өспелердің пайда болуында жүйкелік, эндокриндік, иммундық жүйелердің

маңызы.

4. Өспелердің пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы.



5. Өспе өсуінің патогенезі.

6. Өспелердің биологиялық ерекшеліктері.

7. Өспе өсуіне қарсы төзімділік туралы түсінік, оның тетіктері,

8. Өспенің организмге әсері, өспе алддылық үрдістер.

9. Өспелердің алдын алу және емдеудің ұстанымдары.
Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Оқытушының бақылауымен және қатысуымен студенттер арасында сбақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірталас өткізу және сөйлесу, бейнеқойылымдарды көру, іш шемендік карциномасының жағындысын талдау, ситуациялық есептерді шешу.



Бақылау әдісі:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындысын тексеру.



ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

1. тапсырма. Эрлих карциномасының іш шемендік түрінің жағындысындағы



өспе жасушаларының атипиясын зерттеу.

Студенттер Романовский – Гимза әдісімен боялған Эрлих карциномасының іш шемендік түрінің дайын жағындысын алып, алдымен микроскоптың кішкене ұлғайтуы арқылы қарап, соңынан иммерсиялық объективтің көмегімен зерттейді. Ядросы мен цитоплазмасының арасында анық шекарасы бар обыр жасушаларын табады. Морфологиялық атипияға тән белгілерді зерттейді:

● Өспе жасушаларының көп түрлілігі ( кішкентай және алып жасушалардың болуы).

● Ядросы көп жасушаларының болуы ( цитоплазма бөлінбей ядролардың бөлінуі).

● Гиперхромды ядролары бар алып жасушалардың пайда болуы.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріледі:



  1. Жағындыда өспе жасушаларының қандай атипиялық белгілері байқалады?

  2. Атипияның туындау тетіктері қандай?

2. тапсырма.Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп. 1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда басты оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.


  1. Қай фактор бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

  2. Канцероген әсеріне қай фактор тиімді лігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?

  3. Науқаста антибластомды төзімділіктің қай механизмдері әсерленуі тиіс еді: - канцероген әсер еткенде? – бронх эпителий жасушасының гендік бағдарламасының «өспелік трансформациясы» үрдісінде? - өспе жасушалары пайда болғанда? Аталған науқаста олар неге жеткіліксіз болды?

2 есеп. 52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан соң, химиотерапия емінен кейін бір жылдан соң сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде өспе жасушалары анықталды, құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас. Сұрақтар:

  1. Осы ерекшеліктерді қалай түсіндіруге болады?

  • жаңа өспенің пайда болуымен?

  • өкпе өспесінің қайталануы?

  • өкпе өспесінің метастаздануы?

  1. Даму тетіктерінің мүмкіндігін анықтайтын жауапты негіздеңіз

3 есеп. 50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбеттің себепсіз төмендеуіне, жүректің айнуына шағымданады. Соңғы уақыттарда айтарлықтай салмағының төмендеуі, қызба, терінің бозарғаны байқалады. Қанның және асқазан сөлінің зерттеу нәтижелері асқазан сөлі қышқылдығының төмендегенін және анемияны көрсетеді.

Гастроскопиялық зертеуде өспе анықталды. Науқас сонымен қатар, 30 жылдан бері атрофиялық гастритпен ауыратынын айтты. Сұрақтар:

1. Асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті қатерлі өспенің дамуына әкелуі мүмкін бе?

2. Науқастың жүдеуінің (кахексия) даму тетігі қандай? Түсіндіріңіз?

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 357-385

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.780-837

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 290 - 314.

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 117-130.

  5. Патофизиология бойынша тест тапсырмалары. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.–229 - 243

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 238-254

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 586-623.

  3. Рыспекова Н.Н. Патофизиология опухолевого роста (методическое пособие для студентов). Алматы, 2002.-58с.

  4. Долгих В.Т. Опухолевый рост.- М.: Медицинская книга. –2001. -81с

беттің беті




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет