Сабақтың ортасы
30 мин.
Сергіту сәті.
|
ІІ.Қызығушылықты ояту
Тәуелсіздік тізгіні қолға тиді. Бұл күнді Қазақстанда ғұмыр кешіп жатқан халқымыз ғана емес, қиырда жүрген, екі көзі боталап, туған елге алыстан жанының жанарын салған қандас бауырларымыз да аңсай күткен. Тірлікті тарының қауызына сыйғызып жіберген кеңестік идеология жоқ, қабағын түйген компартия құлаған, өз қолымыз өз аузымызға жеткен кезде ең алдымен ойлағанымыз – шет елдерде жүрген ағайынды елге оралтып қуанту, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру болатын.
Аналарымыз алысқа кеткен туған-туыстарын іс тігіп отырғанда, жұмыс жасап жатқанда сыңсып салған әнімен еске алып, көз жастарын бір сығып алушы еді. Балаң кезімде оның себебін сұрағанымда: «балам, ержетерсің, сонда білерсің мұның мәнісін» деп сөз аяғын жұмбақтап жіберетін. Бірақ бала кезгі адам жады мықты болады ғой. Кейін, есейе келе мұның мәнін де, көз жасына булыққан әнін де біліп, көкейге түйіп өстік. Тәуелсіздік таңы атқанда ойда жүрген осынау аса маңызды іс-әрекетті жүзеге асырудың жолын тапқандай болдық.
Барлық топқа бір-бірден тапсырма беріледі.
1-топ: Ұлы Даланың егеменді елі, байтақ жері, ел таныған елдері.
2-топ: Арманды ақиқатқа айналдырған сындарлы саясат.
ҚБ. «Көңілді смайликтер»
Тапсырма: дөрекі, әдепсіз сөздердің мәнін ашып, дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырыңдар.
1. Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.
(көмгенше – жерлегенше, өлгенше – өмірінің соңына дейін)
2. Шошқаға ерген балшыққа аунар.
(шошқаға – нашар, жаман адамға)
3. Сараң да бір, сасық су да бір.
(сасық – лас, иістенген)
4. Өсекшінің тілі қышып тұрады.
(өсекші – сөзуар)
5. Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.
|