Сабақтың ортасы
30 мин.
Сергіту сәті.
|
Оқылым алдындағы тапсырма.
Оқушылар «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерің» деген мақалдың мағынасын түсіндіреді, өмірмен байланыстырады.
Оқылым тапсырмасы.
Оқушыларға «Ұшқан ұя» шығарамасынан үзінді беріледі. Оқушылар мәтінді оқиды.
Мәтіннен қазақтың қандай дәстүрлері сөз болғанын тауып жазады. Сол дәстүрді қысқаша әңгімелеп береді.
Тіліне талдау: мәтіннен мақалдарды, сын есімдерді, ауыспалы мағыналы сөздерді анықтап жазады, олардың қолданылу себебін түсіндіреді.
Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме береді. Мәтіннен тауып жазады, ауызша әңгімелейді.
Әкесі
Әжесі
Сұрақ құрау:
Оқушылар мәтіндегі кейіпкерлердің біріне екі сұрақ құрайды. Сұрақтар нақтылау сұрақтары болуы керек.Мұғалім нақтылау сұрақтары туралы түсінік береді.
Нақтылау сұрақтарының мақсаты – ақпаратты нақтылау.Бұл сұрақтар көбінесе төмендегі фразалармен басталады.
«Егер сізді дұрыс түсінсем ...?», «Яғни сіздің айтып тұрғаныңыз...?», «Мен қателесуім мүмкін, бірақ сіз ... дедіңіз бе?»
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
|