Үйге тапсырма беру: Графикалық сурет сал.
Сабақ: №13
Сабақтың тақырыбы:
Линогравюра.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Линогравюрамен сурет салудың түрлерімен оқушыларды
жүйелі түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу
қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Линолеуммен жұмыс істегенде асықпау керек және өте мұқият болу керек. Мұнда эскизде кеткен қателіктер ғана түзеледі, ал штихельмен кесіп жатқанда қателіктер кетсе, оларды түзеу мүмкін емес. Гравюрлеу үшін линолеумнің қалыңдығы 5 мм, ең аз дегенде 2,5 мм болу керек. Линолеумге гравюрлеу кезінде пайдаланатын аспаптар біршама қарапайым болады, оларды өздерің-ақ жасап алуқа болады. Негізгі аспап - 50-60 градустық бұрыш формасында тұмсығы бар бүрышты қашау (немесе кескін штихель 4). Мұндай қашау бірде әзер байқалатын сызықты, бірде өте жуан, бірде тік, т.б. сызықты береді. Аумақты орындарды ойып алу үшін ені 2—3-тен 10-12 мм-ге дейін болатын, жүзі жартылай шеңбер қашаулар қолданылады. Линолеумге пайдаланатын қашаулардың көпшілігін ескі қолшатырдың шабақшаларынан жасап алуға болады: олардың ені әр түрлі, әрі дайын сайы бар, оны тек қажетті формаға келтіру керек. Аспап әрдайым өткір болуға тиіс, сондықтан да оны қайрауды жақсылап үйреніп алу керек. Аспаптардың тек ұшын ғана қайрайтынын ұмытпаған жөн. Гравюрлеу кезінде кесілген сызықтар жақсы көрінуі үшін линолеумнің бетіне жұққан қарындашты мақтамен сүрте отырып, аздап қарайтуға болады. Керісінше линолеумді гуашьтың ақ бояуымен грунттап, оның бетін ақ жасауға болады. Онда қалдырылған сызықтар бұрынғыдан да айқынырақ көрінеді. Линогравюралар бір түсті және түрлі түсті: екі, үш, одан да көп бояулы болуы мүмкін. Сонымен, түрлі түсті гравюраны басу кезінде қанша бояуды қолданатын болсақ, соның түстік ерекшелігіне қарай сонша тақта болуға тиіс. Оттискіні сынап көргеннен кейін, қолданған бояулардың әр түрлі үйлесімін тексеру керек. Мұнда өте жақсы оттискі алу оңай шаруа емес. Алғашында сәтсіз оттискілер болуы мүмкін. Кейін бірнеше рет басып, жақсы оттискіні ала аламыз. Гравюрлеуді бастамастан бұрын бірінші дайындық суретті жасап алу керек. Мұны қаламұш пен қылқалам арқылы тушьпен орындаған дұрыс. Суреттің форматы баланың гравюра жасау форматымен сәйкес болуы тиіс. Суретті тақтаға ауыстырғанда тақтадағы бейненің оттискіге қатысы «айнадағы бейнедей» нақты түсуін қадағалауымыз керек. Гравюрлеу кезінде жіберілген қателіктерді дер кезінде түзетпесе, гравюрада түзету өте қиын. Ол үшін ірі бөліктерін кесіп алады да, дәл өлшеніп кесілген қажетті жерге қиюластырылған жаңа кесінділермен ауыстырылады. Сөйтіп гравюраның тиісті бөлігі қалпына келтіріледі. Ұсақ штрихтар мен қосымша жерлерді тіс тазалайтын ұнтақты желімге араластыру арқылы бекітеді. Басуды біткеннен кейін, бензинге матырған шүберекпен бояу қалдығын (тақта мен біліктен) кетіріп, оларды құрғақ, таза шүберекпен сүрткен жөн. Линолеуммен жұмыс істеу әдісі, гравюра өнерінің негізгі түріне жатады. График суретшілер көбінесе линолеуммен жұмыс істейді. Линолеуммен жұмыс істегенде жоғарыдағы айтылған әдіс-тәсілдерді орынды пайдаланған жөн.
Линогравюралар бір түсті және түрлі түсті (екі, үш, одан да көп) бояулы болуы мүмкін. Мұндай гравюралардың сапасы бояулардың санымен өлшенбейді. Дәл табылған түстік үйлесімдермен, қатынастармен, тақырыптың мазмұнын ашып берумен өлшенеді. Түрлі түсті гравюрада шектеулі бояу түрлері ғана қолданылады.
Үйге тапсырма беру: Линолеум тәсілімен сурет сал.
Сабақ: №14
Сабақтың тақырыбы:
Пластикалық анатомия.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Адам тұлғасының өн бойымен яғни, адам тұлғасының
анатомиясымен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып,
ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Адамның бас сүйегін бейнелеу. Адам басының негізі – оның бас сүйегі. Адамның бет пішінін, кескін-келбетін бейнелеу үшін, ең алдымен оның бас сүйегінің құрылысымен танысқан жөн. Адам басының қаңқасы жайлы терең мағлұматтар алу үшін тәнтану пәнін жақсы окып үйрену керек. Сонымен қатар пластикалық
анатомия кітаптарымен де жете танысу қажет. Адамның бас сүйегі әр алуан 23 сүйектен тұрады. Олардың негізгілері: маңдай сүйек, самай сүйек, төбе сүйек, шүйде сүйек, мұрын сүйек, т. б. болып бөлінеді.
Адам басының пішіні төрт түрге бөлінеді. Адамның бас сүйегін бейнелеуде бет сүйегін жақсы білу қажет. Адамның жас нәресте кезінен бастап ер жеткенге дейін бст сүйегі дамып өседі. Бет сүйегінің даму шегі 24 жаста тоқталады. Негізінен кәрі адамдар қаңқасының жалпы көлемі жеңілдеп, ол сүйектерінің жұқаруына байланысты кішірейеді. Жалпы адам басы бас сүйегі мен бас еттерінен тұрады. Пластикалық анатомияны оқып білмей тұрып, оны дұрыс белгілей алмаймыз. Жалпы адам басының қаңқасы екіге бөлінеді, олар: жоғарғы ми сауыты, төменгі бет бөлігі.
Адамның бас сүйегін бейнелеу екі сатымен орындалады.
Біріншісі - суреттің қағаз бетіндегі қисынын табу, бас құрылысының негізгі сызықтарын анықтау.
Екіншісі - кескіннің құрастыру құрылысы мен көріністегі қолданылуы.
Ең алдымен адамның бас сүйегін бейнелейтін қағаздың ортасында келетін нүктеден сәл жоғары болатын көру нүктесін табамыз. Қаңқа суретінің тепе-еңдігін сақтау үшін иектің астыңғы сызығынан қағаздың төменгі шетіне дейінгі ара қашықтықты төбеден қағаздың жоғарғы жиегіне дейінгі ара қашықтықтан үлкен етіп қалдырамыз. Бейнеленетін сурет пен қағаздың көлемі сәйкес болуын әрдайым есте сақтаған жөн. Бас сүйектің биіктігі мен енінің қатынасын салыстырмалы түрде өлшеу арқылы бейнелейміз. Жалпы қаңқаның сырт пішінін салғаннан кейін оның ішкі құрылысын анықтауға көшеміз. Адамның бас сүйегін бейнелеудің бірінші кезеңі төмендегідей.
1. Пішінді көзбен қарап зерттеу, бас сүйек бөлшектерінің тұлғалық қатынастарының көлемдерін айқындау.
2. Бейнеленетін бас сүйекті қағаз бетіне үйлестіріп орналастыру.
3. Орталық және көз деңгейі сызықтарын жүргізу, ми сауыты мен бет бөліктерінің ерекшелігін айқындау.
4. Бас сүйектің бет бөлігіндегі мұрын қуысының негізі және тістер жымдасатын жері бойынша көлденең сызықтар жүргізу арқылы үш бөлікті айқындау.
5. Бас сүйектің жалпы көлемі мен ондағы бөлшектерді бейнелеу.
Бастың құрылысын, яғни бас сүйекті, бас сүйектің бұлшық еттерінің орналасуын, олардың атауларын және бас сүйектің пропорциясын жетік білуіміз керек.
Адам бас сүйегінің құрылысына, бұлшық еттердің орналасуына, анатомиялық заңдылығына назар аударып, беттің схемасын зерттеуге тиіспіз. Енді белгілі тәртіп бойынша адамның бас сүйегін бейнелеуге көшеміз. Көмекші сызық пайдалану арқылы оның сұлбасын қағаз бетіне түсіреміз. Содан кейін мұрын сүйегінің үстімен төмен қарай қақ жарып ортақ сызық жүргіземіз. Бас сүйектің бейнеленген сұлбасын көлденең сызықтар арқылы бірдей етіп үшке бөлеміз. Жоғары қас арқылы өткен сызық құлақтың жоғарғы жағымен жанасады, төменгі танаудың астымен жүргізілген көлденең сызық құлақтың астымен жанасады. Қысқасы адам басындағы осы өлшемдерді естен шығармау керек. Бастың негізгі мүшелері болып, көз, ауыз, мұрын саналады (1). Көз алмасының жалпы формасы шарға ұқсайды, ал көз шарасының пішіні төңкерілген призма, жиек сызықтары төртбұрыш пішіндес болады. Көз ортасымен ось сызығы өтеді. Ауызды (2) алдынан қарағанда параллелепипедке, ал қырынан қарағанда үшбұрышқа ұқсатуға болады.
Ауыздың алғаш жобасын сызғанда сол геометриялық денелерге ұқсатып бейнелеуге тырысу керек. Мұрынның (3) жалпы формасы призма пішіндес болады. Мұрынның қыры ұзынша жазық келеді. Оның басталар тұсы тарылып, орта ені кеңейіп, ұшына келгенде домаланып, сүйірленіп бітеді. Құлақтың (4) жалпы пішіні жұмыртқа тәріздес болып келеді.
Адамның бас сүйегін бейнелеу.
Үйге тапсырма беру: Адамның бас сүйегін бейнеле және оның мүшелеріне ерекше көңіл бөл.
Сабақ: №15
Сабақтың тақырыбы:
Адамның тұлғасын бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Адам тұлғасының өн бойымен яғни, адам тұлғасының
анатомиясымен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып,
ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Адам тұлғасын салу үшін оның пропорциясын белгілейтін өлшем бірліктерімен танысу керек. Тұлға адам басының биіктігімен өлшенеді. Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді. Кейде адам бойының ауытқуларына байланысты жеті немесе жеті жарым бөлікке бөлінуі де мүмкін. Бірінші сызық-бастың жоғарғы нүктесінен иекке дейін, екінші - иектен бастап төс сүйектің ұшына дейін, үшінші - төс сүйектің ұшынан кіндікке дейін, төртіншісі кіндіктен шаттың сызығына дейін және бесінші бөлігі жамбас сүйекті аяқтың басымен қоса есептегенде төрт бастың биіктігіндей болады. Бас пен кеуде қосындысы адам бойының жартысы болып табылады. Иықтың ені екі бастың биіктігіне тең. Адам тұлғасын бейнелеуде адам анатомиясына мұқият назар аударған жөн. Сурет әдеттегідей долбарлық сызықты бейнелеуден басталады. Суреттің қағазға орналасуын, композициялыкқ құрылымын алғашқы долбар сызықтармен шешкеннен кейін кейіпкердің кұрылысын тұрғызуға көшеміз. Сурет салу кезеңінде жалпы белгілеуден жекеге көшу заңдылықтарына сүйенеміз. Ең алдымен үлкен бөлшектерге пропорциялық қатынастарды анықтай отырып, адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анықтауға көшеміз. Адам суретінің жарық пен көлеңкесін айқындаймыз. Адам тұлғасының өн бойын мұқият байыппен қарар болсақ, бастан табанға дейінгі аралықта жарық біртіндеп қоюланып, көлеңкеге ұласады. Осы ерекшеліктерді есте сақтаған жөн. Адамның скелеті оның қаңқасы болып табылады. Скелет, омыртқа желісімен біріктірілген сүйектерден тұрады. Иілмелі омыртқа жотасы қозғалмайтын ірі үш бөлікті -басты, көкірек клеткасын, жамбас сүйектерін біріктіреді. Көкірек клеткасымен екі қол байланысқан. Әрбір қол негізгі үш бөліктен тұрады, олар: қолдың басы, білек, қар. Жамбасқа екі аяқ жалғасқан, аяқ та үш бөліктен тұрады: сан, сирак, табан. Адам тұлғасын бейнелеуде оның формасы мен пропорциясына назар аударған жөн. Бейнелеу өнері жанрларының әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар және ол суретшінің айрықша дарынды болуын тілейді. Күрделі де қиын жанрлардың бірі - портрет. Портретте ұқсастығын ғана беріп қоймай, суретші сонымен бірге бейнеленген адамның сырын, оның ішкі дүниесін ашу керек. Суретші адамның келбеттік тұлғасын бейнелеуде терең зерттеп, жан-жақты ізденуі тиіс. Ең алдымен адамды қай тұрғыда бейнелеуге ерекше назар аудару керек. Оның өзіне тән қимыл ерекшелігі көркем шығармада дәл берілуі қажет. Сонда ғана нақты бейнеленетін адам өмірге шынайы жақын болып шығады. Бір қызығы, өнер туындысында портреті салынған кісі өзіне-өзі өмірдегіден гөрі көбірек ұқсайтыны бар. Бұлай болатын себебі: суретші оның қимыл-қозғалыс, айналымдарының ішінен, бет құбылысы ішінен ең лайықтыларын тап басып, тауып сала алады. Ол үшін портретін салатын кісіні жақсы білуі керек, оны әр қилы жағдайда бейнелеу керек, оның бойынан әлдебір нәрсені аңғарып бере білуі керек. Адамның ішкі дүниесін көре білуінен, адамның арғы түкпіріне көз жіберу қабілетінен портретшінің дарыны байқалады. Суретші адамның негізгі қасиетіне бойлап, оны ұқсата алғанда ғана, оның ішкі дүниесін ашқанда ғана елмейтін жаңа шығарма жазады. Дүниені өзінше көре білу — суреткерлік талаптың маңызды бір ерекшелігі. Бізге, көрерменге дүниені сол бір өзінше көре білуін жеткізе отырып, суретші біздің әлі өзіміз байқамаған нәрсеге көбірек көзімізді ашып, рухани дүниемізді байытады.
Сондықтан суретші адамның келбетін, тұлғасын бейнелеу үшін ең алдымен адам анатомиясын жақсы білу керек. Пластикалық анатомияны зерттеп оқу адамның дене құрылысын дұрыс белгілеуге үйретеді. Әрі әрбір адамға тән өзіндік дене құрылысының сипатын жақсы білуге, дәл ұқсатып бейнелеуге жаттықтырады. Сендер жалаңаш адамды бейнелеуді этикаға жатпайды деп үғынбаңдар. Өйткені адамның ішкі дене құрылысының сұлулығын сезінбей тұрып, жақсы портрет жазу мүмкін емес. Ұлы суретшілердің өзі пластикалық анатомияны оқып үйренуден бастаған.
Үйге тапсырма беру: Адам басын бейнелеп үйрен.
Сабақ: №16
Сабақтың тақырыбы:
Ұлттық киім киген адамның тұлғасы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің
түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы
түсінік беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық
киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын,
қиялын, тілін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өз халқынның салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге,
мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Суретшілерге адамдарды тек тыныш тұрған кезде ғана емес, қимыл-қозғалыста да бейнелеуге тура келеді. Леонардо да Винчидің өзі де олардың жан дүниесінде де болып жататын көңіл күйдің қаншалықты алуан түрлі болатыны сияқты адамдардың қимыл-қозғалыстары да соншалықты алуан түрлі деп атап көрсеткен болатын. Адамның көзге көріне бермейтін алуан түрлі қимыл-қозғалыстарының бәрінің ішінен мейлінше жиі мейлінше күнделікті өмірде кездесетін және локомоторлық қимыл-қозғалыстар деген атқа ие болған негізгі тобын бөліп алуға болады. Адам денесінің мұндай қимыл-қозғалыстарына жүру, жүгіру, секіру және тағы басқа бірқатар қимыл-қозғалыстар жатады. Мұндай жағдайларда суретшінің міндеті – көрерменге өз қиялында қимыл-қозғалыстың қалған барлық фазаларын елестетуге мүмкіндік беретін ең ұрымтал сәтті бере білу. Дененің еш уақыта жерден толық бөлінбей, кез-келген сәтте оған не бір аяғымен, не екі аяғымен сүйену жүрудің негізгі ерекшелігі болып табылады. Жүру адамның аздап алға еңкейіп, оның ауырлық центрі тірек алаңының шеңберінен шығудань басталады. Құламау үшін адам бір аяғын алға созып, жаңа тірек жасайды. Қадам осылай жасалады. Жүріс кезінде аяқ пен қолдың үйлесімдіқимылы болып отырады. – оң аяқ алға созылғанда сол қол керісінше кетеді. Жүрістің алуан түрлі фазалары кезінде белгілі бір бұлшық еттер жиырылып отырады. Аяқтардың ааға қарай қимыл-қозғалысы кезінде санның алдыңғы жағындағы бұлшық еттер жиырылады.
Қазақы киімді кастерлеу әрі құрмет тұту елдің кемеліне келген өскелең өмірін танытады. Онын, қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени-тарихи өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені қазақ киім-кешегі - ұрпақтан ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген мұра. Қазақта, әсіресе бас киім ерекше қастерленген. Оны осы кезге дейін аса құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жауып, бөрік кигізетін дәстүрден де аңғаруға болады. Соның ішінде сәукелеге тоқталайық. Сәукеле - киелі деп есептелетін, ерте заманнан бері келе жатқан қалындықтың бас киімі. Ол жөнінде көптеген дастандарда, аңыздарда
айтылған. Сәукелеге ұқсас бас киімдерді археологтар ортағасырлық мүрделерден де кездестірген. Үйлену салтанатына арнап қалыңдықты жасандырғанда әдетте оның басына маңдайлық, желкелік, жанамалар қыстырылатын қатырма ретінде биіктігі 20-30 см болатын бағалы аң терісімен көмкерілген сүйір бөрік кигізетін де, үстін сәукеленің өзін қондыратын болған. Сәукеле інжу, маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп, әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп, түрлі түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленеді. Алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Сәукелеге міндетті түрде жұқа ақ желек жабылатын болған. Ол беташар айтылғанда қалыңдықтың жүзін, бүкіл денесін жауып, төгіліп тұратындықтан, қыздың дене пішінін өте нәзік, сымбатты етіп көрсетеді. Қазақта салтанатты киім мен күнделікті киім-кешектің пішінінде айырмашылықтар бола бермейді. Салтанатты киімнің бітімі сыпайылау, тігісі жатық, зерлі, кестелі, басына киетіндері көтеріңкі, аяқ киімдері шоңқайма, биік өкшелі, қайқы тұмсықты, таптаурындаған, түрлі түсті қайыспен, таспамен өрнектелген, зерлі жіптермен кестеленген болып келеді. Оның үстіне салтанатты киім-кешекті алтын, күміс жалатқан қапсырма, белдік, алқа, шолпы, сақина, білезікпен киетін болған. Күнделікті киімге тоқыма шекпен, қолда бар мата - бөз, кенеп, шыт, сөтен, қолдан ұқсатылған тері, көн секілді қарапайым материалдар жаратылса, салтанаттық киім-кешекке барқыт, масаты, мәуіті, шұға, жібек, қырмызы, бәтес, мақпал кездемелері, кәмшат, сусар, бұлғын, құндыз терілері, бұлан немесе бұғы күдерісі, жылқы шегірені пайдаланылған.
Енді ұлттық киім киген тұлғаларды бейнелеп көрейік.
Үйге тапсырма беру: Ұлттық киім үлгісінде адам тұлғасын бейнеле.
Сабақ: №17
Сабақтың тақырыбы:
Сүйікті кейіпкерлерді бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Адам тұлғасының өн бойымен яғни, адам тұлғасының
анатомиясымен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып,
ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Суреттің қағазға орналасуын, композициялық құрылымын алғашқы долбар сызықтармен шешкеннен кейін кейіпкердің құрылысын тұрғызуға көшеміз. Сурет салу кезеңінде жалпы белгілеуден жекеге көшу заңдылықтарына сүйенеміз. Ең алдымен үлкен бөлшектерге пропорциялық қатынастарды анықтай отырып, адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анықтауға көшеміз, көлеңкесін айқындаймыз. Адам тұлғасының өн бойын мұқият байыппен қарар болсақ, бастан табанға дейінгі аралықта жарық біртіндеп қоюланып, көлеңкеге ұласады. Осы ерекшеліктерді есте сақтаған жөн. Адамның скелеті оның қаңқасы болып табылады. Скелет, омыртқа желісімен біріктірілген сүйектерден тұрады. Иілмелі омыртқа жотасы қозғалмайтын ірі үш бөлікті – басты, көкірек клеткасын, жамбас сүйектерін біріктіреді. Көкірек клеткасымен екі қол байланысқан. әрбір қол негізгі үш бөліктен тұрады, олар: қолдың басы, білек, қар. Жамбасқа екі аяқ жалғасқан, аяқ та үш бөліктен тұрады: сан, сирақ, табан. Адам тұлғасын бейнелеуде оның формасы мен пропорциясына назар аударған жөн. Бейнелеу өнері жанрларының әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар және ол суретшінің айрықша дарынды болуын тілейді. Портретте ұқсастығын ғана беріп қоймай, суретші сонымен бірге бейнеленген адамның сырын, оның ішкі дүниесін ашу керек.
Енді өздерің қалаған сүйікті кейіпкерлеріңді таңдап, олардың тұлғасын, бет-әлпетін ұқсатып бейнелеуге тырысамыз. Сүйікті кейіпкерлерге қазақтың ақын-жазушылары, әншілер, кино актерлері және тағы басқа тұлғалар жатады. Оқушылар өздеріне ұнайтын сүйікті кейіпкерлерін таңдап, оны салуға ынтасымен кіріседі. Сонда ғана оқушылар адам тұлғасының ұқсастығын көрсете алады.
Үйге тапсырма беру: Сүйікті кейіпкеріңді бейнеле.
Сабақ: №18
Сабақтың тақырыбы:
Сәндік қолданбалы өнер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы
оқушыларға жалпы мағлұмат беру, таныстыру.
ә) Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау
қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке
тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |